Адамның тірек-қимыл жүйесінің приматтардан айырмашылығы
Кеуде қуысы едәуір жайпақ, ал жамбас сүйектері тостаған тәрізді болды.
Адамның иықтары едәуір дамыған. Кеуде қуысының жалпақтығы ұзын және едәуір терең болады.
Табан күмбезі пайда болады.
Қолды төмен түсіріп айналдыру үшін білек бұлшық еттері дамыған.
Бас бармақ басқа саусақтарға 90° бұрышпен орналасады.
Мимикалық бұлшық еттер мен тіл бұлшық еттері жақсы дамыған.
Айырмашылықтардың себептері Айырмашылықтар екі себепке байланысты дамыды:
еңбек ету;
тік жүру.
Анатомиялық жағдаяттар Дескриптор: Бұлшық
Он алты жасқа толған дос қызының туған күн мерекесіне Лаура анасының биік өкшелі туфлиін киіп барды. Жүруге ыңғайсыз болса да, өзін ересек, бақытты сезінді.Мерекелік дастарханнан кейін достары биледі. Ал Лаура аяғының ауырғанынан туған күнді диванда отырып өткізді.Дос қыздары «Ештеңе етпейді, үйренбеген соң ондай болады»- деп жұбатты.Бірақ Лаураның көңіл-күйі бұзылып кештен көңілсіз қайтты
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, биік өкшелі аяқ киім кию адам денсаулығына әсер ете ме?
Анатомиялық жағдаяттар Дескриптор: Бұлшық
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, биік өкшелі аяқ киім кию адам денсаулығына әсер ете ме?
Жауабы: Биік өкшелі аяқ киім киіп жүру дене сымбаты мен адам жүрісіне ерекше кері әсер етеді, ағзаның ішкі мүшелерінің қызметіне, дене сымбатының деформацияға (формасының өзгеруі) ұшырауына алып келеді.Биік өкшенің әсерінен дене салмағы аяқтың басына түседі, тізе мен жамбас сүйектері бүгіліп, бөксе сүйектерінің қалпына, ішкі ағза мүшелерінің орналасуына кері әсер етеді.Сонымен бірге жасөспірімдерде жалпақтабандылықтың дамуына да себеп болады.Табанның көлденең күмбез тұсы ауыр салмақтан тегістеліп, аяқ жалпақтанып сүйел пайда болады.
Анатомиялық жағдаяттар Дескриптор: Бұлшық
Тоғызыншы сынып оқушысы Орынгүл дос қызы Самалды бір ай бойы кешке серуендеуге үйінен шығара алмады.Самал сабағының көптігін, қызықты кітаптар мен телебағдарламалар көргісі келетінін айтып, таза ауада серуендеуге келіспеді. Айдың аяғында Самалдың басының ауырып, тез шаршайтындығына шағымдана бастады.Мұны естіген Орынгүл дос қызын өзі қатысатын гимнастика секциясына ертіп барды.Секция тренері: «Сенің дене сымбатың қандай қандай еңкіш еді, мүмкін дене шынықтырумен тіптен айналыспайсың-ау деймін. Кітап пен теледидар алдынан кетпейтін қыз болдың ғой. Жарайды, мұнда саған көмектесеміз» - деді.
Сұрақ: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының бұзылуына не әсер етті деп ойлайсыздар?
Анатомиялық жағдаяттар Дескриптор: Бұлшық
Сұрақ: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының бұзылуына не әсер етті деп ойлайсыздар?
Жауабы: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының еңкіш тартуына басты себеп дене белсенділігінің жетіспеуі, таза ауада қажетті мөлшерде серуендемеуі және шамадан тыс шаршау болып отыр.Осылардың салдарынан өзін-өзі нашар сезіну, денсаулығының бұзылуы туындауда.Сонымен бірге С-ның дене мүсінінің бүкіреюі, еңкіш тартуы оның аз қимылдағанынан да арқасының бұлшық еті әлсіз дамыған және төрт жерден иілетін омыртқа жотасының қисаюы.
Жалпақтабандылық
Жалпақтабандылық
Бейнеролик
https://youtu.be/Y6IEd0zSlcE
Тапсырма Дескриптор: Бұлшық
Адам Приматтар
Адам мен приматтар қаңқасының ұқсастығы мен ерекшеліктерін көрсетіңіз:
Дескриптор:
Суреттен адам мен приматтардың қозғалыс мүшелерін салыстырады,талдайды.
Қозғалыстың маңыздылығын түсінеді.
Сурет Дескриптор: Бұлшық
Жауабы Дескриптор: Бұлшық
Үйге тапсырма: Дескриптор: Бұлшық
Тік жүрудің маңызы.Эссе.
36-37 тақырыптарына ауызша дайындалу.