4-тақырып экономикалық Өсу мақсаты



бет8/22
Дата07.02.2022
өлшемі118,63 Kb.
#97145
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
107810857876 4 дәріс экон өсу (1)

Экономикалық өсу қарқыны - пайыздық көрсеткішпен әдетте бір жылға есептелетін нақты ЖІӨ-нің өсім қарқыныныңі көрсеткіші. Бірақ, бұл көрсеткіш зерттелу сипатына қарай бір айға, кварталға, жартыжылдыққа, онжылдыққа, яғни уақыттың қандай да бір қолайлы кезеңіне сәйкес есептелуі мүмкін. Экономикалық өсуді өлшеудің мынадай негізгі көрсеткіштері бар:


1. Өсу коэффициенті - бұл қарастырылып отырған ағымдық кезеңдегі өсу көрсеткішінің базистік кезеңдегі өсу көрсеткішіне қатынасы:


= , ∆


2.Өсу қарқыны - 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;
3.Өсім қарқыны - өсу қарқыны минус 100%.

Экономикалық өсу жиынтық динамикалық көрсеткіш болып табылады эқәне ұлттық экономиканың жағдайын белгілі бір уақыт аралығында жалпы сипаттайды. Алайда, жоғарыда аталып өткендей, экономикалық өсудің көрсеткіші әрқашанда оң шама бола бермейді. Көптеген статистикалық деректерден экономикалық өсудің нөлдік немесе теріс шамаларын да көруге болады. Мәселен, Қазақстанда 1991-1998 жылдар аралығында экономикалық өсудің оң нәтижелері байқалмады. Себебі, тәуелсіздік жылдары еліміз өтпелі экономика жағдайында нарықтық қатынастардың бірнеше кезеңінен өте отырып экономикалық жүйенің жаңа құрылымын жасаумен болды. Осы кезде, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы елдің экономикалық өсуіңе мұрындық болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет