Айналы дақтар нормаль бетіне қатысты жарық сәулелерінің түсу бұрышы байқаушының көз бағытындағы шағылыс бұрышына тең жерлерде пайда болады. Тегіс немесе глянцталған беттерде дақтың пайда болған аймағы аз болады. Идеалды тегіс беті үшін, дақ нүктеге жиналады. Мата немесе күйдірген балшық сияқты, бұдырмақтылау беттерде дақтың болмауы да мүмкін. Дақтың түсін сахна жарықтаушысының түсіне сәйкестендіріп алады.
Диффузиялық шашырауы - жарықтың түзу сәулелерімен бір немесе бірнесе қайнарлардан жарықтандыратын бүкіл ауданға таратылуы. Диффузиялық шашыраудың айналы шағылыстан айырмашылығы ол барлық бағыттарымен таратылады, сондықтан байқаушының көзі шашырау жарығының бөлігін ғана көре алады. Диффузиялық шашырау ауданындағы беттің ашықтығы дақ аудандарыдан әлдеқайда кем болады. Диффузиялық шашыраудың ашықтығы, жарық сәулелерінің бетіне перпендикуляр бағытталғанда максимал болады. Сәулелердің түсу бұрышы кеміген сайын, шашырауының ашықтығы кемиді. Диффузиялық шашыраудың түсі қою болады да, материалдың негізгі түсі болып саналады.
Жарықтың түсу сәулелері жетпеген жерлерде, яғни көлеңкелерде, объект шашыратқыш жарықпен жарықтандырылады. Ол көмескі жарықпен имитацияланады. Көлеңке ауданындағы материалдың түсі жарықтандырудың жағдайларына байланысты. Ашық емес бөлме жарығында бөлме түсі ретінде диффузиялық шашырауының қоңыр түсін пайдалануға болады. Ашық немесе күн жарығына негізгі жарықтандырғыш сәуле түстерінің реңкін пайдаланылады.
3DS MAX материалдарының типтері: материалдардың арасында негізінен және кеңінен қолданылатын тип Standart (стандартты) болып саналады. 3DS MAX объектілердің нақты әлемнің объектілермен визуальды ұқсастығына жету үшін, стандартты материал мінездемеліктерін пайдаланылады. Оларға: жарықтың бөлек компоненттердің түстері; бет жарқырауының күші; мөлдірлігінің және жарығының деңгейі – жатады. Стандартты материалдарының қолдану мүмкіндіктері материалдардың көптеген қасиеттерін текстура карталар көмегі арқылы имитациялаумен кеңейтіледі. Текстуралық карталар (Maps) – белгілі-бір бетінің өзгеше суретін бейнелейтін синтезді бейнелер немесе фотосуреттер. 3DS MAX-та текстуралық карталардың 35 типін қолданылады. Оларды біз кейін қарастырамыз. Ал қазір материалдар типтеріне оралайық. 3DS MAX-та 10 материалдар типі іске асырылған. Олардың ішінде стандартты типтен басқа, тек екеуі ғана ерекше болып келеді:
Raytraced (жарқырағыш) – стандарттыға ұқсас, бірақ ол жарық сәулелерінің жарқырау әдісімен шарықтау және шағылу эффектілерді құруды қамтамасыз етеді.
Matte/Shadow (күңгірт/қоңыр) - өзінің бетінде сахна көрінісінің фонын суреттейді. Бірақ ол объектілер үшін мөлдір емес және олардан көлеңкелерді ала алады. Сахнаның алдыңғы жағына осындай материалмен “ширманы” қойсақ, онда ол сахна фонымен бірлесіп, одан артында орналасқан объектілерді жауып тастайды. Осы ширмаға түскен объектілердің көлеңкелері сахна фонына түскендей болып елестейді.
Қалған 7 материалдар құрмалас (Compound materіals) материал қатарына жатады да, жоғарыда айтылған үш ерекше материалдардың базаларында құрылған. Әрбір типті материалдарды құрайтын универсал шеберхана Materіal Edіtor (материалдардың редакторы) болып табылады.
Көпкомпонентті материалдар – бұл 3DS MAX материалдарының үш негізгі типінен тұратын тізімдер. Тізімдегі материал компонентінің нөмірі осы компоненттердің идентификаторы болып табылады. Белгілі-бір объектіге көпкомпонентті материалдарды тағайындағанда, бөлек материалдар компоненттері автоматты түрде белгіленген материалдар идентификаторы (Materіal ІD) объектілерінің қырларына меншіктеледі. Көпкомпонентті материалдарды бір объектінің бөлек қырларына әр-түрлі материалдарды тағайындау үшін қолданады. Мысалға, терезені жасау үшін, “ағаш+шыны” материалы қолданылады.
Материалдар кітапханалары
3DS MAX белгіл-бір сахнаға қолданылған материалдардың суреттеуін, осы сахналар суреттеуімен бірге . max кеңейтілулері бар файлдарға сақтайды. Бірақ материалдар жиынын сахнадан – материалдар кітапханалары түрінде – бөлек сақтауға болады. Материалдар кітапханалары – материалдардың қасиеттері кіретін параметрлердің жиыны. Онда мұндай суреттеудің шексіз санын ұстауға болады. Дайын материалды кітапханадан кез-келген сахнаға кіргізіп, кез-келген объектіге тағайындауға болады. Ал кейін ағымды сахна қасиеттеріне байланысты, материалдардың қосымша параметрлерін орнатуға болады. Материалдар кітапханаларын сақтайтын файлдардың аттарына .mat кеңейтілулері қолданылады.
3DS MAX текстура карталары
Нақты әлемде бірдей өңді түстері бар заттар өте сирек кездеседі. Әрбір объект түсінің өзіндік ерекшеліктері бар – жиі қайталанатын ою-өрнектер, кездейсоқ дақтары т.б. Осындай сипаттамалы суреттерді текстуралар деп атайды. Сол текстуралардың көмегімен біз жастық шақтан бастап, өңделген ағашты, теріні, матаны немесе толқындатқан судың бетін бірден ажырата аламыз. Нақты әлемнің текстуралық көпбейнелілігін жасау үшін, 3DS MAX қолданушыға текстуралық карталардың көмегін ұсынады. Текстура карталарының бірнеше арнайы типі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |