2.Алгоритмнің түрлері. Циклдық алгоритм (анықтама, блок-схема, мысал).
Көп рет қайталанатын іс-әрекеттер ретін циклдық құрылымды алгоритмдер дейді. Циклдық алгоритм бағдарлама көлемін азайтады.
Паскальда цикл операторларының бірнеше түрлері бар. Цикл операторы үш негізгі бөліктен тұрады: цикдың басы, цикл денесі, қорытынды жолдан. Егер қайталау саны белгілі болса, параметрлі цикл For-To не For-Downto қолданылады. Қалған жағдайда шартты циклдар қолданылады. Шартты циклдың екі түрі бар: While-Do (егер де шарт басында тұрса), Repeat-Until (егер де шарт соңында тұрса).
For - to цикл операторы:
For i:=m1 to m2 do; For i:=m1 downto m2 do
Мұндағы i-цикл параметрі;
m1-цикл параметрінің бастапқы мәні;
m2- цикл параметрінің соңғы мәні;
- i, m1, m2 бүтін типті айнымалылар болу керек;
- i- цикл ішінде өзгермейді;
Цикл операторлар D1 кестесінде көрсетілген (For-To, For-Downto, While-Do және Repeat-Until). Циклдың кай түрін қарастырсақ та онда бастапқы мәні, цикл параметрінің өзгеру қадамы, цикл денесі, циклдан шығу шарты болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |