7 желтоқсан күні Рухани жаңғыру аясында Кеңсай ауылдық Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық «Ақындар айтысы» болып өтті. Айтысқа Кеңсай , Шілікті , Қарабұлақ, Бақасу . Жамбыл ауылдарының және аудандық Музыка мектебінің ақындары қатысты.
14 желтоқсан күні Кеңсай ауылдық окугі әкімшілігі мен мәдениет қызметкері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап салтанатты жиын өткізді . Жиынға ауыл тұрғындары шақырылып аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылды. Мәдениет қызметкерлері мерекелік концерт қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |