Әлеуметтік қолдау алған тұлғалар енді тарихи процесте белгілі бір роль атқаруы керек.Ұлы тұлға болуы үшін сол тұлға мынадай іс-әрекеттерге баруы керек.
1.Белгілі бір шешім қоғамдық, әлеуметтік сипат алуы үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай қалыптасуы керек.Альтернативтік басқа жолдың дұрыс таңдануы—жеке тұлғаның ұлы тұлғаға айналуының басты шарты болып табылады.
2.Талантты тұлға билікке әсер етуі керек, яғни сол кезеңде оқиғаның бел ортасында болуы шарт, әйтпесе оны халықтың тануы мүмкін болмай қалады.
3.Ұлы тұлғаларға іс-қимыл керек, яғни олардың халықты бір ортаға жинай алатын ұйымдастырушылық қабілеті болуы да шарт.
Осыған қарамастан жеке тұлғалардың ұлы тұлғаға айналуына кедергі жасайтын процестер болуы да мүмкін.Ол қандай құбылыстар? Енді осы мәселеге тоқталамыз.
1.Кейбір адамдар өзінің мүмкіндігін бағалай алмайды.
2.Адамдар арасында «немесе» деген варианттық жолдың дұрысын таңдау кезеңі болады. Ірі тұлғаға айналу да осы мәселеге байланысты.
3.Әрбір оқиғаның басталу және аяқталу уақытысы бар.Егер белгілі бір оқиға өзінің басталуынан ертерек басталса, ол үлкен дағдарысқа әкелуі мүмкін,яғни бұл жерде оқиғаның болуын болжау қасиеті де маңызды роль атқарады.
4.Кейбір ірі тұлғалар азғантай адамның мүддесіне бола белгілі бір іс-қимылға барады, ал бұл өз кезеңінде ол адамның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.
5.Кейбір адамдардың өзін құдай есебінде ұстауы халық тарапынан қарсылық туғызады.