3ds Max бағдарламасы қазіргі таңда ең қажетті компьютерлік графикада қолданатын бағдарламаның бірі болып табылады


D MAX БАҒДАРЛАМАСЫНДА ОТАНДЫҚ ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ МУЛЬТФИЛЬМ ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ



бет5/15
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
жоба шыг

2. 3D MAX БАҒДАРЛАМАСЫНДА ОТАНДЫҚ ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ МУЛЬТФИЛЬМ ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ


2.1 Сахналық сценарий жазу

Жалпы кино, мультфильм саласында болсын сценарий жазу аса маңызды әрі жауапты кезең. Мультфильмнің дұрыс шығуы оның сюжетіне тікелей қатысты. Фильмнің айтар ойы анық көрерменге түсінікті болуы шарт. Оның ұзақтығы аса маңызға ие болмайды. Сонымен сценарий дегеніміз не?


Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.
Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.
Киносценарий XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.
Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын мамандар жоқтың қасы. Сценарийді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс. Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады. Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Интернет-ресурстар қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тартымды болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.
Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және материалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценарийді жазудан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценарийлер жазатын сценаристің әмбебап болудан басқа амалы жоқ. Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.
Ақпараттық сценарийлерді жазуда интернеттің көмегі шексіз. Алайда, қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын уақыттың 2/3 бөлігі жұмсалады. Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпылама сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.
Тақырып – бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея – бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.
Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше фильмге арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс. Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу мен кейіпкерлерді таңдаудан тұрады. Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады.
Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: «Автор композицияның көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге болады». Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.
Экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) – шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.
Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. «Егер сценарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады» деген пікірдің де жаны бар. Кейбіреулер мынадай пікір айтады: «Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті, ал актерлер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі».
Кинематографияның бейнелі қалпында жүзеге асуы мен мәтіннің жанрлық табиғатын ұйымдастыру осы 4 құрылымдық компонентке негізделеді. Филъмнің жанрына байланысты (детективті, деректі, тарихи, фантастикалық, т.б) 4 құрылымдық компоненттің бірі алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, деректі филъмде комментатор дауысы немесе түсіндірме жазбалар маңызды рөл атқарады. Ойындық филъмдерде бейнелілігі мен айқындығы тұрғысынан алғашқы қатарға кейіпкер әрекеті, монолог, диалог және ремарка шығады. Сценарийлердің көп бөлігі (триллер, модернистік, мистикалық фильмдер сценарийі) арнайы эффектілерден, яғни бейнелілікті толықтырушы (компьютерлік) қалыптардан тұрады.
Теледидарлық сценарийлер де кеңінен дамып, ішінара жанрлық өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, шоу, полемика, КТК, теледраматургия, публицистикалық, саяси, тарихи, деректі бағдарламалар. Теледраматургия айқындық, ақпараттық және бейнелердің түсініктілігі, қысқалық секілді талаптарды қажет етеді. Теледидарлық сценарийде публицистикаға, айқындыққа, технологияға бет бұру, театрланған бағыттар байқалады. Опералық, балеттік, пантомималық сценарийлер либретто деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет