406 бап. Сатып алу-сату шарты
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Шарт нысаны азаматтық заңның мәміле нысанына қойылатын талаптары тарайды. Шарт нысаны оның затына, субъектілеріне және бғасына байланысты болады. Шарт ауызша және жазбаша нысанда жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |