406 бап. Сатып алу-сату шарты


-бап. Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары



бет15/25
Дата21.12.2021
өлшемі47,3 Kb.
#104556
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Сатып алу-сату шарты

428-бап. Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары

  1. Егер сатушы тауардың кемшiлiктерi туралы айтпаған болса, тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:  

  1. сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;  

  2. қисынды мерзiмде тауардың кемшiлiктерiн тегiн жоюды;  

  3. тауардың кемшiлiктерiн жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді;  

  4. тиiстi сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетiн тауармен алмастыруды;  

  5. шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшiн төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.  

Шарттың осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтардан сатып алушының бас тартуы туралы талаптары маңызсыз болады. 

2. Жиынтыққа кiретiн тауарлардың (осы Кодекстiң 432-бабы) бір бөлiгiнiң сапасы тиісті деңгейде болмаған жағдайда сатып алушы тауарлардың осы бөлiгiне қатысты, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықты жүзеге асыруға құқылы.  

3. Тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн.  

4. Егер осы Кодексте немесе басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, осы бапта көзделген ережелер қолданылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет