44. Халықтың қоғамдық денсаулығы экономикалық санат ретінде



бет2/5
Дата13.12.2022
өлшемі35,79 Kb.
#162533
түріКодекс
1   2   3   4   5
Байланысты:
44.48 заннама

Қорытынды - Денсаулық көрсеткіші мен әлеуметтік-экономикалық жағ­дай арасындағы байланыс «эко­но­микалық жағдай жақсы болған сайын, халық денсаулығы сон­ша­лықты жақсы болады» деген жо­рамалмен сипатталады
45.Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 271-бабы


Медицина қызметкері -медициналық немесе өзге білімі бар, медициналық ұйымда жұмыс істейтін және еңбек (лауазымдық) міндеттеріне медициналық қызметті жүзеге асыру кіретін жеке тұлға не медициналық қызметті тікелей жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға.


Медицина қызметкері халыққа медициналық қызмет көрсету (медициналық көмек) процесінде туындайтын құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, оның құқықтары мен міндеттерінің ауқымы пациентке қарағанда әлдеқайда кең, ал оның жұмысының нәтижелері үшін заңды жауапкершілік құқықтың барлық салаларында жазылған.
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
271-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлері қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және медициналық этика мен деонтология қағидаттарын басшылыққа ала отырып: 

1) аурулар профилактикасына, денсаулықты нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттауға; 

2) өзінің біліктілігіне, қызметтік және лауазымдық міндеттеріне сәйкес медициналық көмек көрсетуге; 

3) қажет болған жағдайларда консультация үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға; 

4) медицина қызметкері құпиясын ұстауға және сақтауға, пациенттің аурулары, интимдік және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

5) кәсіптік деңгейін үздіксіз арттыруға;

6) Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелуге; 

7) дәрілік заттарды тағайындаған кезде, пациенттің жеке көтере алмау жағдайларын қоспағанда, тиісті медициналық көрсетілімдер болған кезде өз құзыреті шегінде халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрiлiк заттарға рецептілер жазып беруге міндетті.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері, медициналық ұйымдардың басшылары: 

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалауға қатысуға; 

2) өзі көрсететін қызметтер үшін сыйақы алуға жеке мүдделі болу мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізетін белгілі бір объектілерді пациенттерге ұсыным жасауға

3)күн сайынғы дәрігерлік конференциялар, ғылыми-практикалық конференциялар және (немесе) мамандандырылған семинарлар өткізуді қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өкілдері және (немесе) дистрибьюторлар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілетуге құқылы емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет