3.Ұлы тұлғалар-өзгерістердің басты себебі. Қоғамдағы барлық өзгерістер адамдардың қимылының нәтижесі.Әлеуметтік өмірде олардың әсерінсіз болған ешқандай оқиға жоқ.Бірақ адамдар деген жалпы түсінік.Сондықтан жеке тұлғалар туралы анықтап алуымыз керек. Жалпы тарихшылар болсын, немесе басқа қоғамдық ғылымдардың өкілдері болсын әлі күнге дейін оларды толғандырып жүрген бір сұрақ бар, ол—тарихты кім жасайды немесе тарихта кім басты роль атқарады?
Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап беретіндігі рас.Бірақ әлеуметтанушы ғалымдардың пкірі бойынша бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен мынадай 4 сұраққа жауап іздеу керек.
1.Тарихты кім жасайды?
2.Олар тарихтың қай бөлігін жасайды?
3.Қандай тарихты жасайды?
4.Олар тарихты қалай жасайды?
Бірінші сұраққа жауап беру үшін алдымен жеке тұлға мен ұжымның ролі туралы мәселені анықтап алуымыз керек.Сондықтан жекелеген адамдардың қоғамда алатын орнына байланысты оларды мынадай үш топқп бөлеміз.
1.Кәдімгі, қарапайым адамдар—олар күнделікті тұрмыстағы өмір тіршілігін реттеп жүрген, жоғарғы жақта жұмыстары жоқ, онша көп араласа қоймайтын жандар.
2.Біліміне, талантына, күшіне сүйене отырып, басқалар үшін еңбек ететін адамдардың тобы.Оларға әрине зиялы қауымның өкілдері жатады. Кейбір әлеуметтанушы ғалымдар бұл топқа пайғамбарлар мен дүниежүзілік көлемдегі ірі тұлғаларды жатқызады.
3.Белгілі бір өкілдікке ие болып, басқалардың тағдырын шешетін тұлғалар.Оларға әрине өкімет билігін ұстап отырған адамдар, сот өкілдері жатуы мүмкін.
Әлеуметтанушылардың енді бір тобы адамдарды іс-қимылына байланысты басқаша топтарға бөледі.
1.Кейбір адамдардың іс-қимылы қоғамды солайымен өзгертуге бағытталады.Ленин, Сталин, Гитлер, Горбачев, Шыңғыс хан тағы басқа ірі тұлғалар.
2.Кейбір адамдардың іс-қимылы қоғамды өзгертуге емес, оның тек мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне бағытталуы мүмкін.Ян Амон Каменский, Аристотель, Ыбырай, Абай тағы басқалар.
3.Кейбір адамдардың іс-қимылы адамзат қолымен жасалған мәдени құндылықтарды жоюға бағытталады.Оларға вандалдардың соғыс құмарлардың іс -әрекеттерін атауға болады.
Сонымен бұл мысалдан көретініміз тарихты жасайтындар бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын және бір-бірін толықтырып отыратын жеке тұлға мен халық болып табылады.
Екінші сұраққа жауап беру үшін біз алдымен тарих дегеніміз тек белгілі бір мемлекеттің саяси тарихы ғана емес, оның мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі де тарихтың бір саласы болып табылатындығын еске ұстауымыз керек.Осыған байланысты жекелеген тұлғаларды тарихта немесе қоғамда басқаларға әсер ету масштабына байланысты мынадай екі топқа бөліп қарастырамыз.
1.Адамзат көлемінде терең із қалдырғандар—Иса, Мұхаммед, Будда, Заратуштра пайғамбарлар адамзат өмір сүріп отырғанда олардың ізін ешкім ұмытпайды.
2.Ұлттық немесе топтық көлемде із қалдырғандар-Ықылас, Құрманғазы, Дина және басқа өнер иелері.
Ұзақтығына байланысты да екі топқа бөлуімізге болады.
1.Адамзат тарихында ұзақ сақталатындар
2.Адамзаттың тарихында уақытша сақталатындар.
Мазмұнына байланысты екі топқа бөлеміз.
1.Жақсы іс-қимылымен адамзат тарихында қалғандар
2.Соғыс жүргізуімен тарита қалғандар.
Үшінші сұрақ екінші сұрақпен тығыз байланысты.Оларды қоғам саласына байланысты екі топқа бөлеміз.
1.«Іс-қимыл жетекшілер»--оларға қолбасшылар, саясатшылар, диктаторлар жатады.
2.«Ой-сана жетекшілері»---оларға философтар, ғалымдар, пайғамбарлар жатады.
Төртінші сұрақта адамдарды алдына қойған мақсатына байланысты бөлеміз.
1.Алдына мақсат қойып тарихты жасайтындар—оған ірі саяси тұлғалар жатады.
2.Алдына мақсат қоймай, халықтың өзі тарихқа енгізген тұлғалар жатады—оған көбінесе өнер, мәдениет өкілдері жатады.
Жекелеген тұлғалардың бар екендігіне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ олардың арасында саяси болсын немесе мәдени болсын ірі тұлғаға айналғандар бар.Енді жекелеген тұлғалардың ірі тұлғаларға айналуына не әсер етеді? Осы сұраққа назар аударамыз.
Көптеген адамдар талантты болып өмірге келеді.Талантсыз адамның болуы мүмкін емес.Бірақ сол таланттың өзі адам бойының 1 пайызын құраса, қалған 99 пайызын еңбек құрайтынын ғалымдар дәлелдеген. Оған қоса сол таланттың әрі қарай ұшталуына әсер ететін белгілі бір әлеуметтік қоршаған ортаның болуы міндетті.Осыған байланысты жеке тұлғаның ұлы тұлғаға айналуына қоршаған ортаның әсер ететіндігін дәлелдейтін тарихта 4 фактор бар.
1.Көптеген талантты адамдардың есімі өзі қайтыс болғаннан соң елге таныла бастайды.
2.Әлеуметтік жағдайдың өзі сол адамның талантының шығуына, есімінің танылуына әсер етеді.
3.Тарихта «алтын ғасыр» деп аталатын белгілі бір кезеңдер болады, яғни бұл кезең талантты адамдардың шығуына, шығармашылығының ұшталуына әсер етеді.
4.Ерлер мен әйелдер арасындағы ара салмақ бойынша таланттың іске асуы әйелдерге қарағанда ер адамдарда басым болып келеді.Мысалы: әдебиет саласында Нобель сыйлығын алғандардың 86-ы ер, 7-еуі әйел, химия саласында 97 ер, 4-еуі әйел. Бұл құбылыстың болуы алдымен әйелдің отбасы өміріндегі алатын орнына, дінге байланычста болуы мүмкін.