5 курс бакалавр «ҚДС» мамандығына эпидемиология пәні бойынша тесттік сұрақтар (720)


~ Балалар бақшасының топтарын жоспарлы түрде тексеру барысында бір апта бойы жөтеліп жүрген 5 бала анықталды. 14 күн бұрын топта көкжөтел жағдайы тіркелген



бет3/3
Дата13.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#125407
1   2   3
Байланысты:
Тесты-эпидем.-ОЗ-каз
вопросы РК 1 каз, 7 Применение логистических подходов в сфере обращения ЛС

~ Балалар бақшасының топтарын жоспарлы түрде тексеру барысында бір апта бойы жөтеліп жүрген 5 бала анықталды. 14 күн бұрын топта көкжөтел жағдайы тіркелген.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізіледі?


| топта 14 күн карантин жариялау және балаларды бақылау+

| жөтелген балаларды үйде жекешелеу

| топтағы барлық балаларды серологиялық тексеру

| топта 17 күн карантин жариялау және балаларды бақылау

| топтағы барлық балаларға иммунды әдіспен алдын алу

~ Педиатр участкесінде бес балалар мекемелері бар. Біреуінде көкжөтелмен ауырған 5 жағдай, қалғандарында бірде-бір тіркелмеген. Барлық мекемелерде АКДС-вакцинасымен егу 95% құрайды. Барлық ауырғандардың барлығы көкжөтелге қарсы егілген.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізіледі?

| вакцинациялау үшін балаларды іріктеуді талдау+

| мектепке дейінгі мекемелерде балаларды бактериологиялық тексеру

| эпидемиялық ошақты тексеру

| мектепке дейінгі мекемелерде балаларды серологиялық тексеру

| мектепке дейінгі мекемелерде топтарды бақылау

~ Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бактериологиялық тексеру барысында балалар бақшасындағы топтардағы балалар арасынан 2 токсигенді дифтерия бактериясын тасымалдаушы анықталды.

Мұндай жағдайда бактериятасымалдаушыларға қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| балалар бақшасына баруға тиым салу+

| үйде жекешелеу

| вакцинация жүргізу

| жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

| балалар бақшасының жекешелеу бөлмесінде бақылау

~ Стационарда вирусты гепатит А-мен жатқызылған науқасты тексеру барысында санынан жазылмаған жарақат анықталды. Анамнезінен бір апта бұрын оны белгісіз ит қапқаны анықталды. Мұндай жағдайда науқасқа қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| антирабиялық вакцина енгізу+ | антирабиялық анатоксин енгізу

| антирабиялық сарысу енгізу | сіреспеге қарсы вакцина енгізу | сіреспеге қарсы сарысу енгізу

~ Балалар бақшасына баратын 3 жасар балаға ауызжұтқыншақ дифтерия диагнозы қойылған. Жанұясы екі бөлмелі пәтерде тұрады: әкесі-инженер, анасы- балалар бақшасында тәрбиеші.

Мұндай жағдайда эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізіледі?

| жанасқандарды 7 күн бақылау+

| жанасқандарды 17 күн бақылау

| жанасқандарды 21 күн бақыла

| жанасқандарға антибиотиктер тағайындау

| жанасқандарға дифтерияға қарсы аноатоксин енгізу

~ 32 жастағы әйелде бактериябөлінулермен белсенді өкпе туберкулезі анықталған. Жанұялық жанасқандардың ішінде 5 және 7 жасар балалары бар. Пациент балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді.

Мұндай жағдайда инфекция ошағында қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| ауруханада жекешелеу+

| үйде жекешелеу

| иммунды алдын алу тағайындау

| антибиотиктермен емдеуді тағайындау

| балалар бақшасына 1 ай карантин қою

~ Балалар бақшасына баратын 3 жасар балаға қызылша диагнозы қойылған. Топта барлық балалар қызылшаға қарсы тірі вакцинамен егілген.

Мұндай жағдайда қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| топтағы балаларды 21 күн бақылау+

| жанасқандарға тірі қызылша вакцинасын енгізу

| топтағы балаларды 17 күн бақылау

| жанасқандарға иммундыглобулин енгізу

| балалар бақшасында қорытынды дезинфекция

~ Дене температурасының жоғары көтерілуіне, оң құлағының ісінуі мен

ауруына шағымданған 10-шы сынып оқушысын мектеп медициналық

пунктіне жіберген. Педиатр эпидемиялық паротит диагнозын қойған.

Науқасты ауруханаға жатқызған. Сыныпта - 25 адам. Бұлардың ішінен 7-уі

эпидемиялық паротитпен ауырған, 16-сы егілген. Жанұясында келесі

жанасқандар: інісі 15 жаста – 12 жасында ревакцинация жүргізілген,

қарындасы 4 жаста – балалар мекемесіне барады, 12 айында егілген.

Мұндай жағдайда ошақта қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| егілмеген оқушыларға тірі паротит вакцинасын енгізу+

| мектепте дезинфекция жүргізу

| ошақты бақылау

| 4 жасар қарындасына тірі паротит вакцинасын енгізу

| үйде қорытынды дезинфекция

~ Кене энцафалиті мен оба сырқаттанушылығымен қолайсыз эндемиялық аудандарға саяхатшылар тобы жол жүрмекші. Жол жүруге 2 апта қалды.

Мұндай жағдайда егу жүргізу тәртібі қандай?

| екеуінде бір уақытта енгізу+

| тек кене энцафалитіне вакцина енгізу

| екеуінде 14-15 күн аралықпен енгізу

| тек оба вакцинасын енгізу

| біреуін жол жүргенге дейін, екіншісін 1 айдан соң

~ Кейбір аудандарда жергілікті тұрғандар арасында описторхоздың таралуын және осы инвазиямен үй жануарлары мен балықтардың заладанғанын экспедиция зерттеді. Тұрғындардың описторхозбен залалдануы шикідей, толық қақталмаған және аз тұздалған балықтарды қолданғанда жұқтырды. Тексерілген аудандарда қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| дегельминтизация+

| дезинфекция

| дезинсекция

| иммунды алдын алу

| дератизация

~ Травматологиялық бөлімде 28 жастағы науқастан ауруханада 10-шы күні сальмонеллез анықталды.

Бұндай жағдайда науқасқа қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру+

| боксқа ауыстыру

| бөлімде қалдыру

| дифтерияға қарсы сарысу енгізу

| антибиотиктер тағайындау

~ Қабылдау бөлімінің бір бөлмесінде 30 мин ауырған балаларымен әртүрлі ата-аналар бірге болды. Қараған кезде бір балада жіті ішек инфекциясы қызылшаға қарсы егілмеген,бұрын қызылшамен ауырмаған, ал басқа балада – продорма кезеңіндегі қызылша диагнозы қойылды. Қызылшамен ауырған баланы боксқа жіберілді.

Жіті ішек инфекциясымен ауырған баланы қайда жіберу керек?

| 7 күн ішек бөліміне, одан кейін боксқа+

| қызылшамен ауырған баламен бірге боксқа

| бөлек боксқа

| барлық ауру кезеңінде ішек бөліміне

| ауа-тамшы инфекциялар бөліміне

~ Жедел респираторлы аурулар палатасында 4 науқас жатыр. Біреуінде 2-ші күні қызылша диагнозы қойылған (бетінде бөртпе). Палатадағы 35 жастағы көршісі бала кезінде қызылшамен ауырған, ал 19 жасар қызылшамен ауырмаған.

19 жасар науқасқа не істеу керек?

| иммундыглобулин енгізу+

| боксқа ауыстыру

| антибиотиктер енгізу

| палатада қалдыру

| вакцина енгізу

~ Қалалық аурухананың терапиялық бөлімінде гипертониямен жатқан 33 жасар науқаста 7-ші күні іш өту пайда болды және нәжісін бактериологиялық тексергенде Зонне шигелласы анықталды. Ауруханада мұндай диагнозбен басқа аурулар жоқ.

Инфекцияның қоздырғыш көзін анықтау үшін қандай шаралар жүргізілуі қажет?

| асхана қызметкерлерін тексеру+

| бөлім медқызметкерлерін тексеру

| науқастың туыстарын тексеру

| тұрмыстық заттарын тексеру

| палатадағы жанасқандарды тексеру

~ Терапиялық бөлімде созылмалы холециститпен 28 жастағы науқастың өтін тексергенде S. Typhi анықталған. Анамнезінен науқас 7 жыл бұрын іш сүзегімен ауырған. Палатадағы 4 науқастың ішінен 2-уі бір апта бұрын ауруханадан шығып кеткен. Бөлімде 60 науқас бар.

Бұндай жағдайда жанасқандарға қандай шаралар жүргізілуі қажет?

| 21 күн бақылау+

| изоляторға ауыстыру

| СЭҚБ хабарлау

| антибиотиктер тағайындау

| жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

~ Балалар ауруханасында 7 жасар балада 4-ші күні клиникалық жіті дизентерия диагнозы қойылған.

Науқас балаға қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру+

| бөлімде қалдырып, боксқа жатқызу

| ректороманоскопия жүргізу

| адам иммундыглобулинін енгізу

| антибиотиктер тағайындау

~ Қалалық аурухананың терапиялық бөлімінде жедел гастритпен 36 жастағы науқасты ИФА әдісімен тексергенде вирусты гепатит А маркерлері анықталды. Палатада 6 науқас бар. Науқасқа вирусты гепатит А диагнозы қойылды.

Бұндай жағдайда жанасқандарға қандай шаралар жүргізілуі қажет?

| 35 күн бақылау+

| 40 күн бақылау

| жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

| антибиотиктер тағайындау

| вакцинация жүргізу

~ Тұмау эпидемиясы кезінде перзентханада нәрестелер арасында тұмау сырқаттанушылығының 7 жағдайы тіркелген.

Бұндай жағдайда жанасқандарға қандай шаралар жүргізілуі қажет?

| тұмауды шұғыл түрде алдын алу+

| бөлімде қалдырып, боксқа жатқызу

| жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

| антибиотиктер тағайындау

| 5 күн бақылау

~ Конго-қырым қанды қызбаға күдікті науқастан қан алу үстінде зертханашы абайсызда саусағын шприц инесімен жаншып алды.

Осы жағдайда бірінші қандай шұғыл шаралар жүргізілуі тиіс?

| арнайы гаммаглобуллин енгізу+

| антибиотиктерді тағайындау

| жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

| жұмыстан шеттеу

| вакцинация жасау

~ Гинекологиялық бөлімде іш өтумен, дене қызуының көтерілуімен, іштің ауруымен сипатталған инфекция өршуі болды.

Бұндай жағдайда жанасқан медқызметкерлерге қандай шаралар жүргізілуі қажет?

| 7 күн бақылау+

| антибиотиктерді тағайындау

| жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

| жұмыстан шеттеу

| дизентерияға тексеру

~ Балалар ауруханасында 3 жасар балада қызылша анықталған. Баламен бұрын жанасқандардың барлығына қызылшаға қарсы егу белгілі мерзімде жүргізілген.

Бұндай жағдайда жанасқандарға қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| палатада сауыққанға дейін қалдыру+

| жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

| антибиотиктерді тағайындау

| вакцинация жүргізу

| 10 күн бақылау

~ Терапиялық бөлімде 3 тәулік бойы әртүрлі палаталарда 5 науқас жіті ішекинфекцияларымен тіркелді. Науқастарды, бөлімше қызметкерлерін және ас таратушыны бактериологиялық тексеру барысында ас таратушыдан және 5 науқастан сальмонеллалар табылды.

Мұндай жағдайда науқастарға қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

| қорытынды дезинфекция жүргізу+

| науқаспен жанасқандарға егу жүргізу

| бөлімді өршу аяқталғанға дейін жабу

| ошақтық дезинфекция жүргізу

| науқастарды сауыққанға дейін бөлімде қалдыру

~ Медициналық қызметкер гепатит бөлімінен микробиологиялық зертханаға пробиркамен қан тасымалдады. Абайсызда бір пробирка еденге құлап, сынып, қан еденге шашырады. Пробирка жапсырмасында «Вирусты гепатит» деп жазылған.

Осы жағдайда медициналық қызметкердің әрі қарай іс-әрекеті қандай?

| еденге дезинфекциялық ерітіндіні құю+

| еденді дезинфекциялық ерітіндіндіге малынған шүберекпен сүрту

| сабынды ерітіндімен еденді жуу

| антисептикпен еденді өңдеу

| еденді кварцпен өңдеу

~ Ішек инфекциялар бөлімінің орта буынды медициналық қызметкерлердің нәжісін бактериологиялық зерттеу нәтижесінде мейірбикеден острицалар анықталды.

Осы жағдайда мейірбикеге қатысты қандай шаралар жүргізілуі қажет?

| науқастармен жұмыстан шеттету+

| қабылдау бөліміне өткізу

| емхана бөліміне өткізу

| физиотерапевтикалық бөлімге өткізу

| сол бөлімде қалдырып,бекетке отырғызу

~ Орталық стерилизация бөлімінің медициналық қызметкері стерилизация алдындағы тазалаудан кейін зертханалық ыдыстарды қанның қалдығына азопирамді тәсілімен тексеру барысында оң нәтижені көрсетті.

Бұндай жағдайда медқызметкердің іс әрекеті қандай болу керек?

| дистилденген сумен жуып, стерилизация жүргізу керек+

| ағынды сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

| антисептик ерітіндісіне батырып, стерилизация жүргізу керек

| сабын сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

| дез.ерітіндіге 15 мин батырып, содан соң стерилизация жүргізу керек

~ Қабылдау бөлімінің бір бөлмесінде 30 минут шамасында әртүрлі ата-аналар науқас балаларымен бірге болды. Қараған кезде бір науқасты қызамық анықталып, ол бокске жіберілді. Екінші балада салмонеллез диагнозы қойылды. Ол науқас қызамыққа егу алмаған, бұрын ауырмаған.

Салмонеллезбен ауырған науқасты қайда жіберу қажет?

| 7 күнге дейін ішек бөліміне, сосын бокске+

| қызамықпен ауырған науқаспен бір бокске

| жеке өзін бір бокске

| аурудың барлық кезеңінде ішек бөлімінде ұстау

| ауа-тамшылы инфекция бөліміне

~ Ине жаншу бөлмесінің мейірбикесі анаэробты инфекциямен науқастан қан алу барысында бетперде мен қолғаппен жұмыс кезінде қан шашырап көзіне түсті.

Бұл жағдайда мейірбикенің көзіне қандай ерітінді тамызуы керек?

| 1 % азотқышқылды күміс ерітіндісін+

| 5 % бор қышқылы ерітіндісін

| 2 % новокаин ерітіндісін

| 3 % натрий карбонат ерітіндісін

| 6 % ас содасын

~ Егу бөлмесінің мейірбикесі ағынды тазалау жүргізу барысында абайсызда бактерицидті саулелі лампаны сындырып алды.

Сынған саулелі шамды қандай қорапқа салуы қажет?

| «Г» класындағы+

| « Б» класындағы

| «В» класындағы

| «А» класындағы

| «Д» класындағы

~ Мейірбике ағымды тазалау жүргізу барысында абайсызда көзіне дезинфектант ерітіндісін шашыратып алды. Ол тез арада көзін ағынды сумен жуды. 15 мин өткен сөң көзінің қатты қызарғанын байқады.

Бұл жағдайда мейірбике көзіне қандай ерітінді тамызғаны дұрыс?

| 1 % альбуцид ерітіндісін+

| 5 % бор қышқылы ерітіндісін

| 2 % новокаин ерітіндісін

| 3 % натрий карбонат ерітіндісін

| 6 % ас содасын

~ Мейірбике ағымды тазалау жүргізу барысында абайсызда көзіне дезинфектант ерітіндісін шашыратып алды. Ол тез арада көзін ағынды сумен жуды. 5 мин өткен сөң көзінің қатты ауырғанын сезді.

Бұл жағдайда мейірбике көзіне қандай ерітінді тамызғаны дұрыс?

| 2 % новокаин ерітіндісін+

| 1 % альбуцид ерітіндісін

| 5 % бор қышқылы ерітіндісін

| 3 % натрий карбонат ерітіндісін

| 6 % ас содасын

~ Аурухананың медициналық қызметкері мерзімі өткен барлық дәрілерді, диагностика мақсатында қолданған дәрілердің қалдықтарын, қолдануға келмейтін дез.ерітінділерді «Г» класындағы қораптарға жинап салды.

Бұндай жағдайда әрі қарай қалдықтарды жоюдың тәсілі қандай?

| өндірістік улы заттармен бірге көму+

| арнайы биологиялық молаларда көму

| екіншілік өнімге жіберу

| қатты тұрмыстық заттар полигонында көму

| өндірістік ошақтарда жағу

~ Обаға қарсы станца зертханашысы аса қауіпті инфекция науқасымен қатынаста болған заттардың бәрін жинап «В» класындағы қалдықтар қорабына салып жинады.

Бұндай жағдайда әрі қарай жоюдың тәсілі қандай?

| өндірістік ошақтарда жағу+

| өндірістік улы заттармен бірге көму

| арнайы биологиялық молаларда көму

| екіншілік өнімге жіберу

| қатты тұрмыстық заттар полигонында көму

~ Аурухана медициналық қызметкері жұқпалы аурулар ауруханасында науқастың биологиялық бөлінділерімен қатынаста болмаған улы емес қалдықтарды «А» класындағы қалдықтар қорабына жинап салды.

Бұндай жағдайда әрі қарай қалдықтарды жоюдың тәсілі қандай?

| қатты тұрмыстық заттар полигонында көму+

| арнайы биологиялық молаларда көму

| өндірістік ошақтарда жағу

| екіншілік өнімге жіберу

| өндірістік улы заттармен бірге көму

~ 5 жастағы бала капилляротоксикоз диагнозымен терапиялық бөлімге түсті. 3-ші күні балаға менингококты инфекция диагнозы қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Терапиялық бөлімде қандай шаралар жүргізбеу керек?

| палатадағы науқастардың шығаруын кештету қажет+

| бөлімшенің палатасында күнделікті тазалау жұмысын жүргізу

| жанасқандарға иммуноглобулин енгізу

| палата мен бөлімшеде дезинфекция жүргізу

| жанасқандарды бақылау

~ Медициналық қызметкер стерилизация алды тазалаудан кейін зертханалық ыдыстарды жуғыш заттардың сілтілі компонент қалдығына фенолфталеин тәсілімен тексеру барысында оң нәтижені көрсетті.

Бұл жағдайда медқызметкердің іс әрекеті қалай болу қажет?

| дистилденген сумен жуып, стерилизация жүргізу керек+

| ағынды сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

| антисептик ерітіндісіне батырып, стерилизация жүргізу керек

| сабын сумен жуып, стерилизация жүргізу керек

| дез.ерітіндіге 15 минут батырып, содан соң стерилизация жүргізу

керек

~ Шетелден келген құрғақ жүктерді медициналық-санитарлық тексеру барысында өлген кеміргіштер анықталды.



Мұндай жағдайда сары қызбаның таралуын және енуін алдын алуда қандай шаралар қолданылуы қажет?

| жүктерге дезинсекция +

| жүктерге камералық дезинфекция

| жүктерге стерилизация

| жүктерге қорытынды дезинфекция

| жүктерге дератизация



Кафедра мәжілісінде қарастырылып және талқыланды
___ хаттама __________2014 ж.
Каф.меңгерушісі, профессор м.а., м.ғ.к. Абуова Г.Н.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет