4. ДӘрістер тезистері


Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі



бет14/25
Дата08.11.2022
өлшемі301,5 Kb.
#156990
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
лекции инклюзивное образование

Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі
Жоспар:
1. Тифлопедагогика пәні, мақсат-міндеттері
2. Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі

1. Тифлопедагогика пәні, мақсат-міндеттері


Көру қабілетінің зақымдалуына байланысты бұл топтағы тұлғалар 2 топқа бөлінеді:

      1. Көрмейтіндер; 2) Нашар көретіндер.

Соқырлар (көрмейтіндер) - көруінде ауытқуы бар балалар қатарындағы жарықты көру сезінуі толығымен бұзылып немесе қалдық көру сезімдері мен көру қабілеті бар (жақсы көретін көзіндегі өткірлікті көз әйнек арқылы түзету 0,04 дейін) және көру көлемі тарылу жағдйындағы, көру өткірлігі (0,08 дейін ) прогредиентті сипатқа ие көз аурулары бар балалар.
Нашар көретіндер - 0,05-тен, 0,2-ге дейін жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік аркылы көретіндер. Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің темендеуімен қатар, көру қызметінің басқа салалары да бұзылуы мүмкін, мысалы: жарық пен түстерді сезінуі, шеткі бинокулярлық көруі.
Тифлопедагогика - (грек сөзінен “tурһlоs”-соқыр дегенді білдіреді), арнайы педагогиканың пәндік саласы, көруінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым
Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлімі ретінде, гуманистік тәрбиелеу қағидаларының негізінде, балалардың және ересек адамдардың зақымдалуын ескере отырып дамиды. Тифлопедагогиканың ғылым ретіндегі келесі проблемаларды өңдеу болып табылады:

    • көру қабілетін жаң жақты психологиялық-педагогикалық, клиникалық тұрғыдан зерттеу,

    • көрмейтін және нашар көретіндердің дамуындағы қемістіктердің орның толықтыру, қайта қалпына келтіру оларды түзету жағдайларын анықтау;

    • көру қабілеті зақымдалған тұлғаның жаң жақты даму жағдайларын зерттеу.

Ерекше орын алатын міндетер, көрмейтін және нашар көретіндерді кәсіби еңбекке даярлау, нақты ғылым негіздерін оқыту үшін білім мазмұнын, әдістерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын анықтау. Бұл жерде көруінде ауытқуы бар балаларды арнайы мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу және сол мекемелердің құрамымен түрлерін анықтау маңызды міндет. Тифлопедагогиканың негізін қалаушылар: В.Гаюй ( 1745-1822), Л.Брайль (1809-1852).
Көруіндегі ауытқушылықтар туа немесе жүре пайда болады. Туа біткен соқырлык - жатаріштегі даму кезеңіндегі түрлі зақымдардан, тұқым қуалаушылықтан, анасының жүкті кезіндегі түрлі аурумен ауырғандықтан болады.
Жүре пайда болған соқырлық - көбінесе көру мүшесінің - торлы қабығының, көздің қасаң қабығының, орталық жүйке жүйеснің ауруларынан (менингит, мидың ісігі, менингоэнцефалит) ауруларынан кейін жалпы мүшедегі аурулардан (қызылша, тұмау, скарлатина) да болады. Сонымен бірге түрлі жарақат алған кездегі мидың зақымдалуынан немесе көздің зақымдалуынан болады. Соқырлық негұрлым ерте пайда болса, екіншілік кемістіктердің деңгейіде соғұрлым терең болады. Соқыр болып туылған балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардың заңдылықтары сияқты жүреді, бірақ көру арқылы бағдары болмағандықтан қимыл-қозғалыс саласына және әлеуметтік тәжірибесіне жағымсыз әсерін тигізеді..
Көрмейтіндердің жоғары психикалық процестер (зейін, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілі) қалыпты дамиды. Бірақ соңымен қатар сезім, зият сияқты қызметтер арасында өзгеше бұзылыстар пайда болады да абстрактілі ойлаудын басымдылық сипатын білдіреді. Тотальды соқырлық жағдайындағы тұлғалардың көру бақылауын жоғалтқанына тәуелді вестибуляторлық аппараты жақсы дамиды. Көру арқылы қабылдауы белгілі нақты категорияны айқындайды.
Көруінде ауытқуы бар тұлғаларда ес процесінің бұзылыстары байқалады және оларда эмоция-ерік сферасында, мінез-құлықта, өзіндік ерекшеліктер қалыптасады. Көрмейтін балалар ойын, оқу және кәсіби әрекетті меңгеруде қиыншылықтармен кездеседі. Ал бар ересек тұлғаларда тұрмыстық салада кездесетін көптеген қиындықтар, негативті реакцияларды тудырады, уайым, қайғыру жағдайына әкеліп соғады.
Көптеген жағдайларда, соқыр балалардың мінез-құлқында пайда болған ерекшеліктер жағымсыз қасиеттердің (сенімсіздік, бәсеңдік, ашуланшақ) дамуына әсер етеді.
Л.Г.Выготский соқыр адамдардың «алтыншы» (жылылық) сезімі болады деген. Ол біршама қашықтықта тұрған затты байқауға мүмкіндік береді. Соқырлықтың компенсациясы нәрестенің алғашқы айынан-ақ басталады.
Нашар көретіндерде - маңызды анализатор болып табылатын көз жанарын пайдалануға мүмкіндігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет