5-ДӘріс фонетикалық ҚҰбылыстар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата08.04.2022
өлшемі145,44 Kb.
#138432
1   2   3
Байланысты:
5-дәріс 7

Редукция
(лат. reduction – қайырылу, кері қайтару) – айқын естілмей 
көмескіленуі немесе созыңқылығының қысқаруы нәтижесінде дыбыстың 
артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен 
дауыстылар Р. Ұшырайды, бірақ буындар мен сөздердің де Р. түсуі 
кездеседі. 
Метатеза
(грек. 
metathesis - ауыстырып қою, перемутация, 
транспозиция) – дыбыстардың (комбинаторлы) өзгерісі, бір сөз немесе буын 
ішінде буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы. 
Аферезис
– қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған 
дыбыстардың өзара ықпал етуі. А. құбылысында алдыңғы сөздің соңғы 
дыбысының әсерінен кейінгі тұрған сөздің бастапқы дыбысы жоғалады 
(түсіріліп айтылады). А. элизияға қарама-қарсы құбылыс. 
Гаплология
(гаплолалия, буындық диссимиляция) – (грек. Haploos – 
жалғыз + logia – сөз, ілім) ағыл. haplology, фр. Haplologie, нем. Haplologie, 
Silbenschichtung, Silbendissimilation дыбыстардың Комбинаторлық өзгерісі, 
ол диссимиляция әсеінен өзара бірдей (немесе ұқсас) көрші буындардың 
бірінің түсіп қалуы. Мыс., ор. т. минерологиядан минерология, 
шивовороттан шиворот; қаз. т. жайтаңдандаудан жайтаңдау, қайсысынан 
қайсы. 
Диэреза
– сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция 
негізінде пайда болады. Д.-ның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады. 
Мыс.: қалмады – қамады. 
Элизия
(лат. elision – жаншу, итеріп шығару) – 1. Келесі сөздің 
басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы 
сөздің соңында тұрған дауысты дыбыстың түсіпқалуы, айтылмауы. 
Аферезиске қарама-қарсы процесс. 2. Дауысты дыбыстардың қосылып кетуі 


– қатар келген екі дауысты дыбыстың бір монофтонгке немесе дифтонгке 
бірігу түрлері. 3. Эллипсиспен барабар.. 
Эллипсис
(грек. ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның 
түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құрылымдылық жағынан 
толымсыздығы. 
Эпентезе 
(грек. epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комбинаторлық 
өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қосымша бір дыбыстың 
пайда болуы. Э. Кірме сөздерді қабылдағанда ана тілдің ерекшелігіне 
жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Э. Көбінесе 
нормаға түспеген ауызекі тілде жиі айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет