5 жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі90 Kb.
#89879
1   2   3   4
Байланысты:
СРОС М.Ш.

Прокурор іскерлігінің мақсаты - Қазақстан Республикасының егемендік құқығы, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да құқы, заңдылықтың бірлігі және нығайтылуы, заңның жоғары шыңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы конституциялық жағдайға орай, сонымен қатар ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсаннан «ҚР прокуратурасы туралы» жарлығы бойынша, «Прокурорлық қадағалау» пәнінің оқытылуының негізгі мақсаты: прокурорлық қадағалаудың және прокурор іскерлігінің мазмұнын мемлекеттік іскерлік ретінде тану болып табылады және де мемлекет атынан прокурор-тұлға арнайы уәкілеттігі ретінде заңның нақты орындалуын және бірдей қолданылуын қамтамасыз етілуі керек, әсіресе жергілікті заң шығару және орындаушы өкіметтің, кәсіпорындармен, мекемелер және ұйымдармен, қоғамдық-саяси ұйымадрмен сонымен бірге заңды бұзуды уақытымен жою және кінәлі адамдарға заң бойынша артылатын жауапкершіліктің негізін түсіну болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген стратегиялық мақсатқа жетуге төменде көрсетілген әдетті міндеттер мүмкіндік туғызады. Прокурорлық қадағалаудың бұл міндеттері заң шығару және заңасты нормативті базасын меңгеруге арналған келесі салалары және бағытына негізделген:

  • мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар және азаматтардың заңды қолдануын қадағалау;

  • жедел іздеу іскерлігін атқаратын органдардың заңды қолдануын қадағалау;

  • алдын ала іздеу және тергеудің заңды жүргізілуін қадағалау;

  • әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалау;

  • заңды, бостандықты, құқықты сақтауды қадағалау, азаматтың және адам мүддесін қадағалау;

  • соттағы мемлекет мүддесінің өкілеттігі;

  • прокуратура органдарымен іске асатын немесе атқарылатын қылмыстық іздеу;

  • қылмыстық тіркеу;

  • қылмыскерлікпен күрес бойынша құқық сақтау органдарының іскерлігін үйлестіру;

  • халықаралық ынтымақтастық саласындағы прокуратура органдарының өкілеттігі.

Одан басқа, студенттер прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары және салаларында еркін бейімделу үшін тағы қосымша міндеттер бар.
Олар:

  • студенттердің ҚР прокуратура органдарының іскерлігінде және ұйымдастыру принциптері мен құрылымында, сонымен бірге прокуратура жүйесінде жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.

  • Тәжірибеде прокурорлық қадағалау актін қолдана алу білімін және іскерлігін арттыру, сонымен бірге одан да басқа құжаттарды құрастыра алу қабілетін қарастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет