нейтрофилдер
306 Өмірлік көрсеткіштер бойынша операция жасалады? жалғасқан қан кету
307 Операция кезінде қан кетуде және жалпы, жедел қан кетуде қан құю жасалады? қанның
308 Егер науқаста флегмонаны ашқаннан кейінгі 3-4 тәуліктерде жоғарғы температура және қалтырау сақталса, төмендегілердің қайсысын орындау қажет? қан құю және жараның ревизиясы(тазалау)
309 15 жастағы науқаста бетіндегі безеуді сыққаннан кейін жергілікті тіндердің тығыздалуы және терісінің қызаруы, дене температурасының 38 °С дейін жоғарылауы байқалған. Объективті: ауыз- мұрын үшбұрышы аймағындағы терісі қызарған және ісінген. Пальпация кезінде дөңгелек пішінді ауырсынатын тығыздалған тін анықталды, көлемі 2*2см, жұмсару белгілері жоқ. Сіздің қояр диагнозыңыз? қабыну инфильтраты
310 Операциядан кейінгі өкпелік асқынулардың профилактикасына бағытталған шара? тыныстық гимнастика
311 Ішекті операция алды кезеңде дайындауда қолданылады? тазартушы клизма
312 Науқас Л., 42 жаста, хирургқа оң жақ шап аймағының ауырсынуына, дене температурасының фибрильді сандарға дейін жоғарылауына, бас ауыруына шағымданады. Обьективті: Оң жақ шап аймағында қатты ауырсынатын инфильтрат анықталды, тіндері ісінген, терісі қызарған, орталығы жұмсақтау, флюктуация симптомы оң мәнді. Қанның клиникалық анализінде- нейтрофильді лейкоцитоз. Болжам диагноз? лимфаденит
313 Науқас 31 жаста, дене температурасының 38 °С дейін жоғарылауына, бел аймағының ауырсынуына, ісінуіне шағымданады. Қарау кезінде оң жақ бел аймағында ауырсынатын 5*6см көлемдегі инфильтрат табылды, үстіндегі терісі қошқыл қызыл түсті, орталығында көптеген іріңді-некротикалық жыланкөз көп көлемді іріңді бөлініспен. Болжам диагноз? бел аймағы карбункулы
314 Операциядан кейінгі тромбоэмболиялық асқынудың болу себептері, мынадан басқасы жүдеу
315 Науқас П., 25 жаста, оң жақ жамбас аймағындағы ауырсынудың болуы, дене температурасының 39 °С дейін көтерілуі шағымдарымен хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Анамнезі бойынша 9күн бұрын оң жақ жамбасынан ауырсынуды басу үшін анальгинмен бұлшықет ішілік иньекция жасалған. Объективті: оң жақ жамбастың жоғарғы- сыртқы квадрантында көлемі 5*4см ауырсынатын инфильтрат анықталды, үстіндегі терісі қызарған, ұстағанда ысқылтым. Дұрыс диагноз қойыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |