406 бап. Сатып алу-сату шарты


-бап. Тауарлардың түр-түрi



бет10/25
Дата21.12.2021
өлшемі47,3 Kb.
#104556
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Сатып алу-сату шарты

420-бап. Тауарлардың түр-түрi

Егер сату-сатып алу шарты бойынша түрлерiне, үлгiлерiне, мөлшерiне, түстерi мен өзге де белгiлерiне (түр-түрi) қарай белгiленген тауарлар берiлуге тиiс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келiскен түр-түрi бойынша беруге мiндетті.




421-бап. Тауарлардың түр-түрi туралы шарт талаптарын бұзудың салдары

1. Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр-түрiн шартқа сәйкес келмейтiн етiп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленіп қойған болса, төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.  

2. Егер сатушы сатып алушыға түр-түрi шартқа сәйкес келетiн тауарлармен қатар, олардың түр-түрi туралы шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы бойынша:  


  1. түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келетiн тауарларды қабылдап, қалған тауарлардан бас тартуға;  

  2. берiлген барлық тауарлардан бас тартуға;

  3. түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шартта көзделген түр-түрiндегi тауарлармен алмастыруды талап етуге;  

  4. берiлген барлық тауарларды қабылдап алуға құқылы.  

3. Түр-түрі шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардан бас тартқан немесе түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленіп қойған болса, төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.  

4. Егер сатып алушы түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алғаннан кейiн он бес күн мерзiмде өзiнiң тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар қабылданған болып есептеледi.  

5. Егер сатып алушы түр-түрi шартқа сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартпаса, оларға сатушымен келiсiлген баға бойынша ақы төлеуге мiндеттi. Сатушы бағаны он бес күн мерзiмде келiсу жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда, сатып алушы тауарға шарт жасалған кезде әдетте сол сияқты мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға бойынша ақы төлейдi.  

6. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың ережелерi қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет