5, 10, 11 «Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»


-сынып геометрия курсын қайталау



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі112,34 Kb.
#92239
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
dajyn-altaeva-57cbf7b2dfaca (1)

1. 10-сынып геометрия курсын қайталау

2 сағ




2. Көпжақтар

21 сағ




1

Көпжақты бұрыш туралы түсінік, үшжақты бұрыш

1




2

Геометриялық дене туралы түсінік. Көпжақтар

1




3

Призма, оның элементтері

1




4

Тік және дұрыс призмалар, параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб

2






5

Параллелепипедтің қасиеттері

1




6

Призманың жазбасы. Призманың бетінің ауданы

2






7

1-бақылау жұмысы

1




8

Пирамида және оның элементтері

1




9

Дұрыс пирамида, қиық пирамида. Пирамиданың жазбасы

2






10

Пирамиданың және қиық пирамиданың бетінің ауданы

3




11

Кеңістіктегі қозғалыстар туралы түсінік: нүктеге, түзуге, жазықтыққа қатысты симметриялар

1




12

Кубтың, параллелепипедтің, призманың және пирамиданың симметриялары

1




13

Көпжақтардың жазықтықпен қималары (өлшеу есептері)

1




14

Дұрыс көпжақтар. Бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар.

1




15

2-бақылау жұмысы

1







Тест-1

1




3. Айналу денелері

19 сағ




1

Айналу фигуралары. Тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері.

1




2

Цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы

1




3

Цилиндрдің бетінің ауданы

1




4

Призмаға іштей және сырттай сызылған цилиндрлер

1




5

Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары. Конустың жазбасы

1




6

Конустың бетінің ауданы

1







3-бақылау жұмысы

1




7

Пирамидаға іштей және сырттай сызылған конустар

1




8

Қиық конус және оның бетінің ауданы

1




9

Сфера және шар

1







Сфераның теңдеуі

1







Шардың және сфераның жазықтықпен қимасы

1







Сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері

1







Шар секторы және шар сегменті

1







Көпжаққа іштей және сырттай сызылған сфералар

1







Шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданы

1







Цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер

1




10

4-бақылау жұмысы

1







Тест-2

1




4. Денелердің көлемдері

18 сағ




1

Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері

1




2

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, призманың көлемі

2






3

Пирамиданың көлемі

2






4

Кеңістіктік фигуралардың ұқсастығы

1




5

Ұқсас фигуралардың көлемдері

1




6

Цилиндрдің көлемі

2






7

Конустың көлемі

2






8

5-бақылау жұмысы

1




9

Шардың және оның бөліктерінің көлемі

2






10

Геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептер

1




11

Кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

1




12

6 – бақылау жұмысы

1







Тест-3

1




5. Қайталау. Есептер шығару

8 сағ




Көпжақтар.

1




Айналу денелері.

2






көпжақтар мен айналу денелерінің беттері мен көлемдері.

2









7 -Қорытынды бақылау жұмысы.

2









Тест-4

1




Барлығы

68 сағ




11 сынып Алгебра және анализ бастамалары, геометрия курстарын оқытуда пайдаланылатынәдебиеттер
1 Оқулық: «Алгебра және анализ бастамалары» 11, әдістемелік нұсқаулық, дидактикалық материалдар А.
Әбілқасымова ж.т.б. Алматы «Мектеп» 2015.
2 Оқулық:«Геометрия»11,әдістемелік нұсқаулық,дидактикалық материалдар В.Гусев.ж.т.б..Алматы «Мектеп» 2015.
3 Оқулық: «Алгебра және анализ бастамалары» 11, әдістемелік нұсқаулық, дидактикалық материалдар, есептер жинағы Ә.Н.Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2011,
4 Оқулық: «Геометрия» 11, әдістемелік нұсқаулық ,дидактикалық материалдар, есептер жинағы
Ә.Н.Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2011,.
5 2600 тестов и проверочных задании по математике для школьников и поступающих в вузы. П.И.Алтынов и другие.
Москва Издательский дом «Дрофа» 1999ж
6. Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике И.П.Рустюмова,
С.Т.Рустюмова Алматы 2010г -2014г
7. Тренажер по математике для для потготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике
И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмова Алматы 2010г-2014г
8. Математика және физика республикалық ғылыми-әдістмелік журнал
9. Алгорифм республикалық ғылыми әдістемелік журнал
11. Информатика, физика, математика республикалық ғылыми-әдістмелік журнал
12. Репетитор републикалық математика және жаратылыстану журналы
13. Математика республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
14. Төрт таңбалы математикалық таблица Браддис
15 Электронды оқулық
16. Интернет материалдары

«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»


мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында
_____Г.У.Акназарова ісі жөніндегі орынбасары ______ К.А.Алтаева
______ Г.М.Биманова Хаттама № ________
« »__________2016ж « »__________2016ж « »__________2016ж


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар



  • Пәні: Алгебра

  • Сынып: 10

  • Сағат саны: алгебра 102, аптасына 3 сағат

  • Жоспар бойынша бақылау жұмыстары: алгебра-7,

  • Оқулық Алгебра 10 Ә.Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014,

  • Әдістемелік нұсқау: Алгебра 10 әдістемелік нұсқау Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  • Дидактикалық материалдар: Алгебра 10 дидактикалық материалдар. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  • Есептер жинағы: Алгебра 10. Есептер жинағы. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде. №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын басшылыққа алынып, негізделіп жасалды.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.
3. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстың белсенді түрлерін көбейтуді, оқушыларды коммуникативтік, зерттеу және практикалық қызметке араластыруды, ақпараттық технологияларды қолдануды көздейді.
4. Оқыту мақсаты: алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін игеру, олардың математикалық тілді меңгеру, математикалық шығармашылыққа деген қызығушылығын, математикалық интуициясын және математикалық қабілеттерін дамыту; өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның қызметтің түрлеріне құндылықпен қарауын тәрбиелеу.
5. Оқытудың міндеттері:

  1. тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету;

  2. ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы ретінде математика туралы, математиканың әдістері мен идеялары туралы түсініктерін қалыптастыру;

  3. жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математика туралы, қазіргі қоғам мен өркениет тарихында математиканың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту; оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлестері туралы түсініктер арқылы жалпы дүниетанымдарын кеңейту; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

  4. математикадан есептерді шығарудың жаңа жолдарын игеру; қазіргі кезеңге сәйкес аралас пәндерді игеруде қажетті математикалық білімдерді меңгеру; күнделікті өмірде қолдану; практикалық қызметте математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамыту.

  5. қазіргі қоғамда, жалпы әлеуметтік бағдар және практикалық мәселелері шешуде әр адамға қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыру; оқушының ой-өрісін, логикалық ойлауын, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту;

  6. әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу; өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және оларды шығаруға, сабақтарға презентациялар дайындауға мүмкіндік беру; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;

  7. тұлғаның даму факторы (басқаларды тыңдау және түсіну, өзін таныту, компромисс табу, топ ішінде қарым-қатынас жасау, келісімге келу, топта жұмыс жасау, өзінің және жолдастырының жұмыстарын бағалай білу) ретінде оқушыларды ойын, коммуникативтік, практикалық және зерттеу қызметіне қатыстыру;

  8. жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін әрі қарай игеруге жағдай жасау; игерілген ұғымдар, қасиеттер, ережелер, алгоритмдерді және т.б., алынған нәтижелер мен қолданбалы сипаттағы есептер мен аралас пәндер есептерін шығаруда математикалық әдістерді қажет жағдайда анықтамалықтар, калькулятор мен компьютерді қолдану біліктігін қалыптастыру.

6. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.
7. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.
8. 10-сыныпта оқытудың міндеттері:

  1. тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;

  2. функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

  3. сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;

  4. күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;

  5. тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;

  6. тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін, туындыны игеру;

  7. тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның және тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;

  8. практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;

  9. комбинаторика злементтерімен таныстыру.

9. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Алғашқы функция және интеграл», «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер», «Теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктердің жүйелері», «Ықтималдық» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын және соңында 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.
11. Жаратылыстану-математикалық бағытағы «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;

Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

13. 10-сыныпқа арналған алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:



  1. «7 - 9 сыныптардағы алгебра курсын қайталау (6 сағ)». Нақты сандарға амалдар қолдану. Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдіктерді дәлелдеу. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңдеулер. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңсіздіктер. Интервалдар әдісі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер және теңсіздіктер жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер. Мәтінді есептерді шығару. Сандар тізбегі. Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. , (а ≠ 0), , (k ≠ 0), түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері;

  2. «Функция, оның қасиеттері және графигі (15 сағ)». Функция. Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны. Функцияның берілу тәсілдері. Функцияның графигі. Функцияның қасиеттері: өсуі және кемуі, шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары. Нүктенің аймағы. Экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары. Кемімейтін функция. Өспейтін функция. Кері функция. Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер. Функцияны зерттеу және оның графигін салу;

  3. «Тригонометриялық функциялар» (10 сағ). Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері. Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Құрамында арксинусы, арккосинусы, арктангенсы, арккотангенсы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Кері тригонометриялық функциялар;

  4. «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» (15 сағ). Тригонометриялық теңдеу. sinх = а, cosх = а, tgх = а, ctgх = а түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер және олардың шешімдері. Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері (Бір тригонометриялық функцияға байланысты алгебралық теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық формулалардың көмегімен түрлендіріліп шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Теңдеудің дәрежесін төмендету арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Біртекті тригонометриялық теңдеулер. Қосымша аргумент енгізу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер). Тригонометриялық теңдеулер жүйелері және олардың шешімдері. Тригонометриялық теңсіздік. Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу;

  5. «Туынды (22 сағ)». Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Функцияның үзілісті нүктелері. Асимптота. Туынды. Функцияның дифференциалдануы. Туындыны табу ережелері. Дифференциалдау. Дәрежелі функцияның туындысы. Туындының физикалық және геометриялық мағыналары. Функцияның графигіне жүргізілген жанама. Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Күрделі функция. Күрделі функцияның туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары. Жуықтап есептеулер;

  6. «Туындыны қолдану (16 сағ)». Функцияның бірсарындылық белгілері (өсуі және кемуі). Функцияның кризистік нүктелері. Экстремумның бар болуының жеткілікті шарттары. Функцияны туындының көмегімен зерттеу және графигін салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндері. Туынды практикалық есептерді шығаруда қолдану;

  7. «Комбинаторика және Ньютон биномы (6 сағ)». Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру). Оқиғаның ықтималдығын есептеуде комбинаториканың элементтерін қолдану. Ньютон биномы;

  8. «10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (12 сағ)». Функцияның қасиеттері: өсуі және кемуі, экстремумдары, шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы, үзіліссіздігі, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары. Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер. Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелері. Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Туындыны табу. Функцияның өсу және кему белгілері. Кризистік нүктелер. Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Функцияны туындының көмегімен зерттеу және графигін салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндері. Туындыны практикалық есептерді шығаруда қолдану. Жуықтап есептеу формулалары.



АЛГЕБРА
10-сынып
(барлығы 102 сағ, аптасына 3 сағ)





Тақырыптың атауы

Сағат саны

Мерзімі

7-9 сыныптардағы алгебра курсын қайталау

6 сағ




1

Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері

1




2

Рационал өрнектерді теңбе- тең түрлендіру

1




3

Сызықтық, квадрат және бөлшек -рационал теңдеулер

1




4

Сызықтық, квадрат және бқлшек -рационал теңcіздіктер

1




5

Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі

1




6

Бақылау жұмысы №1

1




І тарау. Функцияның жалпы қасиеттері

15 сағ




7-9

Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны

3




10-12

Функциялардың берілу тәсілдері. Функция графигі.

3




13-14

Функцияның қасиеттері

2




15-16

Күрделі және кері функция

2




17-18

Функция графигін қарапайым түрлендіру

2




19-20

Функцияны зерттеудің қарапайым жоспары және графигін салу

2




21

Бақылау жұмысы №2

1




ІІ тарау. Тригонометриялық функциялар

10 сағ




22-24

Тригономериялық өрнектерді түрлендіру

3




25-26

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері

2


27-28

Кейбір тригонометриялық функциялардың графиктерін салу мысалдары

2


29-30

Кері тригонометриялық функциялар

2


31

Бақылау жұмысы №3

1




ІІІ тарау. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

15 сағ




32

Тригонометриялық теңдеулер

1




33-35

Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері

3




36-38

Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу

3




39-40

Кері тригонометриялық теңдеулер

2




41-43

Тригонометриялық теңсіздіктер

3




44-45

Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі

2




46

Бақылау жұмысы №4

1




ІV тарау. Туынды

22 сағ




47-48

Сан тізбегінің шегі

2




49-50

Функцияның нүктедегі шегі

2




51

Функцияның үздіксіздігі

1




52-53

Функцияның туындысы және дифференциалы

2




54-56

Функцияны дифференциялдау ережесі

3




57-59

Күрделі және кері функциялардың туындысы

3




60

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы.

1




61-62

Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

2




63-65

Тригонометриялық функциялардың туындылары

3




66-67

Туындыны жуықтап есептеуде қолдану

2




68

Бақылау жұмысы №5

1




V тарау. Туындыны қолдану

16 сағ




69-71

Функцияның бірсарындылық белгілері

3




72-74

Функцияның кризистік нүктелері

3




75-76

Экстремумның бар болуының жеткілікті шарттары

2




77-79

Функцияны туындының көмегімен зерттеу және графигін салу

3




80-81

Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері

2




82-83

Туындыны практикалық есептерде қолдану

2




84

Бақылау жұмысы №6

1




VІ тарау Комбинаторика элементтері және ықтималдықтарды
есептеуде қолдану

6 сағ




85-86

Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен элементтері (алмастыру, орналастыру, теру)

2




87-88

Оқиғаның ықтималдығы

2




89-90

Ньютон биномы

2




Қайталау

12 сағ




91-92

Функцияның қасиеттері

2




93-94

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері

2




95-96

Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері

2




97-98

Тригонометриялық теңсіздіктер

2




99-100

Функцияны туындының көмегімен зерттеу

2




101-102

Бақылау жұмысы №7

2







Барлығы

102 сағ





«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»
мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында
_____Г.У.Акназарова ісі жөніндегі орынбасары ______ К.А.Алтаева ______ Г.М.Биманова Хаттама № ________
« »__________2016ж « »__________2016ж « »__________2016ж
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

  • Пәні: Геометрия

  • Сынып: 10

  • Сағат саны: аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат

Жоспар бойынша бақылау жұмыстары: 5

  • Жоспар бойынша өзіндік жұмыстары:

  • Оқулық «Геометрия» 10 Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  • Әдістемелік нұсқаулық: Геометрия 10 Әдістемелік нұсқау Ә. Н. Шыныбеков.Алматы «Атамұра» 2014

  • Дидактикалық материалдар Геометрия 10 дидактикалық материалдар Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  • Есептер жинағы: Геометрия 10. Есептер жинағы. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде. №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын басшылыққа алынып, негізделіп жасалды.

«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасы


(жаратылыстану-математикалық бағыт)
1. Түсінік хат

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды моделдеп қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.

  3. Геометрияны оқыту көптеген мамандықтарды меңгеруге қажетті математикалық және практикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

  4. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.

  5. Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  1. логикалық ойлауды одан әрі дамыту;

  2. тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;

  3. кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;

  4. геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту;

  5. бейнелік ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамыту;

  6. графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту;

  7. геометрия тарихы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

  1. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс:

  1. кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру;

  2. кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

  3. кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  4. сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  5. кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру;

  6. геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру;

  7. есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  8. геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  9. нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту;

  10. практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

  1. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

  1. геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;

  2. векторлық-координаталық бағыт;

  3. шамаларды өлшеу бағыты;

  4. функционалдық бағыт.

  1. 10-11 сынып геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады.

  2. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды;

  1. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді, оған жету оқушының орта мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. 9-сынып геометрия курсын қайталау (4 сағ.).

  2. Стереометрия аксиомалары (4 сағ.):

    1. стереометрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары, аксиомалардың салдарлары;

    2. кеңістіктегі нүктелер, түзулер және жазықтықтар;

    3. нүктелер мен түзулердің жазықтықтарға тиістілігі туралы түсінік.

  1. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі (15 сағ.):

    1. кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы: қиылысқан, параллель және айқас түзулер;

    2. кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттері;

    3. айқас түзулердің белгісі;

    4. түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы: қиылысқан және параллель түзу мен жазықтық;

    5. түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі;

    6. екі жазықтықтың өзара орналасуы: қиылысқан және параллель жазықтықтар;

    7. жазықтықтардың параллельдік белгісі, параллель жазықтықтардың қасиеттері;

    8. параллель проекциялау, оның қасиеттері;

    9. кеңістіктік фигуралардың жазықтықтағы кескіндері;

    10. призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен қималарын салу.

  1. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы (18 сағ.):

    1. кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш; түзулердің перпендикулярлығы;

    2. түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

    3. перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері;

    4. жазықтыққа түсірілген перпендикуляр және көлбеу, көлбеудің жазықтықтағы проекциясы;

    5. үш перпендикуляр туралы теорема;

    6. нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық, параллель түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығы, айқас түзулердің арақашықтығы;

    7. түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екіжақты бұрыш, екі жазықтықтың арасындағы бұрыш;

    8. перпендикуляр жазықтықтар, екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі;

    9. түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуына арналған практикалық мазмұнды есептер.

  1. Кеңістіктегі координаталар және векторлар (17 сағ.):

    1. кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі, кесіндінің ортасының координаталары, екі нүктенің арақашықтығы;

    2. кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуі;жазықтықтың теңдеуі; кеңістіктегі векторлар;

    3. компланар және компланар емес векторлар, векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;

    4. кеңістіктегі вектордың координаталары, координаталары берілген векторларға амалдар қолдану;

    5. координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісі, векторлардың скалярлық көбейтіндісінің қасиеттері;

    6. есептерді шешуде векторларды қолдану.

  1. «Қайталау. Есептер шығару (10 сағ.).



ГЕОМЕТРИЯ
10-сынып
(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)





Оқу материалының мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

9-сынып геометрия курсын қайталау

4 сағ




1-3

Қайталау есептері

3






4

Тест тапсырмалары

1




І тарау. Стерометрия аксиомалары

4 сағ




5

Стерометрия аксиомалары және олардың кейбір салдары

1




6

Кеңістіктегі нүктелер, түзулер және жазықтықтар

1




7

Нүктелер мен түзулердің жазықтықтарға тиістілігі

1




8

Бақылау жұмысы №1

1




ІІ тарау. Түзулер мен жазықтықтардаң паралелдігі

15 сағ




9-10

Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы

2






11-12

Кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттері

2






13

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы

1




14

Түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісі

1




15-16

Екі жазықтықтың өзара орналасуы

2






17-18

Жазықтықтардың паралельдік белгісі

2




19

Паралель проециялау

1




20

Кеңістіктік фигуралардың жазықтықтағы кескіндері

1




21-22

Призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен қималарын салу

2




23

Бақылау жұмысы №2

1




III тарау. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы

18




24-25

Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш

2






26

Түзулердің перпендикулярлығы

1




27-28

Түзулер мен жазықтықтардаң перпендикулярлығы

2






29-30

Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері

2






31-32

Жазықтыққа түсірілген перпендикуляр және көлбеу

2






33-34

Үш перпендикуляр туралы теорема

2






35

Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық

1




36-37

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш .Екі жақты бұрыш

2






38

Перпендикуляр жазықтықтар

1




39-40

Аралас есептер

2






41

Бақылау жұмысы №3

1




IVТарау. Кеңістіктегі векторлар және координаталар

17




42-43

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі

2






44-46

Кеңістіктегі геометриялық фигуралардың теңдеулермен теңсіздіктермен берілуы

3




47

Жазықтық теңдеуі.

1




48-49

Кеңістіктегі векторлар

2






50

Компланар және компланар емес векторлар

1




51-52

Кеңістіктегі векторлардың координаталары, берілген векторларға амалдар қолдану

2




53-54

Векторлардың скаляр көбейтіндісі, қасиеттері

2






55-57

Векторларды есептер шығаруда қолдану

3




58

Бақылау жұмысы №4

1




Қайталауға есептер

10




59-60

Кеңістіктегі нүктелер, түзулер және жазықтықтар

2






61-62

Түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісі

2






63-64

Үш перпендикуляр туралы теорема

2






65-66

Кеңістіктегі векторлар

2






67-68

Бақылау жұмысы №5

2






Барлығы

68 сағ






10 сынып Алгебра және анализ бастамалары, геометрия курстарын оқытуда пайдаланылатынәдебиеттер



  1. Оқулық Алгебра 10 Ә.Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014,

  2. Әдістемелік нұсқау: Алгебра 10 әдістемелік нұсқау Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  3. Дидактикалық материалдар: Алгебра 10 дидактикалық материалдар. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  4. Есептер жинағы: Алгебра 10. Есептер жинағы. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  5. Оқулық «Геометрия» 10 Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  6. Әдістемелік нұсқаулық: Геометрия 10 Әдістемелік нұсқау Ә. Н. Шыныбеков.Алматы «Атамұра» 2014

  7. Дидактикалық материалдар Геометрия 10 дидактикалық материалдар Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  8. Есептер жинағы: Геометрия 10. Есептер жинағы. Ә. Н. Шыныбеков. Алматы «Атамұра» 2014.

  9. 2600 тестов и проверочных задании по математике для школьников и поступающих в вузы. П.И.Алтынов и другие.Москва Издательский дом «Дрофа» 1999ж

  10. Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ)

по математике И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмова Алматы 2010г -2014г

  1. Тренажер по математике для для потготовки к единому национальному

тестированию (ЕНТ) по математике И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмова Алматы 2010г-2014г

  1. Математика және физика республикалық ғылыми-әдістмелік журнал.

  2. Алгорифм республикалық ғылыми әдістемелік журнал.

  3. Информатика, физика, математика республикалық ғылыми-әдістмелік журнал.

  4. Репетитор републикалық математика және жаратылыстану журналы.

  5. Математика республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.

  6. Төрт таңбалы математикалық таблица Браддис.

  7. Электронды оқулық.

  8. Интернет материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет