34 орта мектебі т ә рбиеса ғ а т ы


Өткізген: Сагингалиева Б.Т



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі336,06 Kb.
#36649
1   2

Өткізген: Сагингалиева Б.Т.

5 «А» класс

Ақтөбе - 2016

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»  Класы: 5 «А» Мерзімі: 19.03.16


Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2016» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Бәрі бірге:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Ата –ана: (Қызыр баба)

Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
Хор: «Наурыз – біздің әніміз».
Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!
Ерасыл:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Наурыз көктем» Давлетқалиев Әділет


Ислам: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Ақерке: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Би: «Қамажай»


Аслан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз

«Сақина салу» ойыны


Сұрақ - жауап
1 -Наурызды қалай түсінесің?
Күтілетін жауап: Наурыз – жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту.
Наурыз көже неден жасалады?
Күтілетін жауап: Ет, сүт, тұз, кеспе т. б.
2 - Ұлттық киімдерді ата?
Күтілетін жауап: Камзол, мәсі, тақия, көкірекше, сәукеле, шапан, кимешек т. б.
Ұлттық ойындарды білесіңдер ме?
Күтілетін жауап: Сақина салу, арқан тарту, асық ойнау, бәйге, ақсүйек, аударыспақ, орамал тастау, қазақша күрес, қыз қуу т. б.
3 - Қазақ ұлтына тән тойларды атаңыз.
Күтілетін жауап: Бесік тойы, сүндет тойы, тіл ашар тойы, беташар, қыз ұзату, үйлену тойы т. б.
Наурыз қай мезгілде және Наурызда қандай ерекшеліктер болады?
Күтілетін жауап: Көктемде, жаңбыр жауады, күн жылынады, Наурыз тойы тойланады, күн мен түн теңеледі.

1-жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Күй: «Айжанай»

Али: Ақпан кетті араз боп наурызбенен,
Наурыз жүр жоғалаған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Би: «Қара жорға»
2-жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр».


Ән: «Қазақы дастарханы» Минжасар Аян, Наренбаев Ерболат

2-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.

Білектесу



1- жүргізуші: Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын, халайық!
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.

2-жүргізуші: Наурыз тойы – тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса

Би: Қазақша би

1-жүргізуші: Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!

2-жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.


Күй : Нурдаулетқызы Назкен
1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !

2-жүргізуші: Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.
Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау!- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

әні: Т.Сарыбаевтікі

сөзі: М.Мақатаевтікі
Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

 

Наурыз, наурыз күні игі,



Күні игі жердің түрі игі!

Бауыры жылып науат қар,

Бабымен ғана жібиді.

Наурыз, наурыз күні игі,

Күні игі жердің түрі игі!

Шашылып ырыс шанақтан.

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі!

 

Осынау игі кең жерге,



Наурыз айы келгенде.

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де арманда,

Арманда оны көрген де.

Келіп ем өмір-орманға,

Наурыз айы келгенде.




2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.


1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,


Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»


Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.


1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,


Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,


Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,


Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,


Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,


Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,


Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.


Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................

Өлеңді жалғастыр


................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,


...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,


Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,


Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!


1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,


Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

«Қош келдің, Наурыз» мерекелік шара

«Сүгір-ай» күйі ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, Құрметті әріптестер, шақырылған қонақтар! 


Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын! 
Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы. Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз! 
Наурыз келді, көктем келді ағайын, 
Жадырайды, жаңғырады маңайым. 
Назды, сазды науан Наурыз, армысың? 
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,


Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың. 
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше 
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік дастарханымызды бастауға рұхсат етіңіздер. . «Көңілашар» күйі. 

Жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,


Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. 
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, 
Ризығың болсын көл – көсір! 
Қашанда құт – береке орнасын деп, 
Тойларда шашу шашу - салты елімнің. 
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, 
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! (Әже шашу шашады)

Жүргізуші:Ал, халайық, тұрмайық, 


Әндетейік жырлайық! 
Ортамызды ашайық, 
Ырыс тілеп бұл жылға, 
Жырдан шашу шашайық!

Құрметті қонақтар бүгінгі мерекелік дастарханымыздың ерекшелігі ауыл-ауыл болып сайысқа түсеміз. Олай болса,


Бірінші: Төле би ауылы
Екінші: Қазбек би ауылы
Үшінші: Әйтеке би ауылы

Енді сайыс турларымен таныс болайық:


1. Таныстыру 
2. Салт-дәстүрден көрініс 
3. Қазақы бұрышқа естелік 
4. Дәмді көже
5. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» 
6. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Білектесу».
7. Сұрақ-жауап
8. Ұлттық тағам

Әділ – қазы береді, 


Өздеріңе сыйлықты. 
Бізге айтып береді, 
Кім өнерлі, кім мықты? - деп ауылдарымызға әділ баға беретін өзіміздің балабақшамыздан зейнеткерлікке шыққан апайлар. Олай болса, әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін. 
1. Мария апай
2. Гүлзия апай
3. Алтынай апай
4. Бақтылы апай

Жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,» 


Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы. 
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Танысып отырайық ауылдармен келесі-деп ауылдармен таныса отырайық. 

Наурыз мерекесімен құттықтау үшін сөз ардагер апайларға беріледі. 

Қонақ кәде сұралады.

Жүргізуші: Әріптестер өнеріне таңдана


Қол соғайық таң қала!
Жұмыс-жұмыс деп жүріп
Наурыз қызығынан құр қалма!-деп келесі бөлім салт-дәстүрден көрініс. 
Келесі құттықтау үшін сөз Роза апай, Манар апай, Ертай ағай, Нұрзила апай, Ұлжан апай, Қарашаш апайларға беріледі. 
Жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен. 
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, 
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Келесі бөлім қазақы бұрышқа естелік бөліміне береміз. 

Келесі құттықтау үшін сөз Бисенгүл, Жанар, Алтай ағай, Мереке ағай, Айжан апай, Элмира апай, Жаңыл апай, Нұргүл апайларға беріледі.


Наурыз-шыр айналған жылдың басы,


Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарқанға толған асы-деп «Дәмді көже» бөліміне береміз. 

Жүргізуші:Саусақтары майысып, 


ою ояр жайғасып, дей отыра, - келесі бөліміміз «Ою ойғанның ойы ұшқыр» бөліміне береміз. Ортаға ауылдарымыздан келген өнерлі қыз-келіншектерімізді шақырамыз. Әр ауылдан бір келіншек. Ою ойып, оюдың атын, қайда пайдаланады түсіндіріп береміз.

Жүргізуші: Өмірін өте келе шал боларсың,


Томардай отқа түскен дал боларсың.
Ойнап-күл елмен бірге Наурызда,
Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың.

Қазақтың тойы, мереке-мейрамы балуандар күресінсіз, күш сынасусыз өтпеген. Қазір балуандар күресін өткізбесек те, білек сынастырып, жігіттеріміздің мықтысын тағайындайық. Ортаға батыр жігіттерімізді шақырамыз. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Білектесу».

Жүргізуші: Келесі бөліміміз сұрақ-жауап. Фигурада сұрақтар берілген. Кезекпен-кезек жауап береміз. 

Жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,


Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Соңғы бөліміміз «Ұлттық тағамға» кезек берейік. Ауылдар кезекпен әділ-қазы алқасына дайындап алып келген тағамдарын ұсынады. 
Біздің бүгінгі «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік дастарханымыз аяқталуға жақын. Сондықтан ауылдарға бағаларын беру үшін сөз әділ-қазы алқаларына сөз беріледі. 
Мерекелік дастархан соңында ауылдар ақсақалдарынан «Наурыз бата» сұраймыз.

22 наурыз мерекесі құтты болсын!
Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!
Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! 
Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын!
Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың!
Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын!
Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін!
Көк Тәңірі нұрыңды аяма,
Жер тәңірі ырысыңды аяма!
Әділ жанды тағынан тайдырма,
Әз халықты бағынан айырма.
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!
Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! 
Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін,
Қариялар кемсеңдеп бата берсін.
Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, 
Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін!
Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын!
Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!


Мақсаты: 
1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, шарлар, гүлдер, көбелектер, нақыл сөздер.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық кезең
Кіріспе сөз
Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі лер және ата-аналар өз балаларының өнерін тамашалау. Міне, сыныбымыздың «Қош келдің, әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.
Бәрі бірге:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Ата –ана: (Қызыр баба)
Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
Хор: «Наурыз – біздің әніміз».
Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!
Оқушы:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Оқушы: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Оқушы: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз
Оқушы: Ақпан кетті араз боп наурызбенен,
Наурыз жүр жоғалаған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
«Қара жорға» биін орындау
«Наурыз көже» қалай жасалады?
(сұрақ – жауап арқылы нақтылау) Ата-аналарға сөз беру, наурыз көже туралы айтып береді.
Слайд: «Наурыз қалай тойланады?» суреттерді тамашалау.
«Наурыз бата» туралы түсінік беру.
Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.
Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау!- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет