4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10. 4А «Қанықпаған көмірсутектер» «Галогеналкандар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



бет2/3
Дата29.01.2022
өлшемі19,79 Kb.
#115884
1   2   3
Байланысты:
10 сынып БЖБ 4 токсан

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • алкендерге тән сапалық реакция көмегімен қанықпаған көмірсутектерд дәлелдейді.

  • алкендер изомерлерінің формулаларын құрастырады

  • қосылу реакциясының теңдеулерін құрады және полимерлену реакциясын жазады

  • қанықпаған көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын жазады

  • мұнайды фракцияцияларының қолдану саласын сипаттайды.


Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну, қолдану
Орындалу уақыты: 20 минут


Тапсырмалар:

1. Алкендер қанықпаған көмірсутектерге жатады,оларды анықтау үшін сапалық реакциялар қолданылады.

(а)Этиленге сапалық реакция жүргізу үшін қай заттарды сапалық реагент ретінде қолданады? Осы реакция кезінде қандай өзгерістер байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыз: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

/2/
2. Кестеде қанықпаған көмірсутектеріңің атаулары берілген, осы атауларына сәйкес құрылымдық формулаларын жаз.




(IUPAC) номенклатурасы бойынша атауы

Қосылыстың формуласы

2-метилбутен-1




3-метил -3-этил-пентен-1




4,4-диметилгексин-2




/3/

3. Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Реакция теңдеулерін жазыңдар.




Қосылу реакциялары

Реакция теңдеулері

А.Этиленді гидрлеу

Б.Этиленді галогендеу

В. Этиленді полимерлеу





/3/

4. Мұнайдан алынған фракциялардың қолдану кестесін толтырыңыз:




Фракция

Қолдану

Газойль







Авиация отыны

Бензин







Жылу стансыларына арналған отын

/2/
5.Келесі қосылыстар-фреондар кең таралған.

а)Трихлорфторметан

б)Дифтордихлорметан

в)Тетерафторметан

Бұл қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңдар.Қай заттың озон қабатын бүлдіру қабілеті жоғары?

/4/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет