ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІҢ МАЗМҰНЫ
Ф. Харрис және Р. Моран ұйымдастырушы мәдениетіне тән он мазмұнды сипаттаманы бөлуде.
1. Өзін және ұйымдағы орнын ұғыну. Бұл жүріс-тұрыста, байсалдылық және қызметкермен ішкі көңіл-күйі мен проблемаларды жасыруын, сондай-ақ, ашықтықты уайымдауын көрсетуін эмойиялық қолдауын мадақтап көздейтін нормалар болу мүмкін.
Кәсіби шығармашылықты не ынтымақтастық, не дарашылдық және тағы басқалары арқылы жүргізу.
2. Коммуникациялық жүйе және байланыс тілі (ауызша, жазбаша, сөзсіз коммуникацияны пайдалану ерекшеліктері; ашықтық – коммуникациялардың жабықтылығы; кәсіби сленгтің ерекшеліктері және басқалары).
3. Сыртқы түрі, жұмыстағы түрі (белгілі талаптардың болуы немесе жоқтығы; униформа – дресс-код – еркін стиль; косметиканы парфюмерияны пайдалану нормалары және т.б.).
4. Тамақ ішу және оның түржинағымен байланысты әдеттер мен дәстүрлер (қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру; асханал мен буфеттердің болуы немесе жоқтығы; тамақтануға шығындарын төлеудегі ұйымның қатыстылығы – төлем тек қызметкерлердің өзімен жүргізіледі; әртүрлі ұйымдастырушылық мәртебесімен қызметкерлердің біріккен немесе бөлек тамақтануы; тамақтанудың мерзімділігі мен ұзақтылығы және т.б.).
5. Уақытқа деген көзқарас және оны пайдалану (уақытты маңызды немесе маңыздылығы аз ресурс ретінде қабылдау; ұйымдастырушылық қызметтің уақыттық параметрлерін сақтау немесе бұзу).
6. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас (жас мөлшерінің, жыныстың, мәртебенің, билік көлемінің, білімділіктің тәжірибенің және тағы басқаларының тұлғааралық қарым-қатынастарға ықпал етуі; қарым—қатынастардың формалды болу дәрежесі; шиеленістерді шешудің қабылданған түрлері және басқалары).
7. Құндылықтар мен нормалар.
8. Дүниетану (адалдылыққа, жамандықтың жазалануына және жақсылықтың жеңуіне, табыстылыққа, басшылыққа, өз күштеріне сенімділік- осындай сенімділіктің жоқтығы; өзара көмекке, этикалық немесе лайықсыз тәртіпке қарым-қатынас және т.б.).
9. Қызметкердің дамуы мен өзіндік іске асуы (жұмысты ойсыз немесе саналы орындау; зияткерлігіне немесе күшіне деген тірек; ұйымдағы ақпараттың еркін және шектеулі алмасуы; адамдар санасы мен тәртібінің тиімділігін мойындау немесе одан бас тарту; шығармашылық жағдай немесе қатаң қабарластық; адамның шектеулігін мойындау немесе оның өсу мен жетілуге деген әлеуетіне назар аудару).
10. Еңбек этикасы және уәждеу (жұмысқа құндылық немесе борыш ретінде қарау; өз еңбегінің нәтижелеріне жауапкершілік немесе
Немқұрайлылық; өз жұмыс орнына деген иелік көзқарас – осындай көзқарастың жоқтығы; еңбек қызметінің сапалық сипаттамалары; жұмыстағы лайықты және зиянды әдеттер; қызметкер үлесінің және оның сыйақысының арасындағы әділетті байланыс; ұйымда қызметкердің кәсіби мансабын жоспарлау).
Достарыңызбен бөлісу: |