5 бөлім. Аналитикалық талдау «Алматы -2020»



Дата31.03.2018
өлшемі410,67 Kb.
#39942
5 бөлім. Аналитикалық талдау
«Алматы -2020» даму Бағдарламасы V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясының 2015 жылғы 10 желтоқсанындағы № 394 шешімімен бекітілген, VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 118 шешімімен өзгеріс енгізілген.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттік және жеке меншік қаржылық ресурстар шоғырландырылды. 2017 жылға арналған болжанған шығындардың жалпы көлемі 459,4 млрд. теңге.

Нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері:

Жалпы Бағдарлама бойынша 83 нысаналы индикаторлар қарастырылған, оларға қол жеткізу 2017 жылға жоспарланған, олардың 69 индикаторлар базалық тізбеге кіреді (қосымша 14 нысаналы индикатор), 60 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 16 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ; 4 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ (1-НИ қосымша). 3 нысаналы индикатор бойынша жоспарлы мағынасы жоқ.

Бағдарламаға сәйкес қаланы дамыту 7 негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі. Бұл жайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағытталған, экономикалық тұрақты қала, бизнес пен жеке капиталға арналған қала, біріктірілген қала, белсенді азаматтарға арналған қала.
1. Жайлы қала бағыты бойынша 19 нысаналы индикаторлар қарастырылған, олардың 17 қол жеткізілді, 1 нысаналы индикатор бойынша жылдық мәліметтер жоқ, 1 нысаналы индикатордың жоспарлы мәні жоқ (Қала аумағында экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан), ҚТҚ көму полигондары жоқ).

Жолдар және көлік саласында

Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 100% орындалды. Сапалы жолдар желісін дамыту үшін Алматы қаласының көшелерін төлқұжаттау жүргізілді.

Алматы қаласында ұзындығы 3,1 км. «Сары арқа» және «Достық» станцияларымен бірге метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші қосу кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2017 жылы ұзындығы 2,4 км. ажырату туннелдерінің ұңғымасы аяқталды.

Қаланың магистралдық көшелерінде 5 жаяу жүргіншілер өтпе жолдарының құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді.

Күрделі жөндеу бойынша 8 нысан аяқталды және пайдалануға берілді. Ұзындығы 147 км. 171 көшеде қала жолдарын орташа жөндеу бойынша жол төсемдері жөнделді.

Қаланың жол-көше желісінің 230 000 м² астам асфальт-бетон төсеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Қаланың жалпы жолаушы ағынында қоғамдық көліктің үлесі 32%-ды құрады, индикаторға қол жеткізілді, орындау - 100%-ды құрады.

Бүгінгі күні Алматы қаласының бағыттар желісіне 109 бағыттар кіреді (олардың 101 автобус, 8 троллейбус), онда 19 тасымалдаушылар, оның ішінде метро жұмыс жасайды.

2017 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде сыйымдылығы әртүрлі 479 автобус сатып алынды. «Алматыэлектркөлігі» ЖШС-ның және жеке тасымалдаушылар «Green bus company» ЖШС-ның, «Ба Ту travel компаниясы» ЖШС-ның, «Думан Транс Сом» ЖШС-ның, «Авто Алма Транс» ЖШС-ның жалпы саны 196 бірлік жылжымалы құрамның жылжымалы құрамы жаңартылды.

Қоғамдық көлікте «Оңай» электрондық билеттеу жүйесі енгізілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының қоғамдық көлігімен 220 млн. адам тасымалданды, ол 2016 жылға қарағанда 20,6 %-ға артық. Транзакциядан түсетін кіріс 13 млрд. теңгені құрады. Транзакциялардың және кірістердің өсімі қоғамдық көлікте сараланған тарифті енгізуге байланысты, ол жолаушылар үшін электрондық төлем түрін пайдалануға ынталандырды.

2017 жылы Алматы қаласының 9 көшелерінде қоғамдық көлік үшін жалпы ұзындығы 101,5 км. белгіленген жолақтар енгізілді. Жалпы қоғамдық көлік қозғалысының жолақтарын енгізу оң ықпал етеді және жолаушылар ағысын жеке көліктен қоғамдық көлікке қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

Панфилов, Гоголь, Жібек Жолы, Қабанбай батыр көшелерін және Астана алаңын Яна Гейлдің бағдарламасын іске асыру шеңберінде абаттандыру бойынша жұмыстар басталды және 2018 жылдың ІІ-ші тоқсанында аяқтауды жоспарлай отырып, 7,04 млрд. теңге игерілді.

Өткізу қабілеттілігін жақсарту және Алматы қаласында жол-көше желілеріне үстемені азайту мақсатында жаяужол және алаңдық үлгідегі ақылы тұрақтар жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, 98 паркомат орнатылды.

Байланыс және коммуникация саласында аталған саланың барлық индикаторларына қол жеткізілді.

100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының бекітілген желілер жиілігі 33,0% жоспар кезінде, орындау 39,9%-ды құрады.

Интернет қолданушыларының үлесі көрсеткішіне сондай-ақ қол жеткізілді, орындау 100%-ды құрады.

Қалаға және облысқа қосылған аумақтарды ескере отырып телекоммуникация қызметтерін пайдаланушылардың және абоненттердің базасы қалыптастырылды, қызметтер пакетіне FTTH технологиясы бойынша мәліметтерді жоғары жылдамдықпен беретін интернет кіреді.

"Алматытелеком" ӨТД жаңа абоненттерді және байланыс қызметтерінің басқа операторларын шектеусіз және шарттарсыз тартады және қосады.

Тұрғындардың цифрлық сауаттылығының деңгейі 100%-ға орындалды.

Қазіргі уақытта 124 201 мектеп оқушылары және 64 848 қала колледждері студенттері "Информатика" пәнін міндетті ретінде мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқиды.


Таза қоршаған орта саласында қоғамның өміршеңдігі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету бойынша 6 нысаналы индикаторлар қарастырылған, олардың 4 қол жеткізілді, 1 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ, 1 нысаналы индикаторды статистика органдары қадағаламайды.

Берілген рұқсатнамалар бойынша нормативті ластайтын заттардың жалпы көлемі бекітілген нысаналы көлем - 0,1 млн.тонна кезінде 0,08 млн.тоннаны құрайды.

Негізгі экологиялық түйткіл әуе бассейнін ластау болып табылады. Қалада экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралардың Кешенді жоспары қабылданды.

Алдағы жылдары автокөлікті одан әрі экологияландыру басым бағыт болып табылады. Бұл автомобилдерді газ отынына ауыстырумен қатар, сондай-ақ құю желілерін дамытуға да қатысты.

Қазіргі уақытта қалада 12 ҚЗС, «Оператор РОП» ЖШС және «Аллюр Авто» компаниясымен зарядтау станцияларын орнату үшін қала бойынша тағы да 47 нүкте (28 мекенжай) белгіленді.

Жасыл желектер алаңын көбейту индикаторы бойынша, 2017 жылы шамамен 28,5 мың көшеттер отырғызылды. 89,3 мың шаршы метр алаңда гүлзарлар ұйымдастырылды, 1270 гүл қыш құмыраға отырғызылды, 4212 дана тік көгалдандыру элементтері орнатылды. 11,0 мың шаршы метр жерге көгал отырғызылды.

Шағын өзендерді, Алматы қаласының су нысандарын экологиялық оңалту шеңберінде 2017 жылы жалпы ұзындығы 11,6 км. 3 өзен арналарының кейбір учаскелерін қайта жаңалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қамту, қосылған аумақтарды ескере отырып 100% қамтумен қамтамасыз етілді.

«Қайта өңдеуге бағытталған коммуналдық қалдықтардың көлемі – жоспар жиналған ҚТҚ жалпы көлемінен 7%» көрсеткішіне қол жеткізу түйткілді мәселе болып табылады, өйткені бүгінгі күні халықтың қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауы жоқ. Аталған көрсеткіш бойынша мемлекеттік статистикалық есепті ескі шикізатты жинау саласындағы жеке кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар өткізбейді. Түйткілді мәселені шешу үшін Басқарма бұрын ҚР Энергетика министрлігіне және Статистика агенттігіне есепті реттеу және қалдықтарды қайта өңдеу көлемдері бойынша мемлекеттік статистикалық есепті қабылдау мерзімдерін қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныстар жолдаған болатын. Қазіргі уақытқа дейін қолданыстағы нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілген жоқ.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 8 нысаналы индикаторлар бар, олардың 7 қол жеткізілді және 1 қол жеткізілген жоқ:

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандарының үлесін азайтуға қол жеткізу үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша бағдарлама ауқымын ұлғайту мәселесін пысықтау бойынша іс-шаралар жоспары» әзірленді және іске асырылды, 94 тұрғын үйлерде 199 жеделсаты жабдықтары жиынтықтары ауыстырылды, 155 жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді, 143 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарының кейбір түрлері жүргізілді.

Бүгінгі күні Алматы қаласы халқының 96 %-ы орталықтандырылған сумен жабдықтауға, 77 %-ы – кәрізге қол жеткізген.

Алматы қаласы халқының 85%-ы суық суды есептеудің жеке құралдарымен жарақталған.

Қарғалы және Ақсау өзендерінде сүзгіш станцияларын (өндіріс өнімділігі тәулігіне 37 мың м³.) және магистралдық желілерді (Алматы облысынан қосылған) жобалау жүргізілуде.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 43 мың қала тұрғындары үшін орталықтандырылған сумен жабдықтауға және кәрізге қосылуға жағдай жасалған.

2017 жылы 32,5 км. жылу желілеріне қайта жаңалау жүргізілді. Бұл өткен жылға (12,3 км) қарағанда 2,5 есеге артық. Оңтүстік-Шығыс қазандығын қайта жаңалау бойынша жұмыстар аяқталды, жылу қуаттылығы сағатына 40 Гкал.-ға өсті, ол қаланың Оңтүстік аймағында өсіп келе жатқан тапшылықты жабуға мүмкіндік берді.

2017 жылы 2 244 млрд. теңге сомаға газ жүргізуге 106 жоба әзірленді, олар «ҚазКөлікГаз Аймақ» АлӨБ АҚ-ға 100% (7 800 үйді) газбен жабдықтау үшін берілетін болады.

2017 жылы қайта жаңартылған электрмен жабдықтау желілерінің ұзындығы 150 км. (6 889 км) құрайды.

Есепті кезеңде «Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі» орындау 100%-ды құрады.

Энергия көздері құрал-жабдықтарының ең көп парктік ресурсына 2019 жылдан бастап қол жеткізу болжануда, ол электр энергиясының жалпы қалалық генерациясының 30%-ын жоғалтуға және жылу энергиясының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін.

Осыған орай, 2030 жылға дейін ЖЭК жаңғырту бойынша Тұжырымдама әзірленді.

«Самрұқ-Энергия» АҚ-мен негізгі энергия көздерін жаңғырту туралы келісімге (меморандум) қол жеткізілді (ЖЭЦ-1, ЖЭЦ-2, ЖЭЦ-3 және ЖЭЦ-2 – БЖК жылу магистралы).

Меморандум шеңберінде БЖК-ні және ЖЭЦ-2 жылуды қабылдау пунктін «Самрұқ-Энергия» АҚ-ға одан әрі «АлЭС» АҚ-ға беру үшін беру қарастырылған.


Құрылыс саласында өндірілген жұмыстар көлемі 314,3 млрд. теңгені немесе 102,9% - жоспар кезінде 103,0% -ды құрады, индикаторға қол жеткізілді.

Алматы қаласының құрылыс ұйымдары орындаған құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) үлесі республикалық көлемнен 9%-ды құрады.

Алматы қаласы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің ең көп көлемін жеке құрылыс ұйымдары орындады – 97,8%, шетелдік – 1,9%, мемлекеттік - 0,3%.

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 2016 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға көбейді және 1 902,3 мың шаршы метрді құрады.

Есепті кезеңде 1322,8 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй, 447,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы, 6,4 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді.

2017 жылы тұрғын үй құрылысына 140,4 млрд. теңге бағытталды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға аз.

Тұрғындардың есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру 447,8 мың шаршы метрді құрады,ол пайдалануға берудің жалпы көлемінде 23,5%-ды құрайды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданын көбейту Әуезов (2,9 есеге), Алатау (73,8%-ға), Медеу (56,4%-ға) және Алмалы (10,4%-ға) аудандарында байқалады.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бағдарламасы бойынша 2,63 млрд. теңге игерілді, нысан пайдалануға берілді.

Әлеуметтік бағыттағы нысандардың құрылысы бағдарламасы бойынша 360 орындық Психоневрологиялық интернат-үйдің құрылысы басталды және 2018 жылдың IV тоқсанында аяқтауды жоспарлай отырып, 2,22 млрд. теңге игерілді.



Паспортталған әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының жалпы санынан мүгедектер үшін қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 102%-ға орындалды (жоспар-70%; нақты – 71,2%).

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын кезең-кезеңмен паспорттау, оларды мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтауға бейімдеу жүргізіліп жатыр. 2017 жылдың ішінде 1694 нысан бейімделді немесе 71,2% паспортталғандардың санынан.


II «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша Бағдарламада осы бағыт бойынша 7 нысаналы индикаторлар қарастырылған, 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық индикаторларға қол жеткізілді.

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласында

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2017 жылда 34,0% жоспар кезінде, 25,9%-ды құрады, индикаторға қол жеткізілді.

Біріктірілген бейнебақылау жүйесін кеңейту және құқық тәртібіне бақылауды күшейту арқылы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша жасалған қылмыстардың саны 6,1%-ға, оның ішінде қоғамдық орындарда - 18,3%-ға, көшелерде – 21,9%-ға төмендеді .

Полиция күші мен қаражаты жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының ІІД-мен «Дабыл кнопкасы» жобасы іске қосылды, ол мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді.

Шұғыл байланыс жүйесі қаланың 18 нысанына, оның ішінде 12 қару сататын дүкендерге және әртүрлі меншік түріндегі 6 нысанға орнатылды және жұмыс істейді.

«ЖКА-дан қаза тапқандар санының 100 жапа шеккендерге шаққанда төмендеуі» нысаналы индикатор бойынша 2,6% жоспарланды, нақты 2,2%-ды құрады, индикаторға қол жеткізілді.

Жол қауіпсіздігін, жолдардағы апаттылық, жаралану және өлім деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында, "Қауіпсіз жол", "Назар аударыңыз балалар!", "Жаяу жүргінші", "Автобус" алдын алу шаралары жүргізілуде.



Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың үлес салмағы жоспар кезінде - 1,7%, нақты - 1,2%-ды құрады, индикаторға қол жеткізілді.

Жас өспірімдер жасайтын қылмыстың алдын алуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, аталған көрсеткіш 8,0%-ға төмендетілді. 2017 жылы 16075 - қылмыстық іс өндірісі аяқталды, кәмелетке толмағандар 217 - қылмыс жасады (2016ж. - 200).



Бұрын қылмыс жасаған адамдар қайта жасаған қылмыстардың үлес салмағы (жоспар – 18,2%, нақты – 10,5%), индикаторға қол жеткізілді.

2017 жылы қабылданған мақсатты бағытталған алдын алу шаралары нәтижесінде ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 7,9%-ға, ауыр 25,5%-ға, қарақшылық 14,0%-ға, зорлау 22,1%-ға, тонау 10,7%-ға қысқарды. Барлық бағыттар бойынша құқық бұзушылықтарды ашу 25,0%-ды құрады.

«Қоғамдық орындарда темекі мен қорқорды шегуге заңнамалық түрде тыйым салудың орындалу деңгейі» қосымша нысаналы индикатор бойынша 40,0% жоспарланған, нақты 90,6%-ды құрады, индикаторға қол жеткізілді.

2017 жылы 1737 көңіл көтеретін мекемелер тексерілді, олардың 164 мекемесінде (9,4%) заңмен тыйым салынған қоғамдық орындарда темекі мен қорқорды шегу бойынша 351 бұзу деректері анықталды, 2 млн. 389 мың 257 теңге сомаға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде қоғамдық орындарда темекі шекені үшін әкімшілік жауапкершілікке 10731 (2016г. - 10717) адам тартылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша қала аумағында заңсыз есірткі айналымымен байланысты 565 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, ол 2016 (543) жылмен салыстырғанда 22 дерекке артық. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында есепті кезеңде заңсыз есірткі айналымынан 2,5 кг.-ге артық тартып алынды.

Ішкі істер департаменті Әкімдік өкілдерімен бірге көңіл көтеретін мекемелерде (түңгі клубтар, барлар) 67 түсіндіру-алдын алу шараларын және «Алматы есірткісіз қала» кітапшасы таратылған қаланың компьютерлік клубтарында қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіре отырып, 37 алдын алу шаралары өткізілді.

Индикатор «Су тасқынына және су басуға, селге, қар көшкініне, жер сілкінісіне, өртке қарсы іс-қимыл жасау инфрақұрылымдарының қамтамасыз етілу деңгейі» индикаторына қол жеткізілді, орындалу - 100%-ды құрады.

2017 жыл кезеңінде Алматы қаласының аумағында 718 (732) ТЖ және оқиғалар тіркелді, ол 2016 жылдың кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз. Зардап шекендер саны 6%-ға төмендеді (2017ж.-127 адам, 2016ж.-135 адам), 3 адамға өлгендер саны азайды (2017ж.- 20 адам., 2016ж.- 23адам).

Қар көшкіні жағдайын бақылау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тауларда «Қазселденқорғау» және «Қазгидромет» қызметімен екі маусымдық қар көшкіні постарымен қар көшкініне тұрақты мониторинг жүзеге асырылады. Барлығы Алматы өңірі бойынша 99 қауіпті қар көшкіні учаскелері белгіленген, олардың қала тұрғындары және туристер үшін Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай шатқалдарында 18 нақты қауіп төндіреді. Қар көшкіні болатын аумақтарға «Шымбұлақ» таушаңғы курорты «Медеу» биіктаулы спорт кешені жатады.

Қар көшкінінің қауіпті кезеңінде халықпен алдын алу және қар көшкінінің қаупі туралы ақпараттық-насихаттау жұмыстары ұйымдастырылған.

Халықты хабардар ету үшін қардың түсуі және қар көшу қаупі туралы SMS–тарату қолданылады.

Жыл сайын тасқын құбылыстарына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында наурыз айының басында көшкін қаупі бар учаскелерді зерттеу жүргізіледі.

2017 жылдың наурыз айында қарап өту нәтижесі бойынша Алматы қаласының аумағында сел жүру қаупі бар учаскелердің саны бұрын анықталған 46 көшкін учаскесін есепке ала отырып, 59 учаскені құрады.

Нәтижесінде, 2017 жылы 1,6 млрд. теңге сомаға көшкін үдерістерінің алдын алу және жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Іле Алатау тауларының биіктаулы аймақтарында, Алматы қаласының шет жақтарында 36 мореникалық және мұз өзендер орналасқан. Көшкін қаупі кезеңінде мореникалық өзендер жағдайын қадағалау үшін «Қазселденқорғау» ММ қадағалау және хабарлау қызметінің 8 маусымдық және 9 тұрақты постылары ашылды. Барлық гидропостар мобильді үйлермен және ҚУТ стационарлық байланысымен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, 2017 жылы биіктаулы гидропостар үшін 10 тұрғын үй модулдарын сатып алуға 13 млн. теңге бөлінді.

Мореникалық өзендер жағдайын бағалау үшін көшкін қаупі кезеңінің басынан бастап ҚР ІІМ ТЖК және қала әкімдігінің авиациясын тарта отырып, 28 әуе арқылы көретін ұшулар жүргізілді.

Қаланың сейсмикалық қауіпсіздігі мәселесі ерекше бақылауға алынған. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі білім және денсаулық сақтау нысандарын сейсмикалық күшейту болып табылады.

2017 жылы 31 білім беру нысаны және 8 денсаулық сақтау нысаны сейсмикалық күшейтілген.

Келесі маңызды бағыт «Сейсмология институты» жүргізген «Жаңа әдістемелік негізде Алматы қаласының аумағын сейсмикалық шағын аудандарға бөлу картасын әзірлеу» болып табылады. Аталған жоба ҚР «Еврокод 8 халықаралық стандарттар шеңберінде шағын сейсмикалық аймақтауды (сейсмикалық аудандарға бөлу) ескере отырып Алматы қаласының құрылысы» жаңа құрылыс нормалары мен ережелерін одан әрі әзірлеу және бекіту үшін ғылыми-әдістемелік негіз болып табылады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада 2017 жылдың 12 айында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік инспекторлар шаруашылық жүргізу субъектілеріне 2745 өрт-техникалық зерттеулер жүргізді, олардың 2633 шешуші тексерулерді ескере отырып тәуекелдің жоғары деңгейі нысандарында, 112 нысан тәуекелдің аз мөлшерінде тексерілді.

Өрт-техникалық зерттеу нәтижелері бойынша орындауға 10474 өртке қарсы шаралар ұсынылды, әкімшілік жауапкершілікке 1336 тұлға тартылды, салынған ақшалай айыппұл сомасы 54 млн. 542 мың 222 теңгені құрады.

Бақылауға алынған нысандардағы өрттің саны 24,1%-ға азайды, ол жалпы санынан 113 оқиғаны құрады (2016 жылы - 149 оқиға).

Авариялық-құтқару құрылымдарының техникамен жабдықталуы 100%-ға орындалды, индикаторға қол жеткізілді.

2017 жылы жергілікті бюджет қаражатынан келесілер сатып алынды:

- 18 бірлік автотехника (3 бірлік АЛ-32, 4 бірлік АЦ-5, 2 бірлік АРБ өртке қарсы құрал-жабдығымен, 6 бірлік АБР авариялық-құтқару құрал-жабдығы модулымен; 1 бірлік АСО, 1бірлік АШ);

- 4 сағаттық әсері бар 40 бірлік тыныс алатын аппараттар.

Гарнизонға «Алатау» инновациялық технологиялар паркі Арнайы экономикалық аймақты қорғау үшін салынған жалпы алаңы 2567 шаршы метрлік 4 рет шығуға арналған тұрғын үй блогы бар өрт бөлімі берілді.
III «Әлеуметтік-бағытталған қала» бағыты бойынша Бағдарламада 27 нысаналы индикаторлар қарастырылған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 22 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 3 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ, 1 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ, 1 нысаналы индикатордың жоспарлы мәні жоқ (Алматы қаласында апатты және үш ауысымға арналған жұмыс жасап жатқан мектептер саны жоқ).



Білім саласында барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

2017 жылы 5 193 орындық 151 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым ашылды, сондай-ақ үй-жайды толтыру есебінен 1188 орын. Жиынтығында 2017 жылы 6 381 орын ашылды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 291 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда 13 712 орынға орналастырылды.

Сонымен қатар, 5 193 орындық 151 жеке меншік бала бақша және 2918 орындық 111 шағын-орталықтар ашылды.

Коттедждерден жеке меншік бала бақшалар және шағын-орталықтар ашу жалғасып жатыр.

Жалпы білім беретін мектептердің контингенті 5,7%-ға көбейді және 231,1 мың оқушыға жетті.

Дарынды балаларды анықтау үшін олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстары өткізіледі.

Қаланың білім беру жүйесі тиімділігінің маңызды көрсеткіші, оның нәтижелігі болып табылады.

Халықаралық, республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында Алматы қаласының оқушылары 227 жүлделі орынға, оның ішінде 61 алтын, 76 күміс, 90 қола медалдарға ие болды.

2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап 9 қыркүйегі аралығында Мәскеу қаласында математика, физика, химия және ақпараттану бойынша ірі қалалар мен астаналардың мектеп оқушыларының ІI Халықаралық Мәскеу олимпиадасы өткізілді. Осы олимпиадаға жалпы саны 288 оқушыдан тұратын әлемнің 27 елінен ірі қалалар мен мегаполистерден 37 команда қатысты.

Алматы қаласынан ІI Халықаралық Мәскеу олимпиадасына № 165, ҚТЛ, ТЭФММ мамандандырылған лицейлердің 10-11 сыныптарынан 8 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 8 қатысушыдан барлық 8 адам жүлделі орындарға ие болды (2 күміс және 6 қола медал).

Инклюзивтік білімге ерекше көңіл бөлінеді, Алматы қаласында 18 арнайы түзету ұйымдары жұмыс жасайды, оның ішінде:

- 1025 балаларды қамтитын 10 мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдары;

- 8 арнайы білім беру ұйымдары, оларда 2336 оқушы оқиды және тәрбие алады.

32 мектептерде 996 баланы қамти отырып, -х школах открыты классы түзету-дамыту оқу сыныптары ашылды.

Қаланың 8 ауданында 8 психологиялық-педагогикалық түзету және 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттері жұмыс жасайды.

2017 жылы психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеттерінде - 4428 бала көмек алды, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда 7 498 бала тексеруден өтті.

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және қаланың Наурызбай ауданында 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.
Алматы қаласының техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде 64 848 адамды қамтитын 82 колледж жұмыс жасайды, оның ішінде 22 963 оқушы мемлекеттік және 41 885 оқушы жеке меншік колледждерде. 63 мамандық және 97 біліктілік бойынша мамандар дайындалады.

2017-2018 оқу жылдарында «Тегін техникалық және кәсіби білім» жобасын іске асыру бойынша Алматы қаласының техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қабылдау жоспары 8600 орынды құрады және «Табысты жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы шеңберінде 2500 орынды, оның ішінде жұмыс біліктілігі бойынша – 5200 орынды құрады.

Дуальды оқыту 2470 адамды қамти отырып, ТКБ-ның 36 ұйымында енгізілді. 95 кәсіпорынмен түлектерді кепілдемемен жұмысқа тұрғызу туралы келісімдер жасалды.

«15-28 жастағы жастардың жалпы санының NEET үлесі, % (NEET – англ. NotinEducation, EmloymentorTraining) индикаторы бойынша жариялау мерзімі келген жоқ.

Алматы шынымен де жастар қаласы болып саналады. Оның әрбір екінші тұрғыны жастар өкілі болып табылады. 14 жастан 35 жас аралығындағы жастардың саны шамамен 800 мың адамды құрайды, ол тұрғындардың жалпы санының 45,2%-ын құрайды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 2016 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктіге төмендеді және 6,6%-ды құрады.

«Әлеуметтік-экономикалық үдерістер жағдайындағы жастардың құндылық бағыттары» тақырыбына социалогиялық сауалнама нәтижесі бойынша «Мемлекеттік жастар саясатын орындауда 14-29 жасындағы тұрғындарды қанағаттандыру деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізілді және 65% жоспар кезінде 83,3%-ды құрады.

Есепті жылда бұрынғы трамвай паркінің аумағында жастар Лофт-орталығының бірінші кезегі ашылды. Оның базасында жастарға қызмет көрсету аймағы, коворкинг орталығы, 5 шеберхана, оқу залы, жатақханалардағы кураторлық орталығы, қалалық волонтерлік корпус орталығы жұмыс жасайды. Лофт-орталықта 20 жастар ҮЕҰ жұмыс істейді.

Сондай-ақ 2017 жылдың қыркүйегінде Алатау ауданында Атлетикалық ауыл аумағында Жастармен жұмыс істеу орталығы ашылды. Осындай «Бағдаршам» жастар орталығы Әуезов ауданында ашылды. Бұнда жастардың ағылшын тілі курсын тегін өтуге, пішу және тігу дағдыларын меңгеруге, өздерінің компьютерлік сауаттылығын арттыруға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ, жастар тәжірибесі қатысушыларының санын 500-ден 1200-ге дейін арттыру үшін 500 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, 3 мыңнан астам жұмыссыздар Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы IT-технологияларды пайдалана отырып, инновациялық мамандықтарға оқиды.

2017 жылы пилоттық режимде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несие алу жолымен тұрғын үй сатып алуға жастар үшін «Алматы Жастары» жеңілдетілген-тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңге бөлінді.



Денсаулық сақтау саласында Бағдарлама бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған, олардың 3 индикаторға қол жеткізілді, 1 қол жеткізілген жоқ.

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы ана өлім-жітімінің төмендеуі 10,5 бірлік жоспар кезінде қол жеткізілген жоқ, нақты 11,3 бірлікті құрады.

2017 жылы қол жеткізе алмау себебі қалада алдын алу мүмкін болмаған 5 оқиға болды (көрсеткіш 2016 жылға 9,9-дан 11,3 оқиғаға дейін өсті). 3 жағдайда өлгендер ауыр экстрагенитальдық аурулармен ауыратын қала тұрғындары болып табылады. Төртінші жағдай – Алматы облысынан босануға келген әйел, жүктіліктің 34 аптасында есепке тұруға келген, босанғаннан кейін бас миының қатерлі ісігінің кесірінен қайтыс болды. Бесінші жағдай – тұрақты тұрғылықты орны жоқ әйелде жүктілік тоқтап қалған, ШҚО тіркелген, массивті өкпе артериясының тромбоэмболиясынан қайтыс болды.

Сонымен қатар, фертильді жастағы әйелдер арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырылады. Қала емханаларында 12 аптаға дейін есепке ерте тұру қажеттігі туралы ақпараттық кітапшалар таратылған.

Сәбилер өлімін азайту 1 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиғалар саны ведомстволық статистикалық есептілік мәліметтері бойынша нақты 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,5 бірлік жоспар кезінде 7,15 бірлікті құрады.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында алғаш рет жаңа туылған балалардағы жүректің клапандық порогы кезінде қайта жаңалау-қалпына келтіру және пластикалық операциялар, Фонтен операциясы - жүректің функционалдық жалғыз асқазаншасы ретінде аорталық клапан порогымен ауыратын ауруларды емдеуде Россо операциясы кеңінен пайдаланылды, магистральдық тамырларды толық қалпына келтіру бойынша операция енгізілді (Жатане операциясы), анастомозбен аортаның резекцисы (аорта дугасының үзілісі, аорта дугасының гипоплазиясы). Қиындық деңгейі бойынша Орталықта жүректі ауыстыруды қоспағанда, операцияның барлық түрлері жасалады. ЦПиДК ашқан кезден бастап ашық жүрекке 1000 астам операция жасалды, осының арқасында ЖПТ балалар өлімі азаюда. 2017 жылдың 9 айында 150 астам ВТМУ санатындағы кардиохирургиялық операциялар және инновациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған операциялар жасалды.

Диагностика алгоритмі енгізілді (билирубиннің деңгейін неинвазивтік анықтау) және жаңа туылғандарда пролонгирленген сары ауруды емдеу. 2017 жылдың 9 айында осы алгоритм 250 астам жаңа туылғандарға қолданылды.

Қатерлі ісіктен болатын өлім санының төмендеуі 100 мың адамға шаққандағы оқиға саны 95,15 бірлік жоспар кезінде 93,99 бірлікті құрады.

Профилактикалық тексеру сапасын жақсарту үшін «Үлкен тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізу тәртібін жеңілдету», «Ұлттық скринингтік бағдарламаның тиімділігін арттыру» Жол карталары іске асырылуда. Скринингтік профилактикалық тексерулермен бір жылда 1 045 858 адам қамтылды (2016ж. - 978 429), 74 676 ауру анықталды (83 167). Патологияны анықтау деңгейі 8,5-тен 7,1%-ға дейін төмендеді. Профилактикалық тексерулердің жылдық жоспары 100,4%-ға (100,1%) орындалды, қатерлі ісік алды жағдайлары – 16 277 (2016ж. - 19 012) анықталды, расталған рак ауру жағдайлары – 203 (250). Диспансерлік есепте – 59671 аурулар тұр.



15-49 жас ерекшелігі тобындағы, 0,2-0,6% шегінде адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы 0,64% жоспар кезінде нақты 0,36% құрады және бекітілген шекарада қалып отыр.

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша қызметті үйлестіру мақсатында мүдделі қызметтер мен ведомстволар арасында АИТВ-бойынша Денсаулық сақтау басқармасының 4 бұйрығы бекітілді, ЖИТС орталығы ішкі істер, білім беру, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, медициналық ұйымдармен бірлескен ведомствоаралық жоспар бекітілді.

Есептік кезеңде 748 іс-шаралар (дәрістер, өзара сөйлесулер) өткізілді, оның ішінде 282 іс-шара ірі, 466 - орта бизнес құрылымдарында өткізілді. Дәрістер кезінде 22000 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды (парақшалар). Электронды поштада бизнес құрылымдары басшыларының атына «АИТВ инфекциясыз Қазақстан» - атты 748 шаралар жіберілді.

ЖИТС орталығы Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдары желісімен жұмыс жалғастырылуда, ынтымақтастық туралы меморандум жасалған, қазіргі уақытта 8 ХНҚ және БКБ жұмыс жасайды.

Әлеуметтік қорғау саласында барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілді. Алматы қаласы Статистика департаментінің шұғыл мәліметтеріне сәйкес 2017 жылдың 3 тоқсанындағы жұмыссыздар деңгейі 5,3% құрады.

Статистика мәліметтері бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанында қалалық еңбек нарығында жағдай тұрақты, жұмыссыздық ауқымы байқалған жоқ. Еңбек нарығында жұмыс күшінің саны 2017 жылдың 3 тоқсанында 937,7 мың адам, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9 мың адамға көп, оның ішінде жұмыс істеп жүргендер – 888,1 мың адам (21,8 мың адам), жұмыссыздар саны 49,6 мың адам.

Жұмыссыздардан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандар 25 790 адам оның ішінде тұрақты жұмыс орнына, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасына 17167 адам орналасты, қоғамдық жұмыстарға 3085 адам, кәсіби оқытуға 5495 адам жіберілді, 43 адам шағын несиелер алды.

Экономика саласында 28030 жұмыс орындары құрылды, 2016 жылы - 25023 жұмыс орындары құрылған.

ҮЕҰ-мен белсенді өзара іс-қимыл мақсатында қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша, оның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Одан басқа, мүгедек-балалар ата-аналары Қауымдастығы, «Мархабат» ҚҚ, «Рух»ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Аруана Алматы» ҚҚ, «Кеңес» орталығы, «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚҚ арқылы үкіметтік емес секторларға жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер 536 мүгедек-балаларға және 18 жастан жоғары тұлғаларға көрсетілді.

Алматы қаласында саны 5719 бірлік шетел жұмыс күшін тартуға квота белгіленген, нақты айтқанда 2474 шетел жұмыскерлерін тартуға рұқсат берілген, оның ішінде 1-3 санаттар бойынша (білікті мамандар) 2413 адам.

Орташа жан басына шаққандағы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларға мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсетіледі (МӘК). Жыл бойы МӘК 372 адамға тағайындалды бұл жоспарланғаннан 2,7% жоғары, МӘК алғандар санынан 27,7% еңбекке жарамды болып табылады.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны 3430 бала алды, жоспарланғаннан 13,5% көп, тұрғын үй көмегі 2129 адамға, жоспарланғаннан 1,4% көп.

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау қажеттілік өлшемдері негізінде және халықтың табыс деңгейін көтеру жолымен тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету. Осыған байланысты 2017 жылы «Өрлеу» жобасы бойынша негізделген ақшалай көмек (НАК) төленді. Бағдарламаға қатысу нәтижесінде отбасының орташа табысы көбейеді. Есептік жылда 282 адам ОДП алды.

Халықтың мұқтаж топтарына, оның ішінде аз қамтылған зейнеткерлерге, ардагерлерге, ҰОС қатысқандарға және оларға теңесетіндерге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер 7078 адамнан 6990 адамға берілді. АӘҚ алуға мұқтаж АӘҚ алу үшін №1 арнайы әлеуметтік қызмет Орталығына орналастыруға кезекте тұрған тұлғалар саны 88 адамға жетеді.

Кезекті азайту үшін №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы жанында 25 бірлікке арналған қосымша бөлімше ашылды, түрлі себептермен шығып кеткен бас тартушыларды анықтау мәніне кезекте тұрғандар мониторингі жүргізілді. Одан басқа, 8-сағаттық режимде 30 орынға арналған күндізгі бару орталығы жанында қосымша бөлімше ашылды.

Арнайы әлеуметтік қызмет үкіметтік емес сектор арқылы 536 адамға көрсетілді, бұл жалпы санынан 7,7% құрайды.

Еңбек мемлекеттік инспекторларымен тұрақты негізде еңбек ұжымдарында еңбек қауіпсіздікті сақтау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2017 жылы қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 20 іріктелген тексерулер жүргізілді, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында бұзушылыққа жол берген жұмыс берушілерді тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәдениет саласында есептік мәліметтерді жариялау мерзімі келген жоқ, жылдық есепті Статистика департаменті 2018 жылдың сәуір айында беретін болады.

Қала тұрғындарының және қонақтарының мәдени демалыстарын ұйымдастыру үшін барлық мемлекеттік және өзге мерекелерге түрлі классикалық заманауи музыка шығармашылықтары, концерттік және басқа да фестивалдар мен конкурстар бойынша іс-шаралар өткізілді.

Есептік кезеңде 115 мәдени-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік және өзге мерекелер – 15, фестивальдар және конкурстар – 25, концерттер – 38, мерейтойлар - 14, түрлі іс-шаралар –23 өткізілді.

28-Дүниежүзілік Қысқы Универсиада шеңберінде «Универсиада сәттері», суретші пленэрі, бейнелеу өнері көрмесі, «Балалар әлемді суреттейді» республикалық конкурсына қатысушылар көрмесі, фотокөрмелер және мастер класстар.

Спорт саласында барлық индикаторларға қол жеткізілді.

Есептік кезеңде 28-Дүниежүзілік Қысқы Универсиада жаңа спорт нысандарымен, онда спорттық-бұқаралық және спортшылармен және азаматтармен бірге денешынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді.

Универсиада жарыстарында спорттың 12 түрлері бойынша 85 медальдар жиынтығы (биатлон, тау шаңғы спорты, кёрлинг, конькимен сырғанау, шаңғымен екеулеп сырғанау, шаңғымен жарысу, трамплиннен шаңғымен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек)қойылды.

Финалды өтінімге сәйкес, Алматы қаласы Универсиадасында 57 елден, қатысушылардың жалпы саны 2 498 адам, оның ішінде: 1 631 спортшы, 867 ресми тұлғалар (делегация басшылары, жаттықтырушылар, мед персоналдар, БАҚ) қатысты.

Қала халқын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту бөлігіндегі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 3172 түрлі спорттық-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде спорт түрлері бойынша чемпионаттар және қала біріншілігі, сондай-ақ Республика және қаланың айтулы күндеріне орай бұқаралық іс-шаралар, ведомстволық және ведомствоаралық жарыстар және спартакиадалар және т.б. өткізілді.

Қалады жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту қазіргі уақытта жалпы халық санынан 536 390 адам немесе 30%.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер құрамы 13 819 білім алушыларды құрайды.

Үш тілді дамыту бойынша индикаторларға қол жеткізілді, орындалу 100% құрады.

Мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілінде оқыту, оны мемлекеттік тілде іс жүргізуде енгізу - бүгінде өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша көмекші әдістемелік құрал ретінде жыл сайын орыс-қазақ сөздігінің терминологиялық анықтамалығы, орысша-қазақша сөйлеу құралы, түрлі қызмет салалары бойынша ресми іскери қағаз үлгілері шығарылды және таратылды: кітап және электронды нұсқада, сондай-ақ дискілерде.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының құжат айналымдағы қазақ тілінің үлесі кіріс хаттар бойынша – 53%, шығыс хаттар бойынша – 67%.

2017 жылы 75 топтарда 648 тыңдаушылар қазақ тілі курстарына қатысты. 29 топтарда 298 мемлекеттік қызметшілер ағылшын тілі курстарына қатысты.

Алматы қаласындағы тіл жағдайын социалогиялық зерттеу және мониторинг қорытындысы бойынша сауалдық респонденттер санынан қазақ тілінде түрлі деңгейде сөйлейтіндер 66%, орыс тілінде сөйлейтіндер - 87%, ағылшын тілінде сөйлейтіндер - 15%. Алматы қаласы халқының 18 жаспен 65 жас арасындағылардың 12% – үш тілде сөйлейді.
IV бағыт бойынша «Экономикалық тұрақты қала» Бағдарламада 20 нысаналы индикаторлар қарастырылған.

2017 жыл қорытындысы бойынша 4 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 11 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ, 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

Алматы қаласының 2017 жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі (бұдан әрі - ЖӨӨ) 7,1 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% өскен.

ЖӨӨ өндірісінде барлық өңірлер арасында Алматының үлесі барынша – 20,2%.

Алматы қаласының жан басына шаққандағы ЖӨӨ 4008,9 мың теңгені құрайды. Аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда 2 орын алады.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсандағы шұғыл статистикалық мәліметтер бойынша «Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі» 102,8% құрады өткен жылдың сәйкес кезеңінде сомасы 611,2 млрд. теңге.

Жыл сайын алматылық өндірушілердің өнімдерін, Алматы қаласы кәсіпорындарының және ұлттық компанияларының, мемлекеттік органдардың сатып алуларында олардың үлесін көбейту мақсатында «Мемлекеттік тапсырыс» акциясы жүргізіледі.

«Мемлекеттік тапсырыс2017» акциясының қорытындысы бойынша алматылық кәсіпорындар ұлттық компаниялармен бірге 12 мыңнан аса сомасы 809 млрд. теңге шартқа қол қойылды.

Алматы қаласы Алатау ауданында «Алматы индустриалдық аймағы» құрылды бүгінгі күні резиденті болып табылатын 41 компания сомасы 179,2 млрд. теңге (5 мың жұмыс орны), оның 13 экспортқа бағытталғандар, 8 – шетелдік қатысушылар. 2017 жылы 16 жаңа қатысушылар қосылды, 8 міндеттемелерін орындамауына байланысты алынып тасталды.

Сомасы 8,5 млрд. теңге 3 жоба жіберілді (252 жұмыс орны), 11 компаниялар белсенді құрылыс, 8 компаниялар жер жұмыстарын жүргізді, 9 компаниялар дайындау және жобалау жұмыстарын жүргізеді.

2017 жылғы жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар санынан инновациялық- белсенді кәсіпорындар 8% құрайды.

Қазіргі уақытта «АТП» ӘЭА - мен 134 компаниялар тіркелген және 565 жаңа жұмыс орындары құрылды. «АТП» ӘЭА жұмыс жасап жатқан кезеңде 25 млрд.теңгеден астам инвестицияланды, оның ішінде 2017 жылы – 3,05 млрд. теңге. 141,6 млрд.теңгелік өнім өндірілді, оның ішінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша – 34,8 млрд.теңге.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Индустрияландыру Картасына екінші бесжылдықта 211,7 млрд. теңге 12 200 жұмыс орындарын құрумен 109 жоба кіреді. 2017 жылғы жағдай бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 38,2 млрд. теңге, оның ішінде жеке қаражат есебінен 63% жоба іске асырылады, төрттен бірі - шетел инвестициялары, ол кезде 37% - қарыз.

2017 жылы жалпы көлемде тіркелген жұмыс жасап жатқан орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 80,7%, жоспарлау кезінде 64,1%, құрады, индикаторға қол жеткізілмеді.

Аталған индикаторға қол жеткізбеуге ықпал еткен бірқатар себептер бар.

Бірінші, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті (бұдан әрі - СК) ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК), жойылған және қызметін тоқтатқан ЖК-мен бірге тексеру жүргізу. СК және МКК мәліметтер базасын синхрондау екі жыл ішінде техникалық түйткілдерге байланысты толық көлемде жүргізілген жоқ (2014 жылдан бастап МКК сервері СК серверіне автономды режимде ақпарат жіберген жоқ). Мәліметтер базасын өзектендіруге байланысты жұмыс жасап жатқан және тіркелген ЖКС-ның нақты саны анықталды, мәліметтерді өзектендіру қорытындысы бойынша Алматы қаласында статистикалық мәліметтер бойынша шамамен 25 мың шағын және орташа кәсіпорындар жоғалып кеткен.

Екіншіден, негізінен елімізде дағдарыстық үрдістерге, ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты бөлшек және көтерме сауда секторына ЖШС және ЖК санының төмендеуіне, сондай-ақ базарлардың іріленуі және жаңғыртылуы және жаңа сауда нысандарының ашылуымен жұмыс жасап жатқан ШОБ кәсіпорындарының іріленуіне әкеледі, мұнда бірнеше кәсіпорындар бір ірі кәсіпорынға бірігеді.

Үшінші, камералдық бақылау және аудиторлық тексеру жүргізусіз ЖК қызметін тоқтату ресімдерін жеңілдету бөлігінде, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 43-1 бабына өзгеріс енгізілді. Осыған байланысты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында ЖК жою үшін 18 988 ЖК көрсетілген түзетулерді пайдаланды.

2017 жылы «БЖК-2020» Бағдарламасын іске асыруға 4,5 млрд. теңге бөлінді( 2016 жылы – 3,2 млрд. теңге).

ӨҮК-тің 28 отырысы өткізілді, 247 жоба мақұлданды. 9 мыңнан аса жұмыс орындары сақталды, 2 мыңнан аса жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

«Жібек Жолы» өңірлік бағдарламасы бойынша есептік кезеңде 4 млрд. теңге 66 жоба қаржыландырылды, 818 жұмыс орындары сақталды, 202 жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Мұнаралық негізде қайтарылған қаражат есебінен 2,7 млрд. теңге 37 жоба қолдау тапты. 2017 жылы Бағдарламаға 2,7 млрд. теңге (ШБ және Дамға 1,35 млрд.теңге).

Есептік кезеңде бөлшек сауданың нақты көлем индексі 100,8% жоспар 105,4% құрады.

Аталған индикаторға қол жеткізуге «Бөлшек сауда» қызметі түрінде , 4-нысанды пайдалануға берумен, 2000 ш. м. кем емес сауда алаңдарымен сауда нысандарының санын көбейту» индикаторын орындау ықпал етті . Бұл «Көк базар» СО, «Март Вилледж» СОО, «Москва Метрополитен» ССО 2-кезегі, «Алатау» СО.

Сондай-ақ, 2017 жылы заманауи форматтағы сауда орталығы құрылысымен 5 базарға жаңғырту жүргізілді : «Көк базар», «Қарқара», «Саяхат», «Тастак» 1-кезегі, «Алатау» 3 блогы..

«Leroy Merlin» үйді көріктендіру үшін тауарларды сату бойынша Алматы нарығына ірі француз ритейлерін шығару туралы келісімге қол қойылды. «OBI» халықаралық құрылыс гипермаркетінің құрылысы жүргізілуде.

Жалпы экономиканың өсуі және тиімді салықтық басқару мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1,7 трлн. теңге түсім көлемін қамтамасыз етті, өткен жыл деңгейіне 6% өсумен, оның ішінде жергілікті бюджетке 372 млрд. теңге түсті 10% өскен.

Туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін дамыту саласында есептік мәліметтерді жариялау мерзімі келген жоқ. Алматы қаласы Статистика департаменті 2017 жылғы пайдаланушылар үшін мәліметтерді 2017 жылдың 1 тоқсанынан ерте бермейді

Қазақстанда және шетелде туристік дестинация ретінде Алматы қаласын маркетингтік жылжыту жүргізілді.


Есептік жылда Сингапурда, Лондонда және Барселондағы кәсіби халықаралық туристік көрмелерде Алматы қаласы бірінші рет жеке стендте ұсынылды. Аталған тәсіл Тегеранда және Делиде көрмеде тексерілді.

2016-2017 жылдары Алматыны ВВС (Би-Би-Си) телеканалында жылжыту бойынша кампания жүргізілді, Euronews телекомпаниясымен 4 бейнероликтер жүргізілді, онда 8 бейнероликтер айналдырылды.

Сондай-ақ, TripAdvisor саяхаты туралы ай сайын 45 елде жұмыс жасайтын 25 тілде және 315 млн. келушілерге қызмет көрсететін әлемдегі ең ірі сайтпен жұмыс жүргізеді.

Өңірлік және шетелдік туроператорлар үшін ақпараттық турлар өткізіледі. Түрік тілді мемлекеттер Ынтымақтастығы Кеңесі үшін, Еуразиялық медиа форум халықаралық журналистері және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі үшін Қытай, Индонезия, Египет, Иран, Ресей, Польша және Кореядан шетел туроператорлары үшін инфотурлар өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жылжымалы және ішкі туризмді дамыту мақсатында «Qazaq-Oner» қолөнершілер Орталығының салтанатты ашылуы болды.

Vбағыт бойынша «Бизнес және жеке капитал қаласы» Бағдарламада 6 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қарастырылған, 4 нысаналы индикатор қосымша екенін ескеру керек. 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштер орындалды.

Қала экономикасына 639,9 млрд. теңге инвестицияланды 4,1% өсумен, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты – 153,5 млрд. теңге немесе 24,0%, кәсіпорынның жеке капитал салуы – 398,7 млрд. теңге немесе 62,3%, зайымдық қор – 87,7 млрд. теңге немесе 13,7%.

Ғимараттарды және құрылымдар құрылысы және күрделі жөндеу бойынша Инвестициялардың технологиялық құрылымын қаржыландырудың жалпы көлемі 361,2 млрд. теңге (56,4%) 1,2% өсумен 2016 жыл деңгейіне, машиналар және жабдықтар сатып алуға жалпы сомасы– 239,1 млрд. теңге (37,4%).

Салалық бөлуде инвестициялардың барынша көп көлемі жылжымайтын мүлік операциялары саласына жіберілген болатын – 182,1 млрд. теңге (28,5%), өнеркәсіп – 103,6 млрд. теңге (16,2%), көлік – 87,4 млрд. теңге (13,7%), білім беру– 67,1 млрд. теңге (5%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 15,3 млрд. теңге (2,4%).

Жұмыс жасап жатқан инвесторларға қызмет көрсету Орталығы базасында инвестролар үшін «бір терезе» ұйымдары есебінен шетел және жергілікті инвесторлармен 121 кездесулер өткізілді. Жыл сайынғы инвестициялық форумда 700 астам делегаттар қатысты, оның ішінде шетелдік. Бюджеттік инвестициялардың көбейуіне қарамастан, жеке салымдардың өсу қарқыны жоғары. Бүгінде оның үлесі 76%, яғни 1 теңге мемлекеттік инвестициялар 3 тенге жекеге кледі, үштен бірі шағын бизнес есебінен қамтамасыз етіледі (65,9%). Осылай инвестициялардың шикізаттық емес сектордың негізгі капиталға өсуі (за исключением инвестиций из государственного бюджета) 2017 жылы 103% жоспарлы көрсеткіште 123,3% құрайды.
Сыбайлас жемқорлықтың радикалды төмендетуі

Есептік кезеңде мемлекеттік органдарға азаматтардың сенімі сауалын тоқсан сайын өлшеу бойынша 70,9% құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% асыра орындалғанын көрсетеді, индикатор 65% орындалды.

2017 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ақпараттық жұмыстарды өткізу үшін БАҚ - да 177 мақалалар 38 сюжеттер жарияланды.

Бұдан басқа, мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық іс-шаралары кешенін жүргізу» жобасын іске асыру сомасы 6 554 000 тг. жоспарланған болатын. Ашық конкурс қорытындысы бойынша «Ана рухы» ҚҰ жеңімпаз атанды.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту (МЖӘ)

«Әзірленген құжаттамалар және конкурсты хабарлау бойынша оң қорытынды алған МЖӘ жобаларының санын көбейту» нысаналы индикаторы бойынша көрсеткіш 100% орындалды.

2017 жылы МЖӘ-нің 5 шарты жасалды: "Велосипедшілерді дайындаумен велотректі басқару", "№40, 95 мектептері жанындағы дене шынықтыру-сауықтыру аймақтарының мүліктік кешенін басқару", " №2 ОРМБЖМ-дағы КҚК мүліктік кешенін басқару (Спутник), "Қоғамдық көлікті диспетчерлеу", " Алматы қаласында ТҚҚ кешенді басқару жүйесін енгізу".

Сондай-ақ, есептік кезеңде Алматы қаласы мәслихатының XXI сессиясының шешімімен МЖӘ-нің 15 жергілікті жобаларының тізбесі 2018 жылдан бастап іске асыру мерзімімен бекітілді, тізбе қоғамдық көлік және автомобиль жолдары, жол қозғалысы қауіпсіздігі, ТКШ, дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласында МЖӘ-нің бірнеше жобаларын іске асыруды қарастырады.

Ашық жекешелендіру

Коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру саны 140,0% орындалды.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде 14 нысан іске асырылды. Есептік кезеңде коммуналдық меншіктегі 365 мемлекеттік ұйымдар Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарының қорытындысы бойынша оларды бәсекелес ортаға беру мүмкіндігі мәніне қосымша 20 нысан қосылды.

Жекешелендіруді іске асыру барысында ақпараттық сүйемелдеу жүргізілді, Есептік кезеңде «Atameken business channel», «Алматы», «Астана» телеканалдарында және баспа басылымдарында сұхбат берілген болатын. Одан басқа, инвесторларды тарту бойынша іс-шаралар шеңберінде кәсіпкерлер Палатасы алаңында әлеуетті инвесторлар үшін сатуға жататын нысандар бойынша брошюралар әзірленіп таратылды. Электронды форматта өткізілетін сауда нысандарын қою шарасы бойынша, барлық қажетті ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, сондай-ақ «Халық ақпарат» газетінде орналастырылатын болады.
VI бағыт бойынша «Интеграцияланған қала» 5 нысаналы индикатор қарастырылған. 2017 жыл қорытындысы бойынша 2 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 2 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ, 1 нысаналы индикатор жоспарлы мәнсіз (мерзімі бұзылып берілген, субсидиялар үлесі төмендеді).

Қалақұрылысы құжаттамаларымен қамтылған қаланың жалпы аумағы 66,9 % құрайды, оның ішінде 2017 жылы қалақұрылысы құжаттамаларымен қамтылған аумағы 45,9%, бұл 2016 жылға қарағанда 25 п.п. көп. 2017 жылы алаңы 3379 га нақты жоспарлау жобаларына түзету жүргізілген болатын.

Қаланың Бас жоспары қағидасын және қалақұрылысы регламенттерін іске асыру шеңберінде– 2568 СЖТ дайындалған және берілген болатын, келісуге берілген жобаларға сәйкес – 964 келісуге берілді.

Қала аумағының құрылысын жоспарлау және салу жобасын қарау және келісу, тек қана халықтың қозғалуы нашар топтарын (мүгедектер) үшін қоңырау қондырғысымен пандустар, көтергіштер, лифтілер, телескопиялық пандустар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Учаскелерде 9 балдан жоғары сейсмикалық есептерімен құрылыс бойынша комиссия хаттамасының көшірмесін беру негізінде жеке тұрғын үй құрылысы жобасы келісілді.


Азық-түлік белдеуі және тамақ өнеркәсібі

Тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталындағы инвестициялардың нақты көлем индексі 2017 жылы 73,0% жоспар кезінде, нақты 97,1% құрады.

2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,9 млрд. теңгені құрады, 2016 жылғы қарағанда 32,2% өскен. Сонымен қатра ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі аз ғана – 0,04%.

Алматы қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен 8 кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді, онда көлемі 1717 тонна өнімдер сатылды.

Жалпы, 2017 жылы сомасы 2,7 млрд. теңге 570-нан астам жәрмеңке өткізілді, 2016 жылмен салыстырғанда тауар айналымы 17,4% көп.

2017 жылы азық-түлік тауарларына тұтыну құнының индексі (құнсыздану) 7,2% құрады. Томат және қияр баға бойынша тежеуші фактор ТОО «BRBAPK» жаңа жылы-жай кешенінің өнімдері болды, ал көкеніс бойынша - «GreenECO» ЖШС жылы-жайын пайдалануға беру есебінен.

Компаниялардың инвестициялық жоспары ішінен «GreenAgroKz» ЖШС көкеніс жылы-жайының құрылысы, сондай-ақ «BRBAPK» жылы –жай кешенін 10 га кеңейту жоспарланып отыр.

2017 жыл қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 208,5 млрд. теңге 2,2% өскен. Сала «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Беккер» АҚ сияқты белгілі кәсіпорындармен ұсынылады.



VII бағыт бойынша «Белсенді азаматтар қаласы»

Түйткілдерді шешу үшін жалпы мүдделерді біріктіретін қалалықтардың белсенділігі, Алматыны дамытудың маңызды жағдайларының бірі болып табылады.

Бүгінде дамыған елдерде бірде-бір қала халықтың белсенді қатысуынсыз түйткілдерді шешуге мүмкіндігі жоқ. Қаланың негізгі ресурсы - адамдар, олардың ақылдары және творчестволық мүмкіндіктері. Алматы халықтың жоғары белсенділігімен танымал, бұл – үкіметтік емес секторы және мықты бизнес қаласы.

Қаланың қоғаммен сұхбаты үшін бүгінде әлеуметтік желіде аккаунттар жұмыс жасайды, онда қалалықтар қала түйткілдері туралы жазады, өзекті мәселелерді шешуде өздерінің нұсқаларын ұсынады.

Бұдан ары әкімшлікі кедергоілерді төмендету мақсатында «Open Almaty» жобасы бастау алды. Азаматтардың және бизнестің ХҚКО –мен қамтылмаған барынша өткір түйткілдері, барлық құқық қорғау құрылымдарымен, «Атамекен» ұлттық палатасымен және әкімдіктермен, сондай-ақ интернет және телефон бойынша қарастырылады. Тек қана 4 ай ішінде 7 мыңнан аса азаматтар өтініші, оның 60% сол орнында шешілді.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысына әсер ететін факторларды талдау.

Аталған бағдарламалық құжатты мониторингілеу үрдісінде жеке нысаналы индикаторлар бойынша статистикалық және ведомстволық есептердің болмауы анықталды, бұл жоспарланған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің объективтік нәтижелерін шығаруға мүмкіндік бермейді.


Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер, мемлекеттік қаржы бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қосқанда

2017 жылы АДБ қатысты бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ ПРТ не проводились.


Дереккөздерді қаржыландыру бөлігіндегі ақша қаражатын игеру

2017 жылға арналған барлық дереккөздер есебінен Бағдарламаны іске асыруға 459 400,81 млн. теңге қарастырылған жыл қорытындысы бойынша нақты 538 681,51 млн. теңге жұмсалды. Оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен қарастырылған 60431,65 млн. теңгенің, 72834,81 млн. теңге игерілді.

- жергілікті бюджет есебінен қарастырылған 203278,48 млн. теңгенің, 199 297,17 млн. теңге игерілді.

- басқа дереккөздерден қарастырылған (жеке және заемдық қаражат) 195 690,68 млн. теңге, игерілгені 266 549,54 млн. теңге.

Үнемдеу бюджетке қайтарылғанын айта кету керек, сондай-ақ кейбір іс-шаралар өтпелі болып табылады.



Одан басқа, «Ұсынылатын шығындар» ретінде іс-шаралар Жоспарында қарастырылған қаржыландыру көлемін ескеру қажет және осы себептер бойынша нақтыланған және нақты жоспарланған шығындар толық көлемде сәйкес келмейді

Экономика және бюджет жоспарлау

басқармасының басшысы ____________________ І. Өсеров

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет