37. Еббқ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы: тұжырымдамасы, бағдарламаның бөлімдері, рәсімеу, қашан және кім бекітеді, қалай қолданылады, өзгеріс кезеңі



бет2/3
Дата11.05.2022
өлшемі25,85 Kb.
#142670
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
инклюзив37-40

38. Инклюзивті білім беру мекемесі жағдайында ЕББҚ бар балалардың ата-аналарымен жұмыс. ЕББҚ бағалаудың барлық кезеңдеріндегі ата-аналармен жұмыстың мазмұны мен формалары.

Көптеген ата-аналар педагог немесе тәрбиеші уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 2–3 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Егер интеллекті толық сақталған мүгедек балалар туралы сөз болса, олар әдетте, оқыту барысында педагогты барлық қалған балалар тобын тоқтатып қоюға мәжбүрлейтіндей ешқандай қосымша қажеттіліктерді талап етпейді.


Қажеттіліктері шектеулі балалар үшін, жалпы негізде алған мектепке дейінгі білімі – бұл мүгедек балалардың көпшілігі амалсыздан тап болатын әлеуметтік-психологиялық сипаттағы көптеген қиындықтан құтылудың нақты мүмкіндігі.
Барлық мамандардың баланың ата-аналарымен тығыз байланысты ұйымдастыру – ДМШ балалардың МДҰ-ның жалпы дамыту тобында инклюзивтік білім алуының тиімді шарттарының бірі болып табылады.
Инклюзивтік топтарда ата-аналар оқыту мен тәрбиелеудің тікелей үдерісіне тартылады, олар баланы дербес түзете-дамыту қызметінің белсенді қатысушылары.
Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық-педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.
Ата-аналар балаларды дербес дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысады, мамандардың тапсырмаларын орындайды, зерделенген материалдарды үй жағдайларында бекітеді, дамуында бұзушылық бар балаларды қажетті түзеу көмегімен қамтамасыз етеді
.Психологтың ата-аналармен жұмысының негізгі мақсаты, олардың өз баласының ерекшелігін сезінуі және оларды тәрбиелеу үдерісі мен түзеу-дамыту жұмыстарына белсенді қатыстыру.
Ата-аналардың ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды мамандандырылған емес, жалпы дамыту топтарында оқыту пайдасына таңдау жасаулары балаларды отбасында тәрбиелеу мен дамытудың белгілі бір жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша қосымша міндеттемелерінің болуын көздейтінін түсінгендері жөн. Ата-аналарға педагогтармен және мамандармен тұрақты, белсенді байланыс жасау, баламен үнемі және толыққанды араласудың дамытушы микро әлеуметтік тұрмыстық ортасын құру жөніндегі барлық тапсырмалар мен ұсынымдарды орындау, қажетті түзеу көмегін қамтамасыз ету жауапкершіліктері жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет