№45 жалпы орта білім беретін
мектебінің
7 «ә» сынып оқушысы
Қанат Айша
Мінездеме
Қанат Айша 2005 жылы 5 сәуірдн Орал қаласында дүниеге келген. Айша өзге оқушылардан ерекше . Ол әр жұмысты, тапсырманы өз уақытымен орындайды, сабақ айту барысында асықпай сөйлеп, нақты жауап береді, үлкен-кішіге сыйластық танытады.Айшаның жалпы дене дамуы қалыпты,денсаулығы жақсы. Оқу үлгерімі екпінді.Жалпы ақыл-ой дамуы жоғары,дүниетанымы кең, білімділігі өз жас шамасына сәйкес.Сөздік қоры жақсы, өз ойын асықпай, жинақты түрде жеткізе алады.Оқу қабілеті жақсы, оқу процесінде өз бетімен жұмыстана алады.Бос уақытында валейбол үйірмесіне қатысып, кітап оқып, әуен тыңдағанды жақсы көреді.Өзін-өзі басқаруда күн тәртібін сақтанады, іс-әрекет етуге белсенді.Сыныптас жолдастарымен қарым-қатынасы, мектепке қатынасы өте жақсы.Осы машық барысында Айша өзін үлгілі оқушы ретінде көрсетті.
Машықкер:Төлеген Ж.Д
Достарыңызбен бөлісу: |