139
мамандардың санын және сапасын арттыру, осы саладағы жұмыс жасап жатқан мамандардың
біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету тапсырмасы қойылады [7].
Сандық Қазақстан бағдарламасы аясында жүргізілетін жобаларда ақпарат қауіпсіздігі маңызды
орынға ие. Сандық технологиялардың дамуы біздің елімізде келесідей факторлармен байланысты:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлемдік нарықта рөлінің күшеюі және ақпараттық
индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған ақпараттық қызметтерді өндіретін және
экспорттайтын отандық компанияларға, кәсіпорындарға қолдау көрсету, сонымен қоса еліміздің
экономикасын модернизациялау. Осыған орай қаржы-экономикалық салада, білім саласында, тіпті
мемлекеттің саясаттың негізгі бағыттарында қолданылатын ақпараттық технологиялардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды тапсырма болып табылады. Заманауи талаптарға сай сандық
технологиялар: үлкен деректер қорлары, желілер мен жүйелердің, мобильді технологиялардың және
т.б. технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып мемлекеттің маңызды деректерін
қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. Осы мақсатта қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білікті
мамандарды дайындау үшін арнайы оқу бағдарламаларын қолдану үлкен септігін тигізеді.
Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздігі бойынша мамандықтарды игерген мамандар
жауап бере алатын кейбір компетенциялар мен қабілеттіліктерге тоқтала кетсек [7]:
-
Операциялық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарына
қызмет көрсету;
-
Операциялық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың ішкі жүйелерін администрациялау;
-
Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздік саясатын құру және қорғау бойынша
талаптарды жасау;
-
Қолданушылардың есеп жазбасын басқару, сонымен қоса паролдардың ауысуын,
генерациялануын және қайта қалпына келуін басқару;
-
Ақпаратты қорғау құралдарының жұмысқа қабілеттілігінің апатты қалпына келуін және
резервті көшіруді орындау;
-
Компьютерлік желілерде желіаралыө жкрандары орнату;
-
Берілген талаптарға сай желіаралық экрандарды баптау:
-
Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдары мен әдістері
Қорытынды. Жоба тапсырмасына мансап орталықтары жұмыстарын белсенді ету кіреді, себебі
мансап орталықтары түлектердің жұмыспен қамтылуының жоғарылауына әсер етеді және
университеттің кәсіпорындармен серіктестігін дамытады. Сонымен қоса, жобаны жүзеге асыру
барысында, яғни студенттерге, магистранттарға және мамандарға онлайн курстарды жасау жобаның
танымалдылығының артуына себеп болады деп күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: