4-тақырып. Туристерді күту бағдарламасы
Туристерді күту бағдарламасы - туристерге қызмет көрсету жұмыстарын кешенді ұсыну арқылы тұтынушы қажеттіліктеріне жету саясатын жүргізу. Туристік нарықта болып жатқан бәсеке туризмді кейбір жеке қызмет түрлеріне бөледі. Осы қызметтер рекреациялық жұмыс кезеңдеріне бөледі. Олар: 1) мақсатты - рекреациялық қызметтердің ең негізгі мотиві (спорт, дін, ойынсауық, демалыс); 2) қосымша - негізгі қызметті түрлендіру түрі; 3) жалғаспалы - физиологиялық және техникалық себептерге байланысты. Бағдарламалық қамтамасыз ету рекреациялық қажеттіліктерге байланысты маңызды қызметке кепілдік беретін нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету жұмыстарының көлемін көрсетеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету қағидалары: 1) белсенді мазмұндағы қызметке бағытталуы; 2) әр туристің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету; 3) нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету көлеміне кепілдік беру. Бағдарлама жіктелуіне қойылатын параметрлер: 1) негізгі рекреациялық қызметтер түрлері; 2) туристердің негізгі топтары, оларға арналған орналастыру орындары; 3) рекреациялық ресурстар мен туристік инфрақұрылым байланыс бағыт деңгейі; 4) уақыт және кеңістіктегі аймақтану; 5) функциональді бағыттау. Бағдарламаның жіктелуі: 1) туристік және денсаулықты жақсартатын мекемелер; 2) танымдық маршруттар; 3) оқыту маршруттары; 4) ойын-сауық түрлері; 5) ұлттық мәдениетке байланысты этникалық және тұрмыс - тық жұмыстар; 6) үйлену турлары; 7) конгрестік турлары; 8) өндіріспен танысу бағдарламалары. Бағдарлама табысты болу үшін кейбір туристік мекемелер өзінің жеке бағытын таңдайды. Туристік мекемемен қаралатын тармақтар: 1) арнайы дайындық, қайта даярлау, туристік кадрларды даярлауды жақсарту; 2) рекреациялық жұмыстар кезеңдерінің сценарийлері мен бағдарламаларын өңдеу және құрастыру; 3) жасалынған бағдарламаны туристік инфрақұрылымға белсенді түрде қатыстыру; 4) туристік мекемелерге мемлекеттік бадарламаларға қатысты салалық тапсырмалар беру. Кәсіби қызмет көрсету - ол клиенттердің негізгі мотивтері мен талаптарын пайдалану болып табылады. Олар келесідей болып бөлінеді: 1) денсаулықты жақсарту жұмыстары; 2) тұрмыстық белсенділікті көтеру қызметтері; 3) оқу; 4) өзін-өзі қалпына келтіру шаралары; 5) хобби, қызығушылық тудыратын шаралармен шұғылдану; 6) жұмыс мәселелерін шешу; 7) көңіл көтеру, басқа адамдармен қарым-қатынас құруға арналған турлар; 8) мәдени деңгейін жоғарылату турлары, танымдық мақсаттағы шаралар. Турды ұйымдастырған кезде сандық және сапалық мүмкін - шіліктер ескерілуі керек. Сандық мүмкіншілікке: - нарықтық мүмкіншілік, туристік нарықтағы өнімнің үлесі; - нарықтың өсуі мен тұтынушының құрылымы. Сапалық мүмкіншілікке: - қолданудағы дағдылар; - сатып алғандағы қимыл-тәсіл; - жарнама әдістері; - ақпараттың мінез-құлқы; - тауарлармен байланысты қызметтерді ұсыну жатады. Сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасқан баға көмегімен мар - кетингтік жоспары анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |