37.Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студенттерге жеке тұрғыдан қарауды түсіндіріңіз
Қазіргі жағдайда ғылымның, техника мен экономиканың дамуы кез келген елдің қоғамының тұрақты өсуін қамтамасыз ету-дегі негізгі факторларының бірі-білім беру-дің тиімді жүйесі болып табылады. Барлық қызмет саласындағы қарқынды өзгерістер күрделі процестерді іске асыруга қабілетті инновациялық түрде ойлайтын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда жаңа продуктивті тәсілдерді талап етеді.
Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің міндеті күтпеген жағдайлардатез, әрі білімді шешім қабылдайтын, өз ісін жетік білетін және әр істе белсенді шығар-машылық жасауға қабілетті, кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде жалпы білім беретін мекемелерде оқытудың сапа-сын көтеруге зор көңіл бөлінуде. Осыған орай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім.
Соның бірі – оқытудың модульдік технологиясы. Технологияның түп нұсқасы модульдік сипатта (модуль дегеніміз –қан-дай да бір жүйелік, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі).
Модульдік технология – дегеніміз оқулықтағы әр компоненті (мәтіндер, сұрақтар, жаттығулар) бір жүйенің бөлшектері ретінде қарастырылады және оқулық қызметтерін жүзеге асыруға тиіс.
Модульдік оқыту технологиясы өздігінен білім жетілдіруді жүзеге асыратын және де тек жұмыс қарқынын реттейтін ғана емес, сонымен қатар оқу материалдарының мазмұнын да реттейтін жекелей - саралап оқытудың бір бағыты болып табылады. Модульдiк технология студент өз бетімен толық және ішінара мақсатты дараланған бағдарлама бойынша оқып үйренетін білім беру процесін түрлендіреді.
Оқытушы жаңаны түсіндіреді, студенттерге өздік жұмысқа тапсырмалар береді, сосын өзі бір студентпен тақтада жұмыс жасайды. Әр сабақта оқытушы бір нәрсеге үйрете отырып (жаңаны түсіндіреді, көрсетеді, жаттықтырады), жеке жұмыс жасайды (өздік жұмысты бақылайды, студенттерді өздік жұмыстан кезекпе-кезек босатып, жеке жұмыс жасайды). Студенттер бұл уақытта үш режимде жұмыс жасайды: оқытушымен біріге, оқытушымен дара, оқытушы бақылауымен өз бетімен. Студенттердің өздік жұмысы үйде жалғасады.
Модульдік-рейтингтік жүйе оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді әдістердің бірі және студенттердің жұмысқа деген қызығушылығын оятады. Бұл жүйе оқытудың жетекші мақсаты ретінде өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамытуына репродуктивті білімді алумен байланысты. Мұның өзі адекватты (дұрыс) өзін-өзі бағалауы дамиды және білімді бағалаудағы объективтілікті жоғарылатады. Модульдік-рейтингтік оқыту жүйедегі жетекші рөл төмендегі мақсаттармен байланысты:
1) Соңғы алынған нәтиженің жоғары деңгейге жетуі;
2) Студенттің жұмысқа деген комфортты жылдамдығы;
3) Студенттердің өз мүмкіндіктерін анықтай алуы;
4) Оқыту мазмұнының оңтайлы құрылуы;
5) Оқытудың түрлері мен формаларының интеграциясы [5, 14].
И. Унт тұжырымдамасында өздік жұмыс үшін дербес оқу тапсырмаларын орындауға басшылық ету деп қарастырады.
А.С. Границкая бойынша сабақта ерекше сызықтық емес түрде құру: бірінші бөлім – барлығын оқыту, екінші бөлім – екі процесті қамтиды. Студенттердің өздік жұмысы мен оқытушының жекеленген студенттермен дербес жұмысы. Тірек схемаларын пайдалану, жұппен жұмыс жасау, бейімделген көп деңгейлі тапсырмаларды орындау іске асырылады.
В.Д. Шадриковтың айтуынша әрбір студенттің қабілетіне қарай оқытуды көздейтін алты деңгей үшін оқу жоспары, бағдары және әлеуметтік құралдар жасалған қиындықтың алты деңгейі барлық студенттерді қамти отырып, әрбір студенттің қабілетіне қарай бейімдеу арқылы оқу процесін ұйымдастыруды көздейді [5, 13].
Қазіргі таңда кредиттік оқыту жүйе-сіндегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру рөліне көңіл бөлінуде. Сондықтан біз кредиттік жүйеде білім алатын студенттердің бейнесін сипаттауды жөн көрдік. Олардың дәстүрлі оқыту жүйе-сінен айырмашылығын көрсету және білім беру жүйесіндегі кредиттік оқыту бары-сында студенттің өздік жұмысын ұйым-дастыру мәселелерін де қарастыру қажет. Олай болса, студенттердің өздік жұмыс-тарын ұйымдастыру және өздік жұмысты орындауда іскерлік, дағды мен икемділік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйе-сінде маңызды орын алады. Кредиттік оқы-ту жүйесіндегі студенттердің іс-әрекетін төмендегі кестеден (4 кесте) көре аламыз.
39. Компьютерлік оқыту технологиясын қолданудың психологиялық- педагогикалық негіздеріне тоқталыңыз.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметінің есептеуіш техниканың техниклық және инструментальды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын териялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыбалаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ-адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Баланың өзінетән балалық іс-әректінің меңгеруі барысында оның жеке басының себеп-салдарлық құрылысы қалыптасады. Іс-әрекетінің тәжірибесін жалпылау жүреді, қоршаған орта туралы динамикалық дамуы жинақталады. Бұның барлығы өзінің әрекетінде мақсатқа жету шартында баланың бағытына көмек жасайды
40.Дербес әдістемелік пәндерді оқытуда оқытушының кәсіби дайындығын өз сөзіңізбен жазыңыз.
Жалпы, пән мұғалімдерінің теориялық және әдіснамалық дайындығы оның кәсіптік жарамдылығының көрсеткіші бола алмайды. Мұғалімнің білімдерді қалай алып, меңгеруге болатынын және оларды қай жерде қалай тиімді пайдалану жолдарын білуінің, қандай дәрежеде өзінше ойлап, дұрыс қорытынды шығара алатындығының маңызы зор. Сондықтан, олар жаратылыстану білімдерінің құрылымы мен атқаратын қызметін, логикалық ойлаудың заңдары мен ережелерін, ой қорыту тәсілдерін меңгеру арқылы, оның ғылыми заңдылықтары мен ғылыми теориялардың дұрыстығына көз жеткізуі немесе оны теріске шығаруы, ғылыми зерттеу әдістерімен қарулануы қажет.
Сонымен қатар, технология пәні мұғалімдерінің аталған білімдерді өздері меңгерумен бірге оқушыларға қалыптастырудың да теориясы мен әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Бұл жағдайда оқушылардың теориялық-әдіснамалық білімдерін жетілдіру мақсатында технология пәні мұғалімін әдейі арнап дайындау арқылы, оқушыларға терең және жүйелі білімді қалыптастыруға, олардың жасампаздық белсенділігін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Демек, мұғалімдер қауымы пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, білімді терең және жан-жақты игерудің жолдарын, технология пәнінің ғылыми негіздерін меңгеру мәселелерін, шәкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамыту сияқты оқытудың ең тиімді түрлерін қарастырғанымыз жөн. Дидактиканың түрлі нұсқаларын қолдана отырып білімдарлық құрылымды көтеру мүмкіндігін игеру, тәжірибелік дәйектеменің жаңа идеясы мен технологиясының ғылыми негізін жасау, жаңа тұжырымдамалар мұғалімнің кәсіби дайындығын жақсартуды талап етеді.
Білім берудің жаңа жүйесінің басты ерекшеліктеріне мыналар жатады: әртүрлі деңгейдегі білім беру мен кәсіби іс-әрекетін жобалауға қабілетті педагог дайындау. Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті түрде жаңа бағыттағы идеялар мен технологияларды игеруді және сол білімдарлық технологияны меңгеруге дайын болуы керек.
«Қалай оқыту керек?» - дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Оның айқындаушы рөлін « мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары » көрсетеді.
Болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық даярлығы жоғары оқу орнында пәндердің мынадай төрт жүйесі арқылы жүзеге асатындығы белгілі [4]:
1) қоғамдық-саяси;
арнаулы ғылыми;
психологиялық-педагогикалық;
ғылыми-әдістемелік.
Оқушыларға әр түрлі пәндерді оқыту жағдайларында әрбір мұғалімнің міндеті – өз пәні бойынша білімдер мазмұнын игертуді ғана қамтамасыз ету емес, сонымен бірге қоршаған ортаның құбылыстары мен заңдылыктары жөніндегі әр түрлі пәндер бойынша алған білімдерін біріктіруге ықпал ету. Тек осы жағдайларда ғана игерген білімдерін өз бетімен қолдана алады. Практикалық іс-әрекетте пайдалану жолдарын, әдістерін меңгереді.
Оқыту табысты болу үшін оқытушы мыналарды терең игеруі тиіс :
бір ғана ұғымның әр түрлі жақтарының арасындағы байланыс пен қатынасты ашу іскерлігін;
оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша алған білімдерін, ғылыми көзқарастарын бірыңғай жүйеге келтіру біліктілігін.
Теориялық оқыту оқушылардың кәсіби дамуына үлкен ықпал етеді: бұл – кәсіби есте сақтаудың және кәсіби ойлаудың дамуы, ақпаратты қабылдау тетіктері, қырларының өзіндік дамуына қосылған үлес.
Кәсіпке теориялық оқыту кәсіби тәрбиеге де елеулі үлес қосады. Бұл ең әуелі кәсіби оң бағытталушылыққа тәрбиелеу – тандап алған кәсіпке ұнатушылыққа тәрбиелеу; кәсіби еңбек сапаларын қалыптастыру. Бұл – тұлғаның кәсіби-коммуникативтік, кәсіби-эстетикалық, кәсіби - дене сапаларын қалыптастыруы.
Кәсіби даярлықтың біліктілік деңгейіне байланысты практикалық даярлыктың ойлау біліктілігіне қосатын үлесі әр түрлі. Жалпы білім беруде ойлау біліктілігіне практикалық даярлықтың қосатын үлесі ерекше болып келеді. Қоғамның алдына қойып отырған өскелең әлеуметтік талаптарды қанағаттандыра алатындай жас жеткіншіктерді оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсартудағы негізгі тұтқа болып табылатын муғалімдердің кәсіптік дайындығына байланысты. Болашақ технология пәні мұғалімдерін дайындау сапасын көтеру педагогикалық университеттерде жүргізілетін физика-математикалық, педагогика-психологиялық, қоғамдық-саяси т.б. пәндерді оқыту тиімділігін арттыруға байланысты екендігі түсінікті. Ғылым мен техникалық прогрестің даму қарқынына ілесіп отыру үшін, болашақ технология пәні мұғалімінің жоғары оқу орындарында алған білім негіздерінің қоры, оның кәсіптік жарамдылық деңгейін толық анықтай алмайды. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі оның логикалық ойлау қабілетінің дәрежесі мен әдістемелік дайындығының сапасына тікелей байланысты (1-сурет) [5].
Оқу үдерісінде компьютерді пайдаланып оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге - оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті құрал көзі болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы кәсіби бағытта білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында, ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.