22 дек. 2020 г.
4сұрақ. Толық жұмыс жасау үшін барлық қажетті құрылғылармен дербес компьютер жинаңыз. Әр құрылғының толық сипаттамасын жазыңыз. Толық жұмыс жасайтын дербес компьютер құрастыру үшін бізге оның негізгі және қосымша құрылғылары керек болады. Негізгі құрылғыларына монитор, тышқан, пернетақта жатады. Монитор ол мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы болып табылады. Одан кейінгі пернетақта ол мәтіндік немесе сызбалық ақпараттарды енгізуге арналған компьютердің негізгі құрылғысы. Ол алфавиттік, сандық ақпараттарды енгізуге көмек береді. Тышқан арқылы біз өзімізге керекті ақпаратты енгізе аламыз. Оның түрі кәдімгі тышқанға ұқсайды. Сол себепті оған тышқан атауы берілген. Тышқанның оң жақ және сол жақ пернесі болады. Жүйелік блокта компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады. Оның ішінде процессор, компьютер жады, аналық тақша, қатты диск болады. Процессор компьютердегі мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол аналық тақшада орналасады. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы процессордың шапшаңдығына байланысты болады. Аналық тақша-бұл компьютердің барлық құрамдас біліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Компьютердің жады-ақпаратты сақтауға қатысады. Ал қатқыл диск үлкен көлемдері мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтауға көмек береді.
7 сұрақ. Компьютердің негізгі конфигурациясына қандай құрылғылыр кіреді?
Жауап; Есептеу жүйесінің құрамын конфигурациясы деп атаймыз. Компьютер бұл бір ғана емес сыртқы және ішкі негізгі құрылғылар жиынтығы. Негізгі құрылғыларға жүйелі блок, монитор, пернетақта, тышқанды жатқызуымызға болады.
Жүйелі блок дегеніміз- дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы болып табылады. Оның ішінде жүйелік тақша аналық тақша процессор жедел жад қатқыл диск қоректендіру блогы және видеокарта жатады.Жүйелі блоктың артқы жағында қосымша құрылғылар орналасқан.Олар; принтер,модем,сканер,микрофон.
Монитор-мәтіндік немесе сызбалық акпараттарды бейнелеуге арналған құрылғы.Мониторлар электронды-сәулелі,түтікшелі, және сұйық кристалды монохромды болады.Негізгі параметрлері; экранның мөлшері, экран қалқасының қадамы, қорғау класы және тб