48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет157/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
Шығыстану
– 
шығыс елдерінің тілін ғана емес, тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін, 
өнерін, дінін, философиясын зерттейтін ауқымдығылым. Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
Университетінің шығыстану факультеті 1989 жылы құрылып, қазіргі таңда шығыс тілдерін меңгерген 
жоғары білікті мамандарды дайындайтын ірі орталыққа айналды. Факультетте өзінің құрамына 
ирантану, египеттану, монғолтану, қытайтану, арабтану, корейтану және т.б. ғылымдарды біріктіреді. 
Факультет құрамындағы Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия, Қиыр Шығыс, Қытайтану, Түрксой 
кафедраларында қытай, араб, корей, жапон, түрік, урду, хинди, парсы тілдерін жетік меңгеріп, оқитын 
тіл елінің жетікті маманы болып шығуға болады. Бүгінгі Шығыстану факультеті – танымал 
қазақстандық ориенталистика орталығы, мұнда жоғары білікті педагог-мамандар жұмыс істейді, 


185
сапалы шығармашылық оқу-тәрбие үдерісі іске асырылуда, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мазмұнды 
да қызықты студенттік өмір өтуде. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Жаһандану заманында ұлттар 
арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми, мәдени қарым-қатынас қарқынды дамып 
келеді, өткен ғасырдың үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы әлеуметтік белсенді тұлғаны 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы білімдік ортаны құра отырып, білім мен кәсіпкерлікті 
ұштастыра білу де жаһандану заман талабының бірі болып отыр. Әлемдік білім беру жүйесінің 
алдыңғы қатарындаға университеттер зерттеулер мен инновациялық технологиялар арқылы өз елінің 
емес, тіпті әлемдің деңгейдегі өзекті мәселелерді шешіп отыр. Университет-мемлекет-кәсіпкерлік 
үштігіне сүйене отырып, Жоғары оқу орындарының алдында тек сапалы білім беру ғана емес, сапалы 
біліммен қатар кәсіпкерлік мәселенің шешімін табу мақсаты тұрады [3]. Кәсіпкерлік университет 
біріншіден ғылыми негізделген инновациялық өндіріс құру қажет. Бұл пайда әкеліп қана қоймай, дами 
келе қоғамдық маңызы бар зерттеулер жүргізім, мемлекет үшін, алдағы уақытта тіпті әлемдің маңызы 
бар мәселелердің шешімін табуға алып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, 
Қиыр Шығыс кафедрасы да кәсіпкерлік университет бағытында жұмыс істеу мақсатында 2015 жылдан 
бастап «Хангук» ғылыми-зерттеу (білім беру/консалтинг) орталығын ашқан болатын. 2016 жылдан 
бастап бұл орталық жеке және топтық корей тілінен сабақ беру жұмысын тастап кетті. 2016-2017 оқу 
жылдар арасында «Хангук» ғылыми-зерттеу (білім беру/консалтинг) орталығында 10 білім алушы 
корей тілінің бастапқы деңгейін игеріп шықты. Әрине кәсіпкерлік университет деңгейіне жетіп, 
мақсатқа жету үшін әлі қыруар жұмыс атқару қажет. Бірақ «Хангук» ғылыми-зерттеу (білім 
беру/консалтинг) орталығы өз алдына көп мақсаттар қойып отыр. Оңтүстік Корея мен Қазақстан 
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылы ішінде екі ел арасында өзара сенімділік, 
ортақ мүдде пайда болды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап Корея Республикасы мен 
Қазақстанның қарым-қатынастары күннен-күнге қарқынды дамып, екі жақты байланыс берік нығайып 
келе жатыр. Қазіргі таңдағы екі ел арасындағы қарым-қатынастың белсенді дамуы тек экономикалық 
алмасуға ғана емес, мәдениғ саяси, әлеуметтік алмасуға да әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз. Қазақстан 
Республикасының экономикалық әлеуеті мен болашағы Корей елінің бизнесмендерінің назарын 
аудартып, корейлік инвесторларды қызықтырып келеді. Корей елінің бизнесмендері мұнай, электр, 
құрылыс, жол, сауда, инновация саласы секілді салалардағы жобаларға қатысуда. Қазақстан үшін 
Корея Республикасы экономикалық дамуы жоғары және әлеуметтік-мәдени ерекшелігі бар алдыңғы 
қатарлы, қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі. Небәрі 30-40 жыл арасында Оңтүстік Корея 
аграрлы мемлекеттен Азия аймағындағы экономикасы басып озған елге айналып отырғанын бүкіл әлем 
мойындады. Осыдан кейін көптеген мамандар ендігі тұста Кореяның дамуыны себепкер болған түрлі 
факторларды қарастыра отырып, халықтың өмір сүру салты мен басты құндылықтары сияқты 
әлеуметтік-мәдени саладағы сан-қырлы өзгерістерді зерттей түскені сөзсіз. О баста Оңтүстік Кореяның 
қарқынды дамуына шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялық өнімді экспорттау септігін 
тигізді. Әрине бұл дамудың астарында ерте заманнан бері қалыптасқан «еңбек ету», «бірлесіп жұмыс 
істеу» сияқты ұлттық менталитеттің ерекшелігі жатыр [4]. 
Екі ел арасындағы осындай тығыз қарым-қатынас Қиыр Шығыс кафедрасы үшін де орасан зор 
мүмкіндіктер ашып отыр. Корей тілін шығыстану факультеті қабырғасында білім алып жатқан 
студенттерге үйретіп қана қоймай, Қазақстанда корейлік компанияларда жұмыс істеп жатып, тіл 
үйренуге құлшыныс білдірген басқа саладағы мамандарға да корей тілін үйретуге мүмкіндік бар. 2018 
жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстандағы АО «Шинхан банк» компаниясының Қиыр Шығыс 
кафедрасына өз мамандарының корей тілін үйренуге ниет білдіріп, келісім-шарт жасауға ұсыныс 
білдіргені де жетістіктің бірі деп санаймыз. 2014 жылғы есеп бойынша Қазақстан аумағында 300-ге 
жуық қазақстан-корея бірлескен компаниялары құрылған [5]. Корейлік кәсіпкерлер Қазақстандағы 
кәсіпкерлікті таңдау барысында ең алдымен өз мүдделерін емес, қазақстандықтандың мүддесін 
алдыңғы қатарға қоюмен ерекшеленеді. Әдетте Оңтүстік Корея компаниялары кәсіпкерлік ашу 
барысында корейлік білікті мамандардың қазақстандық мамандарға үйрету мен тәжірбие алмасу 
қажеттігін айтып, жұмысқа қабылдауда да қазақстандық мамандар қабылдау керектігін ашып айтады. 
Қазіргі таңда оңтүстік Корея компаниялары телекоммуникация, құрлыс, ауыл шаруашылығы, 
энергетика сияқты салаларда жоғарғы технологияларды енгізіп, жұмыс істеуде. Қазақстанда қарқынды 
дамып келе жатқан Оңтүстік Корея компанияларының қатарында Samsung, LG Electronics, LG 
International, SK Corp., NTC, Ritex, құрлыс саласында Yurim, SungWon и Hanjin сияқты компаниялры 
бар. Тіпті банк саласында да Kookmin Bank, Shinhan Bank и Woori Bank компаниялары ашылған. 
Білімнің қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттың Университетінің білім мен адам 
капиталы мен жоғарғы технологиялық өнімді экспорттау алдыңғы қатарлы елдің бірі болып келе 
жатқан Оңтүстік Кореяның тәжірбиесін ұштастырып, екі жақты байланыстыра алатын бұл тілік жетік 


186
меңгеріп қана қоймай, мәдениетін, салт-дәстүрін, экономикасын білетін Қиыр Шығыс кафедрасының 
мамандары.
П.Шульце университеттің кәсіпкерлік қызметін іске асырудың екі жолын көрсетеді. Оның алғашқы 
бағыты болашақ кәсіпкерлерді, яғни өздерінің меншікті бизнестерінің негізін қалап, ол үшін 
жауапкершілікті мойнына ала білетін адамдарды даярлау керек. Екінші бағыты – дәл сол 
университеттің өзінің кәсіпкерлік қызметі. Яғни, оның бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, 
еншілес фирмаларды, т.б. кәсіпкерлік нысандарды құруы болып табылады.Қиыр Шығыс кафедрасы өз 
құрамындағы «Хангук» ғылыми-зерттеу (білім беру/консалтинг) орталығының жұмысын білім 
беруден бастаса да алдағы уақытта соңғы онжылдықта Корея Республикасының сыртқы сауда көлемі 
3 есейіп, дүниежүзілік экспорттағы үлесі 2,7%-ға жеткен Оңтүстік Корея мен дамып келе жатқан 
Қазақстан арасындағы серіктестіктің делдалы бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет