4. Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, ал екінші бөлменің ұзындығы 7,2 м. Егер пәтердің ауданы 56,7 м² болса, онда бөлмелердің енін табыңдар



бет1/2
Дата10.01.2023
өлшемі17,27 Kb.
#165242
  1   2
Байланысты:
матин есептер


1. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан 3 см артық, ал ауданы 130 см2. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
2. Туристер моторлы қайықпен саяхатқа шықты. Олар өзен ағысымен 35 км жүзген соң, 3 сағ аялдап, кейін қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса және туристер барлық жолға 7 сағ жіберсе, онда моторлы қайықтың жылдамдығы қандай болғаны?
3. Екі бригада ағаш отырғызды. Бірінші бригада екінші бригадаға қарағанда күніне 40 талдан артық отырғызып, барлығы 270 тал отырғызды. Екінші бригада бірінші бригадаға қарағанда 2 күн артық жұмыс жасап, 250 тал отырғызды. Тал отырғызу жұмысына әрбір бригада қанша күн жіберді?
4. Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, ал екінші бөлменің ұзындығы 7,2 м. Егер пәтердің ауданы 56,7 м² болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.
5. Жедел пойыз бағдаршамда 16 мин аялдады. Содан кейін ол жылдамдығын 10км/сағ-қа арттыра отырып, кесте бойынша қалып келе жатқан 192 км жолды толық жүріп өтті. Пойыздың жылдамдығын табыңдар.

1 топ

Есеп №1
Бірінші сан екінші саннан 10-ға артық және олардың көбейтіндісі 119-ға тең.Осы сандарды тап.
Жауабы -17;-7 7;17

Есеп № 2 Ағынсыз судағы жылдамдығы 20км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км/сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы (2 км сағ)

2 топ

Есеп №1
Бірінші сан екінші саннан 16-ға кем және олардың көбейтіндісі 192-ге тең.Осы сандарды тап.
Жауабы -24;-8 8;24

Есеп № 2 Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағ20 мин жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз
жауабы (20км/сағ)

3 топ

Есеп №1Біреуі екіншісінен 6-ауыартық екі натурал санның көбейтіндісі 576-га тең.Осы сандарды тап.
Жауабы -27;-21 21;27

Есеп № 2 Моторлық қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңдар
Жауабы 2 км/сағ

4 топ




Есеп №1 Асель 135 теңгеге 3 банан және 2 булочка сатып алды. 1 банан 20 теңгеге булочкадан қымбат. Бір банан мен бір булочканың құны қанша?
Жауабы 15; 35

Есеп № 2 Моторлық қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып қайтуға 7 сағат уақыт кетеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз
Жауабы 9 км/сағ




5 топ







Есеп №1 Асхатта тауықтармен қозылардың басын санағанда 17 болды, ал аяқтар саны 46-ға тең. Неше тауықтар және қозылар саны болды.
Жауабы 11;6

Есеп № 2 Моторлық қайық ағыспен12 км, ағысқа қарсы12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына 1 сағыт артық уақыт жіберген. Қайықтың тынық судағы жылдамдық 9 км/сағ болса, агыс жылдамдығын табыңыз.
Жауабы 3 км/сағ









6. Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, екінші бөлмені ұзындығы 7,2м. Егер пәтердің ауданы 56,7м2 болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.

7. Екі жұмысшы қандай да бір жұмысты 16 күнде орындауы керек. Бірге атқарған төрт күндік жұмыстан кейін бірінші жұмысшы басқа жұмысқа ауысты. Екінші жұмысшы қалған жұмысты берілген мерзімінде аяқтады. Бұл бірінші жұмысшының барлық жұмысты орындауға жіберетін күнінен 12 күнге артық. Әрбір жұмысшы жұмысты жеке орындаса неше күнде бітіреді?


8.
1) Бірінші сан екінші саннан 10-ға ратық және олардың олардың көбейтіндісі 56-ға тең. Осы санды табыңдар.
2) Бірінші сан екінші саннан 16-ға кем және олардың көбейтіндісі 80-ге тең. Осы санды табыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет