Ескерту : тақтаға оқушылардың аттары мен сабақ турлары жазылған сызба сабақ басталмай ілінеді де, астына ұпайлар жазылған арнайы жапсырма қағаздар қойылады. Скиперлер ұпай санын ілуге көмектесіп отырады. Әр турдан кейін интербелсенді тақтадағы мадақтау сөздер көрсетіледі.
І тур; 0‑2 ұпай. «Қайталау‑оқу анасы» ( Қоржынға салған асықтардың саны сыныптағы оқушылар санына негізделеді,әр оқушы сол сұраққа жауап береді.Интербелсенді тақтадан жазылған сұрақтар көрсетіледі )
Сан есімнің түрленуі.Мысал келтіріңіз.
Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
Зат есімнің жіктелуі. «Оқушы» сөзін жекеше түрде жіктеңіз.
Сөйлемде есімдік қандай қызмет атқарып тұр ?
Мен бала кезімдегі «Серектасымды» сағындым.
Сын есімнің түрленуі.Мысал кетіріңіз.
Септік жалғау.
Зат есімнің түрленуі.Мысал келтіріңіз
Өзен,сай,кереге,құйын,кітап сөздері жіктеле ме?
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.
Жалпылау есімдігінің түрленуі.
Салыстырмалы шырай дегеніміз не ?
Көптік жалғау.
Шәкен айтты.Шәкен айтыпты дегенде қосымшадағы айырмашылық не?
Болымсыздық есімдігінің түрленуі.
Реттік сан есім жұрнақтары.
Зат есімнің мағыналық түрлері.
Шәкен Баянауыл топырағында дүниеге келген( кейінді ықпалды табыңыз)