5 дәріс. Ерітінділер



бет3/3
Дата15.05.2024
өлшемі55,15 Kb.
#202306
1   2   3
Байланысты:
лекция 5

Сутектік көрсеткіш. Таза су аз мөлшерінде өзін құрайтын иондарға диссоциацияланады:
H2O → H+ + OH ,
.
K – судың диссоциация тұрақтысы; оның 22°С-дағы мәні тең: 
K = 1,8∙10-16.
Судың өте аз мөлшері ғана иондарға ыдырайтындықтан теңдеудегі судың концентрациясын тұрақты шама деп есептеуге болады, ол 1 л. Массасын судың молярлық массасына бөлгенге тең:
[H2O] = 1000/18 = 55,56 моль.
Енді жоғарыдағы теңдеуді былай жазуға болады:
[H+][OH ] = K∙[H2O] = Kс.
Kс – судың иондық көбейтіндісі деп аталатын тұрақты шама. Судың иондық көбейтіндісінің сандық мәнін табамыз:
Kс = [H+][OH ] = 1,8∙10-16 ∙55,56 = 1∙10-14.
Таза суда сутегі ионының концентрациясы гидроксид ионының концентрациясына тең, өйткені судың бір мелекуласында бір Н+ бір ОН  түзіледі, яғни бұл иондардың әрқайсысының 22°С-дағы концентрациясы өзара тең болады:
.
Ерітіндінің қышқылдығын немесе сілтілігін анықтау үшін сутегі иондарының конценрациясын қолданады. Бұл жағдайда бейтарап орта үшін [H+] = 10-7, сілтілік ортада [H+] > 10-7, қышқылдық ортада [H+] < 10-7.
Сутектік көрсеткіш деп сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмін айтады:
.
Гидролиз дегеніміз – тұз иондары мен су иондары әрекеттескенде әлсіз электролит түзілуі нәтижесінде ерітіндідегі сутегі және гидроксид иондары өзгеруі арқылы жүретін реакцияны айтады.
Гидролизге келесі тұздар ұшырайды: әлсіз қышқыл және күшті негіз; әлсіз негіз және күшті қышқыл; әлсіз қышқыл және әлсіз негіз.
Күшті негіз және күшті қышқыл гидролизденбейді, нәтижесінде бейтараптану процесі жүреді. Әлсіз қышқыл және күшті негіз арасындағы гидролиз (натрий ацетаты):
CH3COONa + H2O = CH3COOH + NaOH,
CH3COO + H2O = CH3COOH + OH .
Бұл жағдайда анион тұзы гидролизге ұшырайды, нәтижесінде ОН- ион түзіледі. Реакция ортасы – сілтілік.
Әлсіз негіз және күшті қышқыл арасындағы гидролиз:
NH4NO3 + H2O = NH4OH + HNO3,
NH + H2O = NH4OH + H+.
Бұл жағдайда тұздың катионы Н+ түзіледі . Реакция ортасы – қышқылдық.
Әлсіз негіз және әлсіз қышқыл арасындағы гидролиз:  
CH3COONH4 + H2O = CH3COOH + NH4OH,
CH3COO + NH + H2O = CH3COOH + NH4OH.
Гидролиз бұл жағдайда катионды және анионды бірден екі әлсіз электролит түзіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет