Ұйымдастыру:
Ынтымақтастықты қалыптастыру: «Шаттық шеңбер». Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
Кім жылдам әдісі бойынша сұрақтарға жауап табу
1Дененің толық энергиясы дегеніміз не?
2.Қабырға сағаты маятнигінің тербелісі кезіндегі кинетикалық және потенциалдық энергиялардың бір-біріне түрленуі болама?
3.Сендердің энергияларың жүгіргенде қалай өзгереді?
4.Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
5.Энергияның сақталу және айналу заңына сүйеніп жұмыстың физикалық мәнін қалай түсіндіруге болады?
Белсенді оқыту әдісі: «Миға шабуыл» Тақырып бойынша қосымша материал беру.
Энергияның екі түрі бар кинетикалық энергия және потенциалдық энергия.
Потенциалдық энергия деп-әр түрлі денелердің немесе бір дене бөліктерінің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия
Кинетикалық энергия деп- денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады.
W=Ek+Eп
W-механикалық энергия
Тысқарғы күштермен әрекеттеспейтін денелер жүйесін тұйық жүйе деп атайды.
Болат шар мен болат тақтадан тұратын тұйық жүйедегі механикалық энергияныныңтүрленуін қарастырайық:
Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы , яғни тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелерді кез келген орналасу қалыпында өзгеріссіз сақталады:
Ек1+Еп1=Ек2+Еп2=...=Екn+Enп=const
W1=W2=Wn=const
Ауырлық күшінің істейтін жұмысы еркін құлап түсетін дененің потенциалдық энергияларының өзгерістерінің өлшемі болатынын ескеріп, төмендегі теңдіктерді жаза аламыз:
A=Eп1-Еп2 немесе А=Ек2-Ек1
Бұл теңдіктердің сол жағы өзара тең. Сондықтан
Eп1-Еп2=Ек2-Ек1 немесе Eп1+Ек1=Еп2+Ек2
W1= Eп1+Ек1
W2= Еп2+Ек2
W1= W2
Механикалық энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты сақталады.
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.
|