48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет36/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: музыкалық білім беру, музыкалық білім берудің дамуы, симфоникалық оркестр, 
камералық оркестр, қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, үрлемелі аспаптар квинтеті, 
тромбоншылар квартеті. 
Жоғары білім беру жүйесінде инновациялық даму және экономикалық өсу үшін университеттерде 
шешуші мәнге ие түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістердің мемлекетіміздің гүлденіп, 
халықтың әл-ауқатын арттыруға да әсер етері сөзсіз. Бұған университеттердегі әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер де куә. Оның дәстүрлі білім беру және ғылыми мақсатымен қатар 
экономикалық белсенділік саласы да тез дамып келеді. Университет қызметінің жаңа саласына 
технологияларды жасау және өзгерту, академиялық ғылым өнімдерін коммерциялау және оларды 
нарыққа шығару, жаңа бизнестерді құру, пайда көру мақсатында интеллектуалды меншіктерді басқару 
кіреді. 
Болашақтың университеті қандай болу керек, «әлі жоқ мамандарды» дайындау үшін индустрия 
талаптарына сай келіп қана қоймай, олардан оқ бойы озық тұру үшін қалай құрылу керек? Алдыңғы 
қатарлы жоғарғы оқу орындарының басшылары болашақтың университетін құру тапсырмасы 
«Университет 4.0» үлгісі бойынша дамитын білім беру үрдісінің негізінде жатыр деген ортақ пікірге 
келді. 
«Университет 4.0» үлгісі білім беру, ғылым және инновациямен қатар міндетті түрде креативті 
ортаны құруды да қамтуы керек. Бүгінгі таңдағы жұмыс берушілер өз компаниясында кәсіби білікті 
мамандарды ғана емес, топта жұмыс істей алатын, шешім қабылдап, өзіне жауапкершілік ала алатын 
жеке қасиеттері дамыған қызметкерлерді көргілері келеді [2]. 
Қазақ Ұлттық консерваториясы еліміздегі алдыңғы қатарлы музыкалық жоғарғы оқу орындарының 
бірі. Соңғы 25 жылда консерваторияда заманауи музыка бағытында айтарлықтай алғы жылжу болды. 
Кейінгі жылдары консерватория студенттерін республика көлемінде, алыс және жақын шет елдерге 
гастрольдік сапарларға жіберу жүйелі ұйымдастырылып жүр. Бұл Студенттер симфониялық 
оркестрінің Қазақстан қалаларындағы концерттік қойылымдарымен, Ұлыбританиядағы Barbican Hall 
концерттік залында; Италияның Сан Феличе Академиясында өткен «Ninth International Festival of 
European Youth Orchestras» атты жастар оркестрі фестивалінде, Германияның Берлин, Кассель, 
Франкенберг, Баттенберг, Бонн қалаларында өткен «Young Euro Classic» және «Kultursommer» 
халықаралық жастар оркестрі фестивалінде, Қазақ ұлттық аспаптар студенттік оркестрінің Қытай 
Халық Республикасы және Түркияның Анкара, Стамбул қалаларындағы гастрольдік сапарымен, 
Қырымда өткен «Халықаралық өнерлі жастар мен студенттер фестиваліне» қатысуымен
консерватория студенттері аралас хорының Италиядағы Халықаралық хор ұжымының «Музыкалық 
Венеция-2009» фестиваліне қатысуымен, Консерватория студенттері камералық оркестрінің 
Тәжікстандағы Халықаралық «Бахористан» камералық оркестрлер фестиваліне қатысуымен және 
консерватория педагогтары мен студенттері ұжымының Алматы қаласындағы республика сарайында, 
Астана қаласының сарайында табысты ұжымдық концерт қоюымен айқындалады. Осындай 
музыкалық білім базасымен «қаруланған» консерватория бітірушілері болашақ музыка маманы ретінде 
республиканың барлық музыкалық ұжымдарында, концерттік ұйымдар мен оқу орындарында табысты 
қызмет етуде [1]. 
Сондай-ақ бізде оқудан қол үзіп қалмастан, гастрольдік сапарларға шығып, өнерді жанына серік 
етіп жүрген шығармашылық топтар пайда болды. Мысалы, дирижерлық кафедрасының студенттерінен 
құралған студенттік аралас хор көптеген жылдар бойы әлемнің түрлі елдеріндегі әйгілі конкурстардың 
жеңімпаздары болып келеді. Олар көне әндерді де, қазақтың халық әндерін де, заманауи әндерді де, 
рухания жырларды да нақышына келтіріп шырқай алады. Сондай-ақ бізде студенттік симфоникалық 
оркестр, камералық оркестр, қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, «Сарын» фольклорлы-этнографиялық 
оркестрі, домбырашылар оркестрі, «Меруерт» қобызшылар оркестрі, үрлемелі аспаптар квинтеті, 
тромбоншылар квартеті бар. Кейбір студенттер тіпті қалалалық музыкалық мектептерде жұмыс істеп, 
өз шәкірттерін түрлі конкурстарға қатыстырып, вокал және аспаптар бойынша жеке сабақтар жүргізеді. 
Біздің студенттер консерваториядан тыс балалар үйі, балабақшалар, музыкалық және жалпы білім беру 
мектептері, ауылдық мәдениет үйлері сияқты көптеген жерлерде түрлі концерттер өткізеді. Бұған таң 
қалуға болмас, өйткені олардың көбі халықаралық конкурстардың лауреаттары және АҚШ, 
Ұлыбритания, Германия, Италия, Ресей сияқты елдердің әйгілі концерт залдарында өнер көрсеткен. 
Бізде шәкірт-ұстаз деген түсінік жоқ, мұнда олар – кәсіби әріптестер. Қазір консерватория студенттері 
жапон және неміс фирмаларының (Steinway&Sons, Grotrian-Steinweg, Bluthner, Seiler, August Forster, 
Yamaha) ең жақсы аспаптарымен, сондай-ақ ішекті квартет үшін электронды аспаптармен ойнайды. 
Консерваторияның және оңтүстік астананың құрметіне қойылған студенттік ұжымның Үлкен зал 


42
сахнасындағы концерттері толық аншлагпен өтеді. Әрине, концерттер мен халықаралық конкурстарға 
қатысумен қатар студенттер мен ұстаздар аудиториялар мен зертханалардағы күнделікті сабақтарын 
да ұмытқан емес. 
Жоғарыда айтып өтілген жұмыстарымыздың тағы бір дәлелі ретінде өткен жылыдың ең айтулы 
оқиғасы – 
Астанада
EXPO-2017
Халықаралық көрмесі аясында өткен Гала
концертті ерекше айтып өту 
керек деп ойлаймын. Бүкіл әлем көз тіккен осы бір үлкен іс-шарада өнер көрсету үлкен 
жауапкершілікті талап етеді. Бірақ мұндай іс-шараның талайынан сүрінбей өткен ұжым бұл жолы да 
көпшіліктің де, көрмеге келген қонақтардың да көңілінен шығып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен 
атқарып шықты. Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымының концерттік бағдарламасы көрермендер мен 
қонақтар үшін әлемге танылған орындаушылар мен консерваторияның жас дарынды өнерпаздарының 
орындауындағы симфоникалық, хор, үрмелі аспаптар және ұлттық музыканы ұсынды. Пианист, оқу 
орнының бас ректоры Жәния Яхияқызы тыңдармандарын күтпеген жаңа туындылармен таң қалдырды. 
Сахна төрінді әдеттегідей Бахтың емес, «Гарри Потер» мен «Кариб теңізінің қарақшыларының» 
партитуралары ойналды. «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне ұжым әртүрлі жанрлық бағдарламалар 
әкелді. Тыңдармандер мен қала қонақтары классикалық және заманауи музыка негізінде жасалған 
ерекше музыкалық композицияларды тыңдап, әсем ән мен тәтті күйдің әуенінен ләззат алды. Қазақ ұлт 
аспаптар оркестрінің орындауында әлемдік классика мен эстраданың жауһарлары жаңа виртуоздық 
өңдеуде шырқалады. Осылайша Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясыны ұжымы өзінің 
татулығы, өнерпаздығы арқасында талай іс-шараны ойдағыдай атқарып, талай асуларды бағындырды. 
Осылайша Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясыны ұжымы өзінің татулығы, 
өнерпаздығы арқасында талай іс-шараны ойдағыдай атқарып, талай асуларды бағындырды. Алдағы 
уақытта да бұл оқу орнынан әлемді мойындататын ұлы өнерпаздар, қазақ халқының дәстүрлі ән-
жырын, ұлттық аспаптарын, күмбірлеген күйлерін әлемге танытатын ерекше дарабоздардың 
шығарына кәміл сенемін. 
Жалпы қорыта айтқанда, студенттеріміздің музыкаға деген тиянақгы ынтасы мен сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есіту, ырғақ, есте 
сақгау) қалыптастырумен катар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға 
тәрбиелейді. Үлкен салтанатты кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-
шаралар студенттерімізді ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыкқа, ынтымақка жетелейді. Бұл 
қасиеттердің барлығы «Университет 4.0» үлгісінің негізін қалайды. 
Демек, ө
нер адамның сенім,
патриоттық,
интернационалдық,
адамгершілік,
сезімталдық, 
мейірбандық, сұлулық сияқты қасиеттерінің қалыптасуына игілікті әсер етеді. Осы орайда Құрманғазы 
атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болашақта да рухани жаңғыру аясында еліміздің өнері мен 
мәдениетін ұлттық құндылықтар аясында таным тереңдігіне бойлата түспек. Әрі әлемдік музыкалық 
ЖОО-ның қатарына қосылу мақсатында «Университет 4.0» үгісі арқылы тікелей студенттердің 
атсалысуымен түрлі жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет