5. 1-ресурс. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтың жалпы сипаттамасы


Құзыреттілік: ғылыми-жаратылыстану зерттеу ерекшеліктерін түсіну



бет3/7
Дата04.01.2022
өлшемі25,67 Kb.
#109274
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5.1 ресурсы ЖҒ топтық жұмысқа

Құзыреттілік: ғылыми-жаратылыстану зерттеу ерекшеліктерін түсіну

2.1

Зерттеудің мақсатын анықтау және тұжырымдау

Зерттеу барысын немесе зерттеушілердің әрекеттерін қысқаша сипатталуы бойынша оның мақсатын нақты тұжырымдау ұсынылады.

2.2

Осы мәселенің ғылыми зерттеу тәсілін ұсыну немесе бағалау

Мәселенің сипатталуы бойынша оны шешуге бағытталған зерттеу идеясын қысқаша тұжырымдау немесе бағалау, және/немесе осындай зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттау ұсынылады.

2.3

Түсіндіретін болжамдарды алға тарту және оларды тексеру тәсілдерін ұсыну

Сипатталған құбылысты түсіндіретін болжамдарды тұжырымдау ғана емес, міндетті түрде оларды тексеру жолдарын көрсету ұсынылады. Болжамдар жиынтығы тапсырманың өзінде ұсынылуы мүмкін, олай болған жағдайда оқушы тек тексеру тәсілдерін ұсынуы тиіс.

2.4

Деректердің сенімділігі мен дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін ғалымдар қолданатын әдістерді сипаттау және бағалау

Нәтиженің сенімділігін арттыратын белгілң бір зерттеу элементінің мақсатын сипаттау ұсынылады (бақылау тобы, бақылау үлгісі, үлкен статистика және т.б.). Немесе: мәселені зерттеудің сенімді стратегиясын таңдау ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет