Оқытудың мақсаты: Білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
7-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) "Компьютердің құрылғылары". Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады);
2) "Программалық қамтамасыз ету". Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру. Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар. Мұрағаттарды құру және ашу;
3) "Компьютерлік желілер". Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша);
4) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару;
5) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу. Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толтыру. Деректер типтері. Формулалар енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;
6) "Алгоритмдер". Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау;
7) "Программалау". Файлдарды оқу және жазу;
8) "Ақпараттық қауіпсіздік". Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау;
Оқыту міндеттері:
білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;
ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;
білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;
білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
7 сынып
|
2
|
1
|
2
|
1
|
Түсінік хат
2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) https://adilet
2.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
3.«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
4.«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.
5.«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқу ағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқуағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен).
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 2-қосымша берілген үлгі бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырылды.
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген: Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес: 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |