Нысаналы индикаторлар. Міндеттер. Тікелей нәтиже көрсеткіштері
Алға қойылған мақсат пен нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
1. ТҚҚ өңдеу жүйесін жетілдіру
2. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіру және санитариялық қағидалардың заманауи талаптарына сай келетін, тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, өңдеу және көму инфрақұрылымы күрделі жаңаларын салу
3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жаңғырту
4. Қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
5. Коммуналдық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді "жасыл" экономиканы дамыту қағидаттары мен тұжырымдамасы шеңберінде және соларға сәйкес өңдеуді енгізіп, жүйелі түрде өрістету
7. Қауіпті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
8. Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
9. Ірі габаритті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу
10. Басқа тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру
11. Автомобиль шиналарын, пайдаланылған автомобильдерді кәдеге дарату жүйесін жетілдіру
Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу Бағдарлама міндеттерін іске асыру және аралық нәтижелерді тұрмыстық қатты қалдықтардың әрбір санаты бойынша нәтиже көрсеткіштерімен салыстыру және өлшеу арқылы айқындалмақ.
Қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және барынша азайту қалдықтарды басқару иерархиясындағы басымдық болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу көптеген факторларға тәуелді, олар қалдықтарды басқару жүйесіне тікелей тәуелді емес, дегенмен экономикалық өсу, өнеркәсіптің түрлі секторларында заманауи технологиялардың қолжетімділігі мен енгізілуі, сондай-ақ халықтың әл-ауқат деңгейі сияқты жағдайлармен байланысты. Осылайша, осы Бағдарламада алға қойылған мақсаттарды іске асыра отырып, тұрмыстық қатты қалдықтардың қалыптасу көлемін азайту жөнінде жұмыс жүргізу, сондай-ақ қалдықтардың қалыптасуын ықтимал болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ұсынылады.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар мынадай базалық қағидаттарға сәйкес әзірленген:
- қалдықтармен тұрақты жұмыс істеу қағидаты, ол қалдықтармен жүргізілетін барлық операцияларды тиісті бақылауды қамтамасыз етуге, қалдықтарды көмуге байланысты қоршаған ортаға келтірілетін зиянды қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада төмендетуге арналған;
- "ластаушы төлейді" қағидаты – қоршаған ортаның ластануына жауапты адам қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін қалдықтармен жұмыс істеу бойынша мемлекеттік органдар мақұлдаған шығыстарды көтеруі тиіс;
- ашықтық және айқындылық қағидаты – көрсетілетін қызметтерге ашық тендерлерді біртіндеп орнықты енгізу, берілетін конкурстық ұсыныстарды ашық бағалау және нормалар мен стандарттарды әділ қолдану;
- қалдықтармен жұмыс істеу және оларды өңдеу технологияларының иерархиясы қағидаты;
- барынша жақсы қолжетімді және шығынды әрі тиімді технологияларды енгізу қағидаты;
- өңделетін қуаттардың қалдықтардың қалыптасу көзіне жақын орналасуы қағидаты.
Қазақстанда ТҚҚ басқару қалдықтарды басқару иерархиясына негізделетін болады, оның ең жоғарғы басымдылығы қалдықтарды шаруашылық айналымға қайтару үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ ТҚҚ полигондарын басқару және бақылау болып табылады, бұл халық денсаулығы мен қоршаған ортаның барабар қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қорытынды
Қорыта келгенде, қатты тұрмыстық қалдықтарды отынға айналдыру процессі бізге өте тиімді болып келеді. Себебі, біріншіден табиғи ресурстар экононмиясы, екіншіден, қатты тұрмыстық отын қауіпсіз жойылып, қалдығы клиенкерге айналады. Ал клинкер цементтің негізгі шикізаты болып табылады, ал бұл өз кезегіне табиғи ресурстары тиімді пайдалануға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |