5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет119/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сақтар
3.2.
«Алтын адам» археологиялық
олжасы (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың
археологиялық жаңалықтарын білу. 
Тірек сөздер
«Алтын адам»
ескерткіш
Ресурстар
Есік обасында жүргізілген археологиялық қаз-
ба жұмыстары бейнеленген ғаламтордан алынған 
фотосуреттер, кеспеқағаздар, кескін карта, стикер-
лер, маркерлер, флипчарт. 
Оқулық: «Алтын адам» археологиялық олжасы, 
74-75-бет.
Зерттеу сұрағы:
Есік обасынан табылған 
«Алтын адам» кім болды?
Сабаққа дайындық
1. Сабақтың алдында сыныптағы топтың санына 
қарай өзіңіздің 4-5 затыңызды әкеліңіз. Ол бала кез-
дегі фотоларыңыз, сыйлық ретінде алған бұйымда-
рыңыз және т.б. болуы мүмкін. 2. Қазақстанның ерте 
темір дәуірі кезіндегі археологиялық ескерткіштер 
картасының көшірмесін жасаңыз. 3. 1969 жылы Есік 
обасындағы қазба жұмысы кезіндегі фотосурет. А4 
пішініндегі парақ көлемінде «Алтын адамның» және 
оның бұйымдарының (сырға, жүзіктер, алқа, баскиім, 
белбеу) суреттерін дайындаңыз. Жоғары жағында ар-
хеолог К. А. Ақышевтың фотосуреті жапсырылған А3 
пішініндегі парақ. 
Сабақтың деректі материалдары 
Қазақстанда бірнеше алтын киімді жәдігерлер 
табылған. Олардың біріншісі – 1969 жылы Есік оба-
сында табылған «Алтын адам». Екіншісі – 1998–1999 
жылдары ашылған Берел жәдігері. Үшіншісі – Шілікті 
қорғанындағы «Алтын адам». Төртіншісі – Атырау об-
лысы, Жылыой ауданы, Аралтөбедегі «Алтын киімді 
адам». Бесіншісі – Қарағанды облысы, Қарқаралы ау-
даны, Талдыдан табылған жәдігер. Ең соңғы «Алтын 
ханшайымдар» Орал облысы, Теректі ауданындағы 
Тақсайда және Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ау-
данынан табылды. 
Кемел Ақышев 1924 жылы Павлодар облысы, Ба-
янауыл ауданы, 4-ауылда туған. 1954 жылдан бастап 
Қазақстан көлеміндегі Оңтүстік Қазақстан және Жеті-
су археологиялық экспедицияларының ұйымдасты-
рушысы әрі жетекшісі болды. Әлемдік маңызы зор 
Есік обасынан табылған «Алтын адам», Бесшатыр, 
Отырар жәдігерлерін зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет