4-практ. Сабақ. Қазіргі қазақ тілінің функционалды стильдер жүйесі



Дата03.03.2023
өлшемі31,38 Kb.
#170899
түріСабақ
Байланысты:
пр 4
Практика Асылжан, Документ Microsoft Office Word, Документ, Дәріс 1. Қорғаныстың криптографиялық әдістері және олардың жүзеге асуы, РЯЛ 20-2 МириКал, Doc1

4-ПРАКТ. САБАҚ.
Қазіргі қазақ тілінің функционалды стильдер жүйесі
1.Функционалдық стильдердің пайда болуының алғышарттары
2.Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалдық стильдар концепциясы
3.«Стиль», «подстиль», «жанр» ұғымдарының қарым-қатынасы
4.Стильдердің топтастырылуы, өзара байланысы
Функционалды стиль - әдеби тілдің бір түрі. Функционалды стиль тілдің әр түрлі қызметімен байланысты болады. Функционалды стилдің дамуына тілден тыс жататын факторлар әсерін тигізеді, қоғамды сана түрлері, әлеуметтік қатынастар, өндірістік қатынастар т.б бұлардан басқа сөздің авторы( жеке адам, ресми адам, мекеме) адресант (тыңдаушы адам, аудитория), хабардың тақырыбы, сөйлеудің мақсаты және т.б өз әсерін тигізеді.
Әр бір функционалды стильдердің өзіндік белгілері болады, олар тілдік бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің өзіне тән жүйелік ерекшелігінен құралады. Алайда, ол ерекшеліктер көп емес және кей бір жақтарынан бірнеше стильге ортақ та болып кеоеді.

Функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының ерекше жүйесімен сипатталады. Функционалды стильдерге байланысты мынадай қағидалар туындайды:


1) функционалды стильдер — тілдік құралдардың бейтарап және
стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер;
2) стильдер өзара байланыста, қатынаста болып, бірінен-біріне өте береді;
3) стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты, сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық факторлардың әсерінен пайда болады;
4) белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;
5) функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стилішілік) тармақтарға бөлінеді.
Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр:
1) ауызекі сөйлеу стилі;
2) ғылыми стиль;
3) ресми стиль;
4) публицистикалық стиль;
5) көркем әдебиет стилі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет