Сан есімдердің көне ескерткіштерде
қолданылуы:
Орхон-Енисей
жазбаларында
есептік сан есімдер ешбір жұрнақсыз тұрып та реттік сан есім жасайды: ең
ілк Тоқу балыкда сүңүшдіміз
– ең бірінші Тоқу қаласында соғыстық.
Кейде
үстеу сөздерге сын есімнің –қы, -кі жұрнақтары жалғанып, реттік
мағынадағы сан есімдерді жасайды. Мысалы: Ашнуқы Табғачдақы оғуз
түрк ташығмыс – бірінші (алдыңғы) болып Табғаш, оғыз, түркі (халықтары)
көшті.
М.Қашқари
сөздігінде
болжалды сан мəнінде «өкүш, өкіл, тілім» сияқты көптік мəнін беретін
синонимдер кездеседі «Кодекс Куманикуста» болжалды сан есімдерді
жасауда, біріншіден, түбір сөзге –ар/-ер жұрнағы жалғану арқылы жасалса,
екіншіден, есептік сан есімдердің басқа сөздермен (көбіне сілтеу есімдігі
мен шылау) тіркесіп келуі арқылы жасалады: бірер, бір анча-бір қатар т.б.
Қазіргі түркі тілдеріндегі сан есімнің қысқаша сипатын тарихи-
салыстырмалы, диахрондық, синхрондық əдіс-тəсілдерді
қолдана отырып,қорытынды жасауға болады:
Қазіргі түркі тілдерінде сан
есімнің мағыналық
топтарына қатысты
ерекшеліктер де, ұқсастық
пен айырмашылықтар да бар.
Мысалы, бүкіл түркі
тілдерінің ішінде өзбек
тіліндегі есептік сан есімдер -
та жұрнағы арқылы да
жасалады.
Қазақ тілінен ерекшелік
ретінде ұйғыроғыз тобындағы
кей тілдердегі 20, 30, 40, 50
сандарын білдіретін сөздер 2,
3, 4, 5 сан атауларының
негізінде пайда болғандығын
айтуға болады: Ійгон (20), үжон
(30), тортон (40) т.б.
Топтық сан есімдер
түркі тілдерінің бəрінде
бірдей қолданыла
қоймайды.
Сан есімнің
бұл түрі қазақ,
қарақалпақ, өзбек, ұйғыр,
башқұрт, құмық, ноғай,
татар, хақас, чуваш, якут
сияқты тілдерде ғана
кездеседі.
Бөлшектік сан есімдерге
қатысты ерекшелік олардың
сыңарларына (яғни, бірінші
немесе екінші компонентіне)
қатысты болып келеді.
Қазақ
тіліндегі сөздердің бірінші
сыңары шығыс септікте,
екінші сыңары атау түрінде
қолданылып, бөлшектік сан
жасаса, бұл башқұрт, татар,
қырғыз, ұйғыр тілдеріне де тəн
болып келеді
Əдебиеттер:
1. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ə., Томанов М. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 272 б.
2. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. – Алматы,
1976. – 239 б.
3. Исседования по сравнительной грамматике тюркских языков. Часть вторая.
Морфология. – Москва: Изд. АН СССР, 1956. – 334 с
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |