Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шаманы айтады.
Массасы m, көлемі V болатын идеал газдың негізгі теңдеуі:
pV =
немесе бұл теңдеуді Менделеев – Клапейрон теңдеуі деп те атайды.
Идеал газ үшін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі жүйенің тәжірибеде өлшенетін р макроскопиялық параметрі мен бөлшектің микроскопиялық параметрін байланыстырады
p =
Сонымен, көптеген тәжірибе нәтижелерін қорыта отырып, Менделеев (1874), бір моль идеал газ үшін келесі теңдеуді анықтады:
p = RT немесе p = = knT осыдан p = nkT
мұндағы – газдың молярлық көлемі; = 6,022*Авогадро саны, 1 моль заттағы молекулалар санына тең, k = – Больцман тұрақтысы, n = – молекулалар концентрациясы (бірлік көлемдегі газ бөлшектерінің саны).
Кез-келген бастапқы және соңғы процессте қысым, көлем және температура қатынасы тұрақты болcа, онда Клайперон теңдеуін тағы да төмендегідей түрде жазуға болады:
= немесе = const
Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi Егер қандайда бiр оқшауланған жүйеде денелер температурасы бастапқы уақытта әртүрлi болса, онда уақыттың келесi мезеттерiнде олар бiртiндеп теңесе бастайды да ақырында бiрдей болады, денелер арасында жылулық тепе-теңдiк орнайды.
Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскопиялық дене күйiн сипаттайтын шамаларды макроскоптық параметрлер деп атайды.
Бұндай шамалар қатарына көлем V, қысым P, температура T және басқалар. Көлем мен қысым механикалық сипатталатын шамалар.
Макроскопиялық параметрлерiнiңбiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестердi изопроцестер деп атайды.
Газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланысты (тәуелдiлiктi) газ заңдары деп атайды.
Изотермиялық процесс деп тұрақты температурада өтетін термодинамикалық процестерді немесе олардың ұлғаюы немесе сығылуы кездерінде сыртқы орта мен газ арасындағы температура тұрақты болып қалатын процестерді айтады.
Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн