4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата13.01.2022
өлшемі17,92 Kb.
#111490
түріИнтервью
Байланысты:
Сәулет өнері


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

 Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз

Сәулет салтанат құрғанда

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы өсуін тоқтатып, әлеуметтің барлық саласында тоқырау болғаны есімізде. Әсіресе, құрылыс нарығына оңай тимеді. Қала мен далада, ауыл мен ауданда, зауыт пен фабрикада, не керек адам аяғы басқан жердің бәрінде құрылыс тоқтады. Құрылысшылар күн көріспен базар жағаласа, архитекторлар шетел асып жатты. Іргетасы қаланып, кірпіші енді өріле бастаған ғимараттар «сақалды құрылысқа» айналды. Қала кейпінің өңі кетіп, қаңыраған ғимараттар қалыпты күйде қабылданды.

Жұрт барды сақтауға талпынған кез еді…

Дәл сол уақытта, айналдырған 25 жыл ішінде, біз Астанадай алып шаһарды тұрғызамыз деп ойламадық. Алматының кең көшелерінде жол айрықтары бірінен соң бірі ашылатынын сезбедік. Шымкент, Ақтау секілді облыс орталықтары жаңаша түлейтінін білмедік. Қытаймен шекаралас аймақта Нұркент қалашығы бой көтеретіні де үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Мұның бәріне жету сондай қиын болып көрінетін.

Біз теледидардан Дубай мен Нью-Йорктің көкпен таласқан ғимараттарына сырттай сүйсініп қана отырамыз деп ойладық. Осындайда ойлағанымыздың орындалмағанына қуанасың. Бүгінде қазақ сахарасы әлемнің үздік архитекторларымен қатар, отандық сәулет өнері хас шеберлерінің ойдағысын орындайтын құт мекенге айналды. Кәсіби құрылысшылар сұранысқа ие. Сарыарқа төрінде ХХІ ғасырдың ең сұлу шаһары – Астана, ертегідегідей ғажап шаһарға айналып, жыл санап емес, ай, тіпті күн санап өсіп келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша идеясын жүзеге асыруға Кисе Куросава, Норман Фостер бастаған заманауи архитекторлар Ұлы далаға ат басын бұруда. Олардың қаламынан сызылған эскиздер қағаз жүзінен емес, қала жүзінен көрініс тапты. Отандық архитекторлар да бай тарихымызды паш ететін, ұлттық нақыштағы әсем ғимараттар мен ескерткіштерді көз алдымызға алып келді. Ақмырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов, Шохан Матайбеков бастаған бір топ архитекторлар сіз бен біздің ойда жүрген бар арманымызды, сан қатпарлы қиялымыздағы бейнені қыруар еңбекпен жүзеге асырды.

Осы алмағайып 27 жыл ішінде Азиада мен Универсиадаға арналған әлемдік деңгейдегі спорт кешендері бой көтерді. «ЭКСПО – 2017» қалашығы құрылыс технологиясының жаңа стандарттарымен салынды.

Еліміздің батыс аймағында – Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбеде кең көлемді құрылыс

жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, тұрғын үй секторы қарқын алған. Жақын арада Ақтөбеде француз және ағылшын кварталдары пайда болады. Одан бөлек, француздық Ibis қонақүй желісінің құрылысы жүргізіледі. Ақтауда Green Plaza тұрғын үй кешені әсемдігі мен асқақтығы тұрғысынан талайдың таңдайын қақтырды.

Елдің солтүстігі мен шығысында да таң-тамаша ғимараттар салынуда. Бурабай демалыс аймағында тұғырдан секіру кешені келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Семейде құрылысы басталғалы тұрған Абай арена Ертіс бойындағы ең сұлу кешен болатыны сөзсіз.

Елдің үшінші шаһары атанып жүрген Шымкент қаласында құрылыс қарқын алуда. Алдағы уақытта қаланың солтүстік батыс бөлігінде «Шымкент сити» шағын ауданы бой көтереді. жақында хай тек стиліндегі Forte bank кеңсесі құрылысын аяқтады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаевтың айтуы бойынша, биыл 5 жолайрығының құрылысы басталады екен.

Асқар БЕК

1. Мақала жанрына тән терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазыңыз.

Терминдер:

сәулет өнеріне қатысты ұғымдар:

жаңа қолданыстағы сөздер:

2. Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды автор не үшін қолданды?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3.Қазақстанның сәулет өнері тақырыбына эссе жазыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет