5-апта күрделі нәруыздар алмасуы №1 билет Бауырдың атқаратын қызметтері (атап өту)



бет1/20
Дата28.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#133647
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
5 апта бх билеттер


5-АПТА КҮРДЕЛІ НӘРУЫЗДАР АЛМАСУЫ
1 билет
1.Бауырдың атқаратын қызметтері (атап өту).
2.Науқас 33 жаста. 10 жылдан бері ауырады. Дәрігерге жиі ішінің ауыруы, құрысулар, көру қабілетінің бұзылуы, терісінің күн сәулесіне жоғары сезімталдығы туралы шағымдармен жүгінеді. Оның туыстарында да осындай белгілер бар. Зәрі қызыл. Жедел порфирия диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Гем синтезінің қандай аралық өнімдері қан мен зәрде жиналады? Гем синтезін жазыңыз.
Жауап:
1) Бауырдың ақуыз алмасуындағы қызметтері:
а) Бауыр және қан плазмасының арнайы белоктары синтезделеді. Барлық плазма альбуминдері, 75-90% а-глобулиндер және 50% в-глобулиндер гепатоциттерде синтезделеді. Тек у-глобулиндер гепатоциттерде емес, макрофагтар жүйесінде синтезделеді. Бауыр организм үшін маңызды белоктар – протромбин, фибриноген, проконвертин, және проакцелерин синтезделетін ерекше мүше.
б) Мочевина және несеп қышқылы синтезделеді. Организмде мочевинаның түзілуі бауырда өтеді.Несеп қышқылының көп бөлігі баууырда синтезделеді, себебі бауырда оксипуриннің несеп қышқылына айналуына қатысатын ксантиноксидаза ферменті көп.
в) Креатин синтезделеді. Креатин синтезінің соңғы сатысы бауырда өтеді.
г) Амин қышқылдарының трансаминденуі декарбоксилденуі, дезаминденуі, амидтердің дезамидтенуі жүреді.
д) Бауырда әртүрлі улы затггардьщ детоксикациялануы жүреді. Бөгде заттар (ксенобиотиктер) бауырда улылығы төмен және индифферентті заттарға да айналады. Бауырда микросомальды тотығумен катар пероксисомальды тотығу да болады. Бауыр қорғаныс қызметін аткарады, мысалы мочевина синтезінің нәтижесінде улы аммиак залалсызданады. Бауырда метилдену процесі жүреді: никотин кышқылының амиді зәрмен бөлінер алдында бауырда метилденеді, нәтижесінде N метил никотинамид түзіледі. Метилденумен катар бауырда ацетилдену процесі қарқынды жүреді. Бауырда әртүрлі сульфаниламидті препараттар ацетилденуге үшырайды. Бауырда улы заттар тотыксыздану жолымен де залалсызданады, мысалы нитробензолдың парааминофенолға айналуы. Бауыр әртүрлі гормондардың инактивациялануына активті катысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет