5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Жауаптары. Екі мәтінде де Дарийдің сақтарға  жасаған жорықтары туралы айтылған



Pdf көрінісі
бет156/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары.
Екі мәтінде де Дарийдің сақтарға 
жасаған жорықтары туралы айтылған.
 
Айыр
-
машылықтары
: Бехистунда Шошақ бөрікті сақтар то-
лығымен Дарийге бағынады делінген. Полиэн Дарий 
сақтарды толық бағындыра алған жоқ дейді. 
Жақтау: 
Полиэн жазбасына сенемін. Себебі ол – 
тарихшы, тақырыпты арнайы зерттеуші. 
Даттау

Дарий өзін бүкіл әлемнің билеушісі етіп көрсетпекші. 
Жазба Дарийдің бұйрығымен жазылған, сондықтан 
кейбір фактілер бұрмаланған. 
Картамен жұмыс
Аталған тапсырманы орындау екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде оқушы жеке кескін картамен жұмыс 
жасайды. Парсы империясына бағынған мемлекеттер 
атауларын картадан табады. Кескін картаға белгілей-
ді. Оқушылар әрі қарай картамен жұмыс жүргізуді 
жалғастырады. Оқушылар сұраққа жауап береді. Жа-
уаптарын өзара талқылайды. Екінші кезеңде Дарий 
патшаның сақ жеріне жасаған жорығына арналған 
кеспеқағаздарды таратыңыз. Дарий патшаның сақ 
жеріне жасаған жорығының себептерін екі бағанға 
орналастырады. "Сақтардың ірі империяға қарсы 
тұру күші тәуелсіздігін сақтап қалуға деген құштар-
лықтан туындайды" деген қорытынды жасайды.
Жауаптары. 
Парсы империясының құрамындағы 
мемлекеттердің әскери күштері біріктірілді. Олардың 
жаяу атты әскерлері мен теңіз флоттары да жақсы 
дамыды. Сақтар – жауынгер халық. Олар шеттерінен 
мерген. Қылыш, найзамен қаруланып, аттың үстінде 
шебер соғысады.
Хат жазыңдар
Кейбір оқушылар Дарий патшаға қоятын сұрақтар 
құрастырады. Басқалары сақ-парсы қарым-қатына-
сындағы мәселені анықтап, шешу жолдарын ұсына-
ды. Қалған оқушылар Дарийге хат жазады. Хаттың 
құрылымы: тарихи жағдайды сипаттау, мәселені ай-
қындау, сұрақтар қою, мәселенің шешу жолдарын 
ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет