4 Қазақстан Республикасы жоғары мамандандырылған білім беру жүйесі


Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты мыналар



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі34,36 Kb.
#124825
1   2   3
Байланысты:
5 дәріс

Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты мыналар:

  • ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету:

  • білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру;

  • студенттердің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабылетін дамыту.

Кредит дегеніміз – студенттің немесе оқытушының оқу жұмыс көлемінің өлшем бірлігі. 1 кредит студенттің академиялық кезеңдегі апталық аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең болады, академиялық сағат – 50 минут, лекция – 50 минут, практикалық немесе студиялық сағаттар 1,5 сағат – 75 минут; лабороториялық сабақтар, дене тәрбиесі 2 контактылы сағат – 100 минут, кез-келген практика 5 контактылы сағат – 250 минутқа тең.
Бірізді емес оқыту жүйенің бірізді жүйеден негізгі айырмашылықтары төмендегідей:

  • оқу жоспарында қамтылған пәндерді студенттер еркін таңдай алады;

  • жеке оқу жоспарын жасауға студент тікелей қатыса алады;

  • бірізді емес оқыту жүйесінде білім алушы кейбір қосымша кредитті өздерінің қалаған уақыттарында алуға құқығы бар. Білім алушы өзі қалаған ғалымдардан дәріс ала алады;

  • кредиттік технология бойынша оқытуда әр оқытушының оқу жүктемесін есептеу өткізілген материалдардың көлеміне, яғни кредитке байланысты болады.

Кредиттік оқыту жүйесінде әр студенттің дәрісханалық сағатына дәрісханадан тыс 2 сағат сәйкес келеді.
Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі студенттің жекелей оқу жоспарын құруында болып табылады. Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз – эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім тракториясын айқындауы. Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен бекітіледі, біреуі оқу жоспарын орындауы туралы декенатта сақталады, ал екіншісі студенттің қолында болады.
Бакалавр өзіне тиісті кредиттің кез-келген басқа жоғары оқу орнында оқуына мүмкіндігі бар.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу оырндарында қызмет атқаратын оқытушы-профессорлардың атқаратын қызметтері – ассистент, доцент, профессор деп аталады.
Жоғары және кәсіптік білім беру білімдік кәсіптік бағдарламаның негізгі мазмұны – Мемлекеттік білім стантарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады.

Оқу жоспары үш түрлі формада қамтылады: 1) типтік оқу жоспары; 2) жұмыс оқу жоспары; 3) жекелей оқу жоспары – әрбір жеке студенттің білім траекториясын анықтайды.


Типтік оқу жоспарларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты оқу-әдістемелік бірлестіктер жасайды.
Жұмыс оқу жоспары – Қазақстан Республикасы білім стандарты және типтік оқу жоспары негізінде жасалады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жұмыс оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты пәндердің үш тобын қамтиды:
1) А тобына – міндетті және жүйелі түрде енетін пәндер жатады;
2) В тобына – міндетті түрде оқылатын пәндер кіреді, бірақ жүйелілік сақталмайды;
3) С тобына – кез-келген академиялық кезең барысында студенттің қалауы бойынша өтілетін пәндер кіреді.
Жұмыс оқу жоспарында: жалпы білім беретін циклға кредиттің 25 пайыз беріледі. Жұмыс оқу жоспарына енетін міндетті негізгі пәндер: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шет тілі, математика (мәдениет және гуманитарлық мамандықтардан басқа), информатика, өмір қауіпсіздігі негіздері, экология, дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі пәні оқытудың қосымша түрі негізінде іске асады, оған типтік оқу жоспарында кредит берілмейді.
Жалпы білім беретін цикл бойынша:
таңдау пәндеріне: әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, психологяи пәндері жатады;
базалық пәндерге жалпы кредиттің 50 пайызы, яғни 64 кредит беріледі. Оның 50 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі;
кәсіптік пәндерге жалпы кредиттің 25 пайызы беріледі. Оның 30 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі.
Міндетті өтілетін пәндер типтік оқу жоспарында берілген пәндер негізінде жүргізіледі, ал таңдау пәндерін институттың ғылыми кеңесі шеше алады. Кредит оқыту жүйесі бойынша кредиттер арнайы және кәсіби пәндерге толығымен беріледі.
Кредиттік оқыт жүйесінің негізі – студенттің өз бетінше дамуына мүкіндік туғызу. Студенттің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруде қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асады: Ол:

  • оқытушының студентпен жұмысы:

  • студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы;

  • студенттің өз бетінше жұмысы.

Оқытушының студентпен жұмысының негізгі атқаратын қызметтері:

  1. тұрақты (тақырып, тақырыпқа кіріспе, мақсат пен міндет, практикалық маңыздылығы, материалдың негізгі бөлімдерімен өзара байланысы, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге ұсыныстар қамтылады);

  2. бақылау (жекелей кеңес беру арқылы студенттің өз бетінше жұмыс істеудегі оқу іс-әрекетін іске асыруды қамтамасыз ету);

  3. бағалау (студенттің білімі мен біліктілігін бағалау, сабақ процесінде кездескен қиындықтан шығу жолдарына ақыл-кеңес беру).

Оқытушының студентпен жұмысы – студенттің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатын бірден-бір жол.
Студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы (СОӨЖ):
– материалды қосымша оқуға бағытталған;
– СОӨЖ оқу графигіне және студенттің апталық жүктемесіне енеді.
СОӨЖ-на студенттермен консультация, интерактивтік форма түрінде сабақтар өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, қосымша консультация алу, рейтинг көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындауға қиналатын студентер үшін ақыл-кеңес беру, курстық, бақылау жұмыстарын орындау кіреді:

  • СОӨЖ оқытушының оқу жүктемесіне енеді.

Жұмыс жоспарында қамтылған пәндердің 70 пайызы студенттің өз бетінше жұмысына беріледі, оның 50 пайызы оқытушының жүргізілетін өз бетінше жұмысына (СОӨЖ) берілсе, ал 20 пайызы студенттердің өз бетінше меңгеру үшін оқу-әдістемелік бірлсетікке мәлімет түсіреді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары базалық білім стандартына (бакалавриат) кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы – аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізілетін оқытудың түрі деп атап көрсетілген. Сабақтың түріне және мазмұнына байланысты бакалавр кітапханада, үй жағдайында, мекемелерде, т.б. білім беру мекемелерінде білім ала алады.
Жеке оқу жоспары – жұмыс оқу жоспары негізінде студенттің 1 жылға жасайтын жеке оқу жоспары. Жеке оқу жоспарына оқу пәндері, кредит саны және студент қалаған профессор, доцент, ассистенттердің аты-жөні жазылады.
Студенттің аудиториялық және оқытушының басшылығмен жүргізілетін өз бетінше жұмысы дәріс беретін доцент пен профессорларды таңдауы бойынша жүргізіледі. Жылдың басында әр ғалым туралы түйіндеме дайындалады, соның негізінде 1-курс студенті эдвайзердің көмегімен асситент, доцент, профессорларды таңдайды, оқытушылардың аты-жөндері студенттің жеке жұмыс жоспарына жазылады. Ал, 2 курстан бастап студент өзіне сабақ беретін ғалымдарды еркін таңдай алады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша академиялық, кеңесшілер мен эдвайзерлер қызметі енгізіледі. Эдвайзерлердің қызметі мынадай:
– студенттерге білім кеңестігін айқындауға және оны іске асыруға ықпал етеді;
– эдвайзер алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану арқылыбір немесе екі бағыт (мамандық) бойынша ғана жұмыс жасайды және академиялық, кеңесшінің міндетін атқарады;
– эдвайзерлер қызметі факультет декандарының жанында құрылады және тікелей деканға бағынады;
– эдвайзерді факультет деканының келісімімен ректор тағайындайды.
Эдвайзер міндеттері мынаған саяды:
– қызметі бойынша факультеттің оқу-әдістемелік кеңесіне мүшелікке кіреді;
– оқу процесін ұйымдастыруға байланысты қажетті ақпараттық материалдарды дайындайды;
– студенттерге оқу және жекелей жұмыс жоспарын құру үшін және оларға өзгертулер жасауға кеңестер береді;
– аралық және ағымдағы бақылауларды өткізуді қадағалайды, студенттің академиялық рейтингін бағалауға қатысады;
– қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.
Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық, кеңесшісі ролінде танылатын кафедра оқытушысы. Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедраларды құрылады. Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы мыналар:
– әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеу;
– жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауы;

  • студенттің оқытушыны еркін таңдауы;

  • студент жекелей оқу жоспарын өзінің тікелей араласуымен, эдвайзердің басшылығымен жасауы.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізіне әр пән бойынша силлабустарды жасап жатады. Силлабус дегеніміз – студенттреге арналған оқу бағдарламасы. Силлабуcтардың құрылымы мынадай болады:

  • оқытушының аты-жөні, байланыс телефоны, кафедрада болатын уақыты;

  • курстың тақырыбы, кредит және сағат саны;

  • курстың болатын уақыты мен өткізілетін жері;

  • курсты меңгеру үшін керек білім, білік, дағды;

  • курстың қысқаша сипаттамасы (мақсаты мен міндеттері, мазмұны);

  • курс және семинарды өткізу графигі (күні, уақыты, әр адамның тақырыбы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, лекция және семинарлардың жоспары, өзіндік білімін көтеруге бақылау сұрақтары, негізгі әдебиеттер);

  • оқытушының талаптары;

  • қосымша материалдар тізімі (қосымша оқу әдебиеттер тізімі, нормативті-құқықтық база, баспасөз материалдары, интернет желісі);

  • көрнекілік материалдардың тізімі, техникалық құралдар, т.б.

  • студенттің өз бетінше жұмысына арналған тапсырмалар;

  • консультация уақыттары;

  • аралық бақылау және білімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары;

  • емтихан сұрақтары;

  • білімді бағалау, есептеу әдісі.

  • курстың саясаты.

Кредиттік оқыту жүйесінде бағалаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі 5 баллдық жүйенің орнына 10 баллдық жүйе енгізіледі.
Жоғарғы оқу орнын бітіруші студент барлық емтихандарын «А» және «А-», «В» және «В-» тапсырып, орта баллы 3,25-тен кем болмаса, мемлекеттік емтиханды немесе дипломдық жұмысын «А» және «А+» тапсырған студент қызыл диплом алуға құқығы бар.
Студенттің білімін бағалау тек емтихан түрінде ғана болады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша сынақ тапсырылмайды. Кредиттік оқыту жүйесінде, егер студент аралық бақылаулардан пән бойынша төмен балл алатын болса, емтихан кезінде одан жоғары балл қоюға оқытушының құқығы жоқ. Аралық бақылау нәтижелері негізгі орын алады. Білім сапасын аралық бір апта семестр ортасында өткізуге немесе сабақтан тыс уақытта да қабылдауға болады.
Студенттің қанша кредит алғаны туралы және оқылған пәндер бойынша білім сапасына қойылатын баллдарды қамтитын ресми құжат транскрипт деп аталады. Курстарды өтуіне байланысты студенттің барлық алған бағалары жиналған кредиттердің саны транскриптіге енгізіледі. Студент кез келген уақытта транскриптіні талап етеуіне құқығы бар. Егер студент бір жоғары оқу орнына ауысқанда транскрипт студенттің қолына берілмей, ол тек байланыс жүйелері арқылы келесі жоғары оқу орнына жіберіледі.
Кредиттік технология бойынша оқытушы мен студенттің жұмыс шығынын есептеп отыратын офис-тіркеуші қызметі енгізіледі.
Тіркеуші офисі қызметіне мыналар енеді:
– қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
– студенттің дайындық сапасын бақылау;
– оқытушы қанша кредит орындағаны туралы мәліметтер беру;
– институтты күнтізбелік сабақ, кестесінің уақытылы құрастырылуы орындалуын бақылау;
– маманның қанша кредит орындағанын жинақтау;
– ағымдағы емтихандардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылау;
– мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру және өткізу;
– статистиканы жүргізу және статистикалық мәліметтерді жинақтау.
Несиелік оқыту жүйесіне көшу материалдық тұрғыда үлкен дайындықтар жүргізуді қажет етеді. Себебі, кредиттік оқыту жүйесінің тәртібі бойынша студенттің қолында бүкіл ғылыми-әдістемелік материалдар, оның ішінде дәрісті мазмұны тезистік түрде әр студенттің қолында болуы керек, көп жағдайда оқыту арақашықтық тұрғыда, электронды пошта, т.б. шаралар негізінде іске асады. Әр оқытушы мен студенттің үйінде компьютер электронды пошта болуы керек.
Жас түлектерді таңдау.
Информатика курсының өзіндік ерекшеліктері – оның оқушыларды ЭЕМ-ді (электрондық есептегіш машина) іс жүзінде әрекетке пайдалануға дайындау бағыты мен олардың іс-әрекеттеріндегі біліктер мен дағдыларды қалыптастыруында. Бұл студенттердің білімін бақылау мен тексеруге де өз әсерін тигізеді. Олардың әр түрлі оқу іс-әрекеттеріне дайындығы, тиісті біліктері мен дағдыларының қалыптасуы бірінші кезектегі бақылау нысаны болып табылады.
Тест оқушының алдына тапсырма мен ұсынылған нұсқалардан жауапты таңдауды шектейтін нақты белгіленген шарттарды қояды. Кез келген тест екі бөлімнен тұрады: алғашында оқушыға оның басты назарын оқылған нақты материалға аударатын қандай да бір тапсырма (сұрақ, есеп) ұсынылады, содан соң жауаптың түйіні көрсетіледі.
Оқушы жауабының мүмкін болатын түйіндеріне қатысты тестердің мынадай түрлері қарастырылған: баламалы; сәйкестік; көптен таңдау.
Баламалы тест оқушының ұсынылған екі жауаптың біреуін таңдауына мүмкіндік береді. «Иә» «жоқ» деген жауап түрлері жиі кездеседі. Сондай-ақ басқа нұсқалар да бар. Мәселен, «дұрыс» , «дұрыс емес» және т.б. Тесттің бұл түрі айғақтың, заңның қажеттігін айқындау, түсінікке келтіру, белгілі бір құбылыстың туындау себебін білу сияқты көрсеткіштерді анықтау кезінде қолданылады.
Сәйкестік тестті әр түрлі болып келеді. Ол екі қатар бағаннан тұруы мүмкін. Бұл жағдайда бір бағандағы қандай да бір шешуші сөз, сан, рәсім немесе сөйлем арқылы тиісті жауапты екінші бағаннан табу қажет. Тесттің бұл түрі сондай-ақ, бірінен соң бірі келетін екі бөлімнен тұруы мүмкін. Олардың арасында да сәйкестік орнату қажет. Тесттің бұл түрімен игерудің мына нәтижелерін: алгоритмдік құрылғылар мен басқалардың неге қажеттігін анықтау,абстрактілі түсінік пен нақты құбылыс немесе нысанның (түсінік ауқымына келтірілген), заңдылық пен құбылыстың (тергеудің түйіні немесе себебін анықтау) арасындағы байланысты орнатып, біліктілігін айқындау қажет. Көрсетілген сәйкестіктердің әр қайсысы тек бір тапсырма үшін пайдаланылады.
Аталған тесттердің басты артықшылығы – оқыту материалдарынан; көп санын игеруді қысқа мерзімде бақылауға мүмкіндік беретін жинақылығында.
Көптен таңдау тестті де игерудің нәтижелі деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, айтарлықтай жоғары деңгейде игерудің бірқатар көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік береді. Тесттің бұл түрі, негізінен тапсырма мен оның жауаптарының (4-5 вариант жиынтығы) тізімінен тұрады. Оқушының жауабы оның ойынша берілген тапсырма немесе сауалға қатысты ұсынылған жауаптар жиынтығының ішіндегі ең дұрыс деп табылған шешімнен тұрады. Тесттің бірінші жартысы сауал немесе тапсырма арқылы көрініс табуы мүмкін. Кейде мұндай тест түрлерінде дұрыс емес жауапты табу талап етіледі.
Көптен таңдау тесттің негізіне қисындық өзара байланыстағы түсініктер топтары немесе оқу материалының аяқталған бөлімін игеруге мүмкіндік беретін тәсілдер енгізілген. Бұл жағдайда берілгенәр тапсырманың дұрыс жауабын таңдау оның алдындағы тапсырмаға таңдалған дұрыс жауабын қамтамасыз етеді. Бұл жауаптарды жете түсіне отырып, таңдауға жағдай туғызады.
Тест мазмұнының (сауалдың, тапсырманың) ұстаған бағытына байланысты оқушылардың осы немесе басқа түрдегі оқу әрекеттерін тексеруді анықтау тесттің бірнеше типтері арқылы жүзеге асады. Мәселен, бірқатар ғалым-әдіскерлер осы белгі бойынша тесттің 9 типін бөліп алады. Осы жұмыста қарастырылған тесттердің мүмкіндіктері мен бейімдерін алгоритмдер мен алгоритмдік тілмен байланысты ИЕТН курсы тараулары бойынша оқу материалын игеруді тексеру еркшелігіне қатысты тест тапсырмаларының 5 түрін қолдануға болатынын көрсетеді.
1. Нақтылауға қатысты тапсырма заңдар, ережелер, түсініктер, фактілер, анықтаулар және т.б.мәнін білуді бекітетін мысалдар келтіруді қарастырады.
2. Ұғымға келтіру тапсырмасы оқушылардан теориялық ережелерінен басқа жиынтықтардың, анықтамалардың мәнін білуді талап етеді. Бірінші және осы тапсырма түрлерін, айырмашылық, ұғымға келтіру тапсырмасында нақты бір құбылысты тиісті ортақ ұғымға, нысандар түрі немесе процестерге, т.б. келтіру ұсынылады. Мұнда да алдыңғы тапсырмадағы сияқты оқушының қажеттілік пен жалпылық белгілері туралы біліміне негізделген. Дегенмен, бірінші түрі тым күрделі, сондықтан оны орындау үшін белгілерді анықтау мен тану, еске түсіру сияқты ойлы әрекеттер қажет. Ал, екінші түріне осы әрекеттердің соңғы екеуі ғана керек.
3. Біліктілік (классификация) тапсырмасы нақты бір критерий бойынша маңызды белгі немесе белгілер негізінде сыныптарға, сол бір ретке жататын көптеген нақты нысандарды бөлу бойынша әрекеттерді қарастырады.
4. Салыстыру тапсырмасы да өзінің орындалуы үшін нысандардың басты белгілерін білуді талап етеді. Алайда, оның негізінде жоғарыда қарастырылған ойлы әректтермен бірге абстракция сияқты күрделі әрекет жатыр.
5. Қорытындылау тапсырмасы әрекеттің себеп-салдарын анықтау қажеттілігінен тұрады. Қорытындының негізінде тиісті заңдылықтар мен ережелерді, т.б. білу жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет