4-Дәріс: Педагогикалық процесс және оның принциптері туралы түсінік



Дата21.09.2024
өлшемі19,89 Kb.
#204845
Байланысты:
Лекция-1726589570678


4-Дәріс: Педагогикалық процесс және оның принциптері туралы түсінік
1.Педагогикалық процесс туралы ұғым.
2.Педагогикалық процесстің заңдылықтары.
3.Педагогикалық процестің прициптері.

Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.


Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы.
Педагогикалық процесте педагог – объект және субъект.
Объект ретінде – тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп отырады.
Субъект ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.
Оқушы да педагогикалық процесте – объект және субъект.
Объект ретінде – педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін дербестігі бар.
Субъект ретінде – табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар.
Педагогикалық процестің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар. Педагогикалық процестің негізгі белгілері:
1)  қос жақты іс-әрекет;
2)  өзара байланысты жүреді;
3)  мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді;
4)  мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.
Қосжақтылық белгісі бойынша:
1- жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық іс-әрекет;
2- жағы: тәрбиеленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-әрекет, яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-әрекет.
Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты.
ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тәрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үдеріс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.
Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев және т.б. көңіл бөле бастады.
Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді.

Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.


Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Ленердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
И.П. Подласый төмендегі заңдылықтарды атап өткен:

  1. Педагогикалық процестің динамикасы заңдылығы

  2. Педагогикалық процестегі тұлға даму заңдылығы

  3. Оқу-тәрбие процесін басқару заңдылығы

  4. Педагогикалық процестегі сезімнің логиканың практиканың байланысы заңдылығы

  5. Педагогикалық процесс пен таным процестерінің бірлігі заңдылығы

Педагогикалық инновация. Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені жетілдіру, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту.
Педагогикалық инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.

Оқытудың инновциялық технологиялары


Білім беруді ізгілендіру
Компьютерлік оқыту
Дамыта оқыту
Өздігінен даму
Модульдік оқыту
Жаңа ақпараттық технлологиялық
Оза оқыту
Деңгейлеп саралау оқыту
Тірек сигналдары арқылы оқыту
Ойын арқылы оқыту
Проблемалық оқыту
Ынтымақтастық оқыту


Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар, ережелер.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Педагогикалық процестің мақсатқа бағытталғандығы принципі
2. Мектеп пен өмірдің бірлігі принципі
3. Оқыту мен тәрбиенің ғылымилығы принципі
4.Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мен қолжетімділік принципі
5. Жүйелілік пен бірізділік принципі
6. Педагогикалық процестегі оқушылардың саналылығы, белсенділігі, шығармашылығы, өз бетінше жұмыс жасауы принципі
7. Оқыту мен тәрбиенің қоғамдық пайдалы және өндіргіш еңбекпен байланысы принципі
8. Көрнекілік принципі
9. оқыту мен тірбиенің ұжымдық сипаты принципі
10. Баланың тұлғасына құрметпен қарау және талап қою
11 Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау принципі
12. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту нәтижелерінің беріктігі мен саналылығы принципі
13. Оқыту мен тәрбиеге кешенді тұрғыдан келу принципі

Қайталау сұрақтары:


1.Педагогикалық процесс туралы ұғым.
2.Педагогикалық процесс белгілері
3. Педагогикалық процесс проблемасымен айналысқан ғалымдар
4.Педагогикалық процесстің заңдылықтары.
5.И.П. Подласый қандай заңдылықтарды атап өткен
6. Инновация деген не?
7. Оқытудың инновациялық технологиялары
6.Педагогикалық процестің прициптері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет