Байланысты: Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы
Кедергі мен жүгірудің техникасын талдау және үйрету әдістемесі. Бүгінгі таңдағы мектепішілік дене тәрбиесі жүйесінің дамуы мақсаттың анық қойылуы мен күтілетін нәтижеге байланысты. Кез келген іс-әрекет барысында мақсат жүйелеу факторы қызметін атқарады, ал жүйелеу факторы болмаған жағдайда кез келген жүйе өз мәнін жоғалтады.
Бұл сала қызметкерлерінің алдындағы бүгінгі қиындықтың негізгісі арнайы оқу және ғылыми әдебиеттің болмауы, мектепішілік дене тәрбиесі жүйесі тәжірибиесінде жалпыға танылған, бірауыздан бекітілген мақсаттың көрсетілмеуі. Бұл кемшілік мектеп мұғалімдері қызметіне қиындық туғызып, мектептегі дене тәрбиесі механизмдерін жүйелеу мүмкіндігін төмендетеді. Себебі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру мақсаты жұмыс мазмұнымен тікелей байланысты.
Айтып өтілгендей оқушылардың өз бетінше жаттығуын қалыптастыру, оларды физикалық жаттығулармен жаттығуға үйретудің басты әдістерінің бірі. Бұған қалайша жетуге болады? Біріншіден оқушылар сабақта бөлімдерге бөлініп оқығанда алдынан жоспарланып тапсырма беру қажет емес (репродуктив әдісі). Кейбір уақытта тек қана жалпы мақсат қойылғаны жақсы. Ал жаттығуларды таңдау, ойынды қалай өткізу, құрал-жабдықтарды таңдау, қорытындыларды өлшеу, сайыс жеңімпаздарын анықтау балалардың қолынан да келеді (бұл кейібір ізденушілік әдісі).
Мұндай жағдайда оқушылар ойлап табушылық та көрсетуі мүмкін. Сонымен жауапкершілік қай дәрежеде күшті болса, сабаққа сонша қызығушылық артады.
Үйге берілген тапсырманы орындау бұл да өз бетінше істейтін жұмыстары. Үйге берілген тапсырманың негізгі түрі - кейінгі бөлімдердегі программаларды өтуге дайындық мақсатында орындалатын әрекет сапасын дамыту жұмыстары. Мысалы, біріншіден білек күштерін нығайту және тартылу жаттығуларын орындау үшін қолайлы кез бұл күз. Екіншіден кейбір жалпы дамытушы жаттығулардың әсерлілігін арттыру мақсатында үнемі сабақтарда пайдаланатын асылып немесе жерде жатып көтеру, үшіншіден белігілі жыл мезгілінде онша көп дамымайтын қасиеттерге көмек беру. Мысалы, қыста қолдың білек күштері. Бұдан басқа әрекетті бақылап барып беруге болады. Мысалы, скакалка көмегімен жаттығу, гимнастика ағашымен, кішкене доптармен жаттығулар және де допты лақтыру жаттығуымен жүрістердің техникасымен элементтерді үйренуді тапсырма етіп беруге болады.
Өздері өтетін сабақтарды оқушылардың қызығушылығына қарап ұйымдастыру қажет. Кейбіреулері қазіргі кезде кең тараған ата-аналарымен біргеліктегі сайыстарға қатысады. Олар денсаулықты нығайтушы жүгірумен қызығады. Басқалары сырғанаққа қатынайды, үшіншісі бассейнге барады. Оқушылардың бұндай сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін қолдау керек. Бірқатар мектептерде оқушылардың өз бетінше спорт залда шұғылдану үшін белгілі бір кесте түзілген. Мұндай жағдайда тәртіпті сақтау жауапкершілігі белгіленеді. Мұғалім болса оған кеңес беріп барады. Ал бұл уақытта мұғалімдер бөлмесінде болып жазуларын жазып отырады немесе кейінгі сабаққа дайындалады. Бұл сағаттарда оқушылар үй тапсырмасын орындауға жұмсайды. Қалған уақыттары волейбол, баскетбол ойнайды. Мүмкіншілігі барынша физикалық жақтан оқушылар өздері дайындалып баруы қажет. Бұл мұғалімге көп уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Жеңіл атлетика жаттығуын орындап көрсету және түсіндіру оқушыда жаттығу туралы жалпы түсініктің қалыптасуы мақсатында көрсетіледі.. Оқушы мұғалімнің әрекеті қалай орындалғанын бақылау арқылы өзінде сол жаттығу туралы ой пайда етеді. Кейін тәжірибе турінде орындалады, бұл оқушының білімін нақтылайды. Жаттығуды орындау кезінде жіберілген қатені мұғалім уақытында тұзетіп беруі керек. Күрделі жаттығуларды орындаған кезде мұғалім қауіпсіздікті сақтау үшін қасында бақылап тұрады.
Координациясы күрделі жаттығулардың бөлектеп (элементтерге) бөліп үйреткен дұрыс. Оқушы жаттығуды толық орындағаннан кейін мұғалімің көмегімен жаттығу таңдалады, жіберілген қатенің себебі және оны түзету жолдары анықталады. Қатені төмендегіше түзету мүмкін:
жаттығудың орындалуын қайталап көрсетіп оны оқушыдан қайталап көрсетуді талап ету;
дайындық, көмекші жаттығуларды қайталау жолымен техникалық құралдарды пайдалану жолымен т.б.
Үйретудің үшінші басқышында үйретілген жаттығуды көндігу деңгейіне дейін бекітілуі тиіс. Көбінесе оқушылар өз бетінше қайталайды, ал мұғалім басшылық етеді. Жаттығулардың орындалу жағдайын өзгертіп бару арқылы әрекет қабілетінің динамикасын жоғарылатуға болады. Мысалы, биіктікке секіру кезінде биіктікті өзгертіп бару т.б.