5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет161/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэма-
сынан үзінді оқудан бастаңыз. Бұл үзіндіде кім тура-
лы жазылғанын оқушылардан сұраңыз. Оқушылар 
оқулықтағы
 
сұрақтарды жұппен ойланып көзқараста-
рын дәлелдейді.
 
Қарсы жұппен пікірталас өткізеді.
 
Оқулықтағы мәтінді оқып, ойларын дәлелдейтіндей 
ақпарат жинайды, дәптерге жазады.
 
1-2 минуттай 
тақырыпқа сәйкес өз ойын жазады да, сағат тілімен ке-
лесі оқушыға дәптерін береді, келесі оқушы алдыңғы 
оқушының ойын жалғастырады. Алдыңғы оқушы өз 
дәптері қайтып келгенде барлық пікірді қортынды-
лап өз ойын жазады. Егер дәптерінде қарама-қарсы 
пікірлер жазылса, онда өз ойын соған бейімдей-
ді. «Ескендір» поэмасын рөлге бөліп орындатыңыз.
Оқушыларға рөлге еніп ойнау керектігін ескертіңіз,
рөлде ойнаған оқушылардың рөлді сомдауы туралы 
оқушылардың пікірлерін тыңдатыңыз. Жорықтарды 
уақыт сызығына қою арқылы оқушылар жыл санау- 
дағы ерекшелікті біледі. "Грек-македон әскерлері 
сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады" деген тұжы-
рымы бойынша оқушылар екіжақты дәйек ұсынуы 
тиіс. Бұл тапсырманы оқушылардың қабілеттеріне 
қарай түрлендіріп ұсынуыңызға болады.
Анықтаңдар
Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке ау-
дартыңыз. Оқушылар оқулықтағы сұрақтар бой-
ынша жұпта ойланып, көзқарастарын дәлелдей-
ді. Абай Құнанбаевтың шығармасы мен Александр 
Македонский дің жорығы туралы бұрын алған білім-
дерін қолдана алады.
Өлең жолдарын оқушылар мәнерлеп оқысын. 
Дауыс ырғағы арқылы сезімді жеткізуге тырыссын. 
«Ескендір» поэмасын рөлге бөліп орындатуға бола-
ды. Алдын ала өлең сөздерін рөлдерге бөліп, дай-
ындап әкеліңіз. Поэма мазмұнын қысқаша айтып, 
оқушыларға ең маңызды жерінен үзіндіні рөлде 
ойнауға мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға рөлдері 
бойынша сөздері жазылған қағаздарды таратып, ой-
наушылардың сөйлеу кезектерін түсіндіріңіз. Оқушы-
лардың сөздерімен танысуына 1-2 минуттай уақыт 
беріңіз. Рөлдерді орындап болғаннан кейін, көрер-
мен оқушылардың пікірлерін тыңдатыңыз. 
Жауаптары. 
Александр Македонский жорығы. 
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Александр 
Македонскийдің мақсаты – жер жүзін жаулап алу, 
елдерді тәуелсіздігінен айыру, бағынышты ету. Ақын
Александр Македонскийдің жаулаушылық саясатына


3-тарау. 
Сақтар
99
өзінің ойын білдіріп жазып отыр. Абай атамыздың 
соғысқа қарсылық пен наразылық сезімі анық 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет