Жоғары оқу орындарының типтері.
Университет – жиынтық, жинақ – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сабақтас жүргізілуі. Алғашқы университет ХІІ ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет Мәскеу университеті (1755 жылы құрылған), байырғы универсиетттерге Львов (1661 жылы алғашқы академия ретінде), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазақ(1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орта Азияда 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті, 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті), 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті), 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жеке меншік университеттер бар.
Институт – мекеме, құру – 1) ғылыми-зерттеу мекемесінің, жоғары оқу орнының, сондай-ақ, кейбір әлеуметтік қатынастарды реттейтін органдардың атауы; 2) қоғамдық қатынастардың қайсыбір саласын реттеуші құқықтық ережелер жиынтығы.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда республиканың жоғары оқу орындарында кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары жасалды.
Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойыншакредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе – ESTS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе- CATS, Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS. Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.
Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшудегі басты мақсат-Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Әлемдегі 12000 университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда.
Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық ектеп жүйесіне көшу бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейде білім керу жүйесіне зер салатын болсақ, білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, испания, Польша, Жапонияларды – 12 жылдық, Италия, швеция, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі
Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыру қажет.
Білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсаттары мынаған саяды:
– жоғары білім алуға мүмкіндік алудың шарты ретінде 12-13 жылдық, мектептегі оқыту жүйесіне көшу;
– оқу мерзімі 4 жыл және квалификациясы еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын және әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын “бакалавр” дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру;
– «магистр» және «доктор» дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру;
– барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credit Transfer System (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап тұрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйені енгізу.
Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау талаптары мынадан тұрады:
– білім берудің қазақстандық моделін (үлгісін) құру;
– білім беру жүйесін Лиссабондық конвенцияның (1997) және Болондық декларацияның (1999) ережелеріне бейімдеу;
– Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, «Еуропалық аймақта жоғары білімге жататын квалификацияларды мойындау туралы», «Конвенцияны ратификациялау туралы» тұжырымдамасы Қазақстандық моделінің (үлгісінің) құқықтық негізі болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдары мынадай:
– ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүкіндік беру;
– кез-келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі;
– жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі, кешкі, арақашықтықтан (дистанциялық), сырттай оқыту) қолданылуы;
– халықаралық есептік ауысу мүмкіндігі;
– «диплом қосымшалалырының» жалпы еуропалық үлгігіе сәйкестігі.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігіне ену үшін төмендегі сатылар енгізіледі:
Бакалавриат (аяқталмаған жоғары кәсіптік білім) – 4 жыл, төменгі сатысы – 2 жыл; жоғары сатысы – 2 жыл.
Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратура, 3 триместрді қамтиды – 1 жыл; ғылыми магистратура – 2 жыл.
3. Докторлық бағдарлама – жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі тракторияда іске асады: кәсіптік магистратурадан кейін – 3 жыл; ғылыми магистратурадан кейін – 2 жыл.
Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және ксәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізілді: «бакалавр», «магистр», «доктор».
Бакалавриаттың толық курсын бітіру үшін 128-ден кем емес теориялық оқыту бойынша кредит тапсыру керек, оның 42-60 кредиті міндетті, 68-86 студенттің таңдауы бойынша берілетін кредиттер. Осының ішінде 6-8 кредит ағылшын тіліне беріледі. Бір оқу жылында студенттің меңгеретін білім көлемі 32 кредиттен аспауы керек. Ал, бір академиялық кезеңде 12-16 кредит көлемінде білім беріледі.
Кредиттік оқыту жүйесі – бірізді емес (нелинейная) оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту жүйесіне – оқу процесін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады.
Бірізді оқыту жүйесі (линейная система обучения) - оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде бірілген сағаттық көлем негізінде белігі уақытта оқытуды айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |