4 тақырып Ынтымақтастық оқыту технологиясы



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі17,33 Kb.
#154356
  1   2
Байланысты:
Технология лекциялар


4 - тақырып Ынтымақтастық оқыту технологиясы
Ынтымақтастық оқыту (cooperative learning), кіші топта оқыту педагогикада бұрыннан қолданылуда. Кіші топта оқыту Япония, Израиль, Австралия, Нидерландия мен Батыс Германияда алғаш рет қолданылды. Бірақ ынтымақтастық оқытудың негізгі идеологиясы американ педагогтарының үш тобымен бөлшектеліп өңделді: Джон Хопкинс университетінен, Миннесот (Роджер Джонсон и Дэвид Джонсон) университетінен, Дж.Аронсон, Калифорния тобымен. Содан бастап ынтымақтастық оқыту пікірі көптеген әлем мемлекеттеріндегі педагогтарының күшімен өзіндік дамуға ие болды.
Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы – бірігіп орындау ғана емес, бірігіп оқу болып саналады. Оқытудың ұжымдық тәсілінің алғашқы негізі ауыспалы құрамның бірлесіп жұмыс жасауы болып табылады және ол ынтымақтастық педагогикасы пікіріне сүйенеді.
Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын және т.б. көптеген жағдайларды қамтитын аса бай педагогикалық қатынас. Бұл технологияның атауын 80-жылдардағы жаңашыл педагогтар тобы ұсынды. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасының нақты үлгісі жоқ, реттеу-атқару жабдықтамасы қалыптаспаған. Ол жүздеген мақалалар мен әдебиеттерде шашыраңқы түрде беріліп келеді, оның идеялары барлық қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға енгізілген. Ол Қазақстан Республикасының орта білім беру тұжырымдамасының негізін құрайды:
- балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас;
- белсенділікті арттыратын және оны дамытатын дидактикалық кешен;
- тәрбиелеу тұжырымдамасы қоршаған ортаны педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.
Ынтымақтастық – бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық, тәрбиелік, қамқорлық. Оның мәні жолдастық, сыйласу болып табылады. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты:
- адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылығы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту;
- өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-әрекеті жайында ойлануға үйретеді;
- ата-аналармен ынтымақтастық.;
- мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- өзін-өзі құрметтеу идеясы;
- өзін-өзі реттеу идеясы.
Ынтымақтастық педагогикасының жалпы құндылық бағдарына байланысты үш басты тұлғалық қасиеттерін бөлуге болады, олар:
a) кез келген оқушыны қандай болса, тура солай қабылдау. Мұнда оқушы мен мұғалім бір-біріне жеккөрінішті қарамайды, оқушының нақты «мен» деген түсінігін бағаламау жоқ;
b)баланың эмпатикалық түсінуі. Мұғалім оқушының ішкі әлеміне енуге тырысады. Қоршаған ортаны оқушы сияқты көріп, оны оқушының ішкі әлемі арқылы сезінуге ұмтылады;
c)оқушымен ашық, сенімді қарым-қатынас. Мұғалімдер оқушыларға өзінің ішкі әлемін ашуға көмектеседі. Маңыздысы мұғалімнің сенімді болуы.
Ынтымақтастық педагогикасы, «ынтымақтастық» түсінігінің астарында біріккен іс-әрекет жатыр, яғни ол былай сипатталады:
1) мақсаттардың бірлігімен;
2) іс-әрекетті ұйымдастыру және басқаруымен;
3) функцияларды, іс-әрекеттерді, операцияларды бөлумен;
4) тұлғааралық қарым-қатынастың болуымен.
Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең – оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет